Оңтайландыру бағдарламасы дегеніміз – бұл өзіндік құнды бақылау жөніндегі жалпы шаралар аясында әкімшілік және операциялық шығындарды қысқарту жөніндегі кешенді бағдарлама. Әлем бойынша тау-кен саласы дағдарыспен күресуде. Қазақмыс мұндай проблемаларға тап болған жалғыз компания емес. Түсті металлургия көшбасшылары мен қара металлургия өндірушілерінің жағдайы мәз емес. Мыс өндірушілер өзіндік құнның артуынан қысым көріп отыр. Оған өнеркәсіптік инфляцияны қосыңыз. Мыстың негізгі тұтынушылары болып табылатын әлемдік экономикалардың бәсеңдеуі мыс бағасының айтарлықтай жоғарылауына әкелмейтіні белгілі. 2013 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда мыстың бір тоннасы 7409 доллар болды. Бұл 2011 жылғы жалпы өзіндік құн көрсеткіштерімен салыстырғанда 35% артты. Егер бұған Қазақмыс өзіндік құны төмен өндірушілердің қатарында болса, қазір компания бұл көрсеткіш бойынша тізімнің төменгі жағында тұр.
Ең алдымен бизнес-үдерістер оңтайландырылады: мәселен, құрылымды өзгерту барысында компания басқарудың жағрафиялық қағидатынан салалық басқаруға көшті. Өзіндік құнды анағұрлым тиімді бақылау үшін энергетикалық және металлургиялық активтер шығарылды. Дегенмен олар Топтың құрамында қала береді. Ендігі кезекте Жезқазған өңіріндегі кеніштер. Осы кезде басқаруындағы құрылымдардың іріленуіне байланысты орталық басқару органдары айтарлықтай өзгереді, ал әкімшілік-басқару қызметкерлерінің саны айтарлықтай азаяды. Айта кететін маңызды жәйт – бұл өзгерістер өндіріске және өндірістік қызметкерлерге еш әсер етпейді. Яғни өндірістегі қызметкерлер қысқармайды. Қазақмыс қызметкерлерінің дені еңбек жағдайларын өзгертпейді.
Компанияда еңбек біліктілігін анықтау барысында еңбек ресурстарын қайта бөлу жүргізілуде. Бұл шаралар 2666 қызметкерге қатысты болды. Алайда жұмыстан босау мәселесі тек 115 адамға қатысты. Оның өзінде адамдар ұсынылған балама қызметтен бас тартқан.
Сонымен қатар оңтайландыру барысында шағын және орта өсу жобаларына арналған жеткізу мен инвестиция шарттары қайта қаралады. Дегенмен қолданыстағы кәсіпорындарда жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр (мәселен, Қазақмыс металлды алу коэффициентін жоғарылату мақсатында бірқатар байыту фабрикаларын жағыртуды аяқтауда). Ресурстық базаны толтыру және кеңейту үшін геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорындардағы энергоаудит аяқталуға жақын. Оның нәтижесі бойынша энергиялық тиімділікті жоғарылату жөніндегі бағдарлама жасалады. Экономия шығын материалдарын азайту, іссапарларды шектеу, бюджетті қараудағы мұқияттылық есебінен болады.
Сөйтіп, оңтайландыру бағдарламасы өндіріс көлемін лайықты деңгейде сақтап, кәсіпорындардың шығынсыз жұмысын қамтамасыз етуді көздейді.