0 дауыс
1.8k көрілді
1)Қаладағы сүт өнімдері заводы сүт, айран және қаймақ шығарады. Сүттің, айранның және қаймақтың әрбір тоннасы үшін сәйкесінше 1010, 1020 және  9450 кг сүт қажет болады.Сүт өнімдерінің (сүт, айран , қаймақ) әрбір тоннасынан түсетін кіріс пайда  сәйкесінше 30000, 22000 және  136000 тенгені құрайды.  Завод тәулігіне  барлығы  123 тонна сүт,  342 тонна  айран, 256 тонна қаймақ дайындады.Электрондық кестені пайдаланып, әрбір өнім түрінен түскен  тәуліктік кіріс пайданы, жалпы кіріс пайданы, әрбір өнім түрінен түскен кіріс пайданың  жалпы кіріс пайдаға шаққандағы үлесін (процентпен) және сүттің жалпы шығынын есептеңіз.

2)Кітап қоймасына  3 түрлі кітап түсті: сөздіктер, кулинарлық кітаптар және тоқыма өнері туралы кітаптар. Олар қаладағы үш кітап дүкеніне бөлінді: «Астана кітап», «Экономикс» и «Глобус». «Астана кітап» дүкеніне сөздіктер – 10400 экземпляр, кулинарлық кітаптар – 23650 экземпляр, тоқыма өнері туралы кітаптар  – 1500 экземпляр;  «Экономикс» дүкеніне  - 10300 сөздіктер, 22950 кулинарлық кітаптар және  1990 тоқыма өнері туралы кітаптар; ал  «Глобусқа» сәйкесінше  9100, 23320 және  2500 экземпляр жөнелтілді.Бірінші дүкенде сатылған сөздіктер  – 8945 экземплярды, кулинарлық кітаптар  – 19865 экземплярды, тоқыма өнері туралы кітаптар– 873 экземплярды құрады; екінші дүкенде сатылған  сөздіктер– 9300 экземпляр, кулинарлық кітаптар - 21900 экземпляр, тоқыма өнері туралы кітаптар– 1020 экземпляр болды; ал үшінші дүкен сәйкесінше  8530, 18100 және  2010 экземпляр кітап сатты.Электрондық кестені пайдаланып, кітап қоймасына түскен әрбір кітап түрінің жалпы санын, әрбір дүкендегі сатылған әрбір кітап түрінің үлесін , сатылмай  қалған кітаптар санын есептеңіз.

3)Мекеме қызметкерлерінің оклады келеі түрде анықталған: бөлім бастығы – 100000 теңге., инженер 1 кат. – 86000 теңге., инженер – 68700 теңге., техник – 31500 теңге., лаборант – 22400 тенге. Мекеменің екі филиалы бар:оңтүстікте және климаты қатаң солтүстікте . Барлық қызметкерлер жалақысына жұмыс зияндылығына байланысты  окладтың 10% құрайтын үстеме,окладтың 25% көлемінде  айлық премия үстеме қосылады. Әрбір қызметкерден  20% міндетті салық (подоходный налог), 3% кәсіподақ жарнасы (профсоюзный взнос) және 1% зейнетақы қорына ( пенсионный фонд) ұсталады.Оңтүстікте орналасқан филиал қызметкерлеріне 15% , солтүстіктегілер үшін 70% жергілікті коэффициент қосылады.Әрбір филиал қызметкерлерінің жалақысын есептеуді екі кесте түрінде бөлек жасаңыз.

4)Цехта үш түрлі өнім шығарылады: П1, П2 және П3. Әрбір П1, П2 және  П3 өнім бірлігіне кететін шығын сәйкесінше  70, 150және 100 теңгені құрайды.Бір ғана өнім бірлігінен түсетін кіріс, өнім түрлеріне сәйкес  200, 160және  250теңге болды. Жоспар бойынша ай сайын ,  П1 өнім – 200482 дана., П2 – 43292 дана, П3 – 1463012 дана шығарылуы қажет. Қаңтар айында П1 – 135672 дана, П2 – 60712 дана, П3 – 1456732 дана өнім шығарылды.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...