0 дауыс
448 көрілді
Ательеге киім тіктіруге тапсырыс бергенмін. Маған олардың жұмысы ұнамады, мен оларға төлеген ақшамды қайтара аламын ба?

1 жауап

0 дауыс
- ҚР-ның тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамалық актілерінде «ұнау» немесе «ұнамау» туралы түсініктер жоқ, яғни, бұл түсініктер тараптар  арасындағы қатынастарды реттеуге қолданыла алмайды. Өйткені, заңнамалық актілермен тұтынушыға тауарды, жұмысты орындаушыны, қызметті еркін таңдау және еркін шарт жасасу құқығы берілген. Ал, егер орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кезде ҚР-ның «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 35-бабына сәйкес тұтынушы өз таңдауы бойынша:

1) орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді өтеусіз жоюды;

2) орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін сыйақыны тиісті мөлшерде азайтуды;

3) сапасы дәл сондай біртектес материалдан басқа затты өтеусіз жасап беруді немесе жұмысты қайта орындауды (қайта қызмет көрсетуді);

4) тұтынушылардың кемшіліктерді жою құқығы шартта көзделгенде, оларды жоюға арналған өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы.

2. Егер орындаушы орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаса не егер жұмыста (көрсетілетін қызметте) шарт талаптарынан ауытқулар немесе жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) өзге де кемшіліктер айтарлықтай және жойылмайтындай болса, тұтынушы шартты бұзуға және залалды өтеуді талап етуге құқылы.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар - жұмысты (қызметті) қабылдаған кезде немесе оны орындау (көрсету) не ҚР-ның Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер ішінде пайдалану барысында кемшіліктер табылған жағдайда, ал, жұмысты (көрсетілетін қызметті) қабылдаған кезде кемшіліктерді табу мүмкін болмаған жағдайда - кепілді мерзім ішінде, жасырын кемшіліктер табылған жағдайда - бір жыл ішінде, ғимараттармен және құрылыстармен байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ, жұмыс түріне қарамастан - орындаушы қасақана жасырған кемшіліктерге қатысты жұмыстарды қабылдап алу күнінен бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
4 жауап
+1 дауыс
3 жауап
...