Нанотехнологияға кең қызығушылық үш маңызды жағдаймен байланысты:
– Нанотехнология әдістері биотехнология, қоршаған ортаны қорғау, медицина және т.б. салалардың дамуына маңызды жаңа құрылғылар және материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
–Нанотехнология –физика, химия, материалтану, биология, медицина, технология, жер туралы ғылым, компьютерлік технология, экология, әлеуметтану пәндерін біріктіретін пән.
– Нанотехнология мәселесін шешуғылыми-инженерлік бірлестіктің осы бағытқа назар аударуына әсер етіп, технологиялық және іргелі білімді толықтыруға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда «Құпиясыз нанотехнология» оқулығының оқырмандар қауымына, физика, химия және материалтанушы мамандарға берер пайдасы зор. Қазақстанда наноматериалдар мен наноэлектроника бойынша мамандар дайындала бастағаннан бері, нанотехнология бойынша қазақ тіліндегі оқулықтар жоқ болғандықтан, оларға деген қажеттілік өте жоғары.
Оқулық химия және химиялық технология факультетінің «6М074000 – Нанотехнология және наноматериалдар» мамандығы бойынша білім алушы магистранттары мен «6D074000 – Нанотехнология және наноматериалдар» мамандығының PhD докторанттарына, сонымен қатар, осы салада жұмыс істейтін мамандарға, инженерлерге арналған.
Дерек көз:
http://edurk.kz/ru/3928-nanotehnologija_pijalary_aza_tlnde.html