+3 дауыс
704 көрілді
"Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген президенттік сайлауды өткізгеннен кейін теңге 45% құнсыздануы мүмкін деп есептейді"
"Қазақстан егер 30%-ға теңгенің кезекті девальвациясын жүргізбесе, 2015 жылы елдің экономикасы рецессияға жақын, деп хабарланады Bank of America  Merrill Lynch баяндамасында"
Қалай ойлайсыздар девальивация болама болмайдыма? Пікірлерімізбен бөлісе отырайық

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
1993 жылдың қарашасында Қазақстан өзінің тұңғыш ұлттық валютасы – теңгені айналымға енгізген кезде 1 теңге – 1 АҚШ доллары бағамында белгіленген екен. Алғашында қағаз тиындар шықты. Ал Әл Фараби бабамыздың суреті салынған 1 теңгелік кәдімгідей салмақты ақша болып саналатын. Міне, содан бері өткен 21 жылдың ішінде ұлттық валютамыз 180 есе құнсызданыпты. Бұдан бір ғасырда 100 есе құнсызданған АҚШ долларымен салыстырғанда теңгенің құлдырауы айтарлықтай дәрежеде екенін көреміз.Әлі де құлдырауы мүмкін.
+1 дауыс
болады деп жатыр ғой, доллар бағамы 250 тенге көлеміне дейін көтеріледі. жарық 50% қымбаттайды, газ қымбаттайды екен.
Газды қымбаттатпай ақ қой, басқасы мейлі
0 дауыс
"Теңге әлсіз валюта, оған ЕАЭС-ортақ валютасы "Алтын" -алмастыру керек" -деген арам сылтау шықпаса болғаны. Теңге - ұлтымыздың төл валютасы, ол ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ!
0 дауыс
Теңгенің құнсыздану мүмкін емес деп ресми түрде министрлік мәлімдегенімен олай болуы мүмкін емес. Теңге құлдырайды. Ал ЭЕО ортақ ақшасына айналатын болсақ та, өз елімізде КЗТ вальютамыз жүреді. Жоғалмайды.
0 дауыс
Меніңше, девальвацияның қарапайым халық үшін онша көп маңызы жоқ, тек инфляцияға ұшыратпаса болғаны (бірақ екі жұт ағайынды ма деп ойлаймын)
0 дауыс
Бұл деген бай адамдар одан сайын байып, кедейлер одан сайын кедейлене түседі деген сөз. Не болмаса жазбалар тапсырыс арқылы жазылған дүние, төбедегілер төмендегілердің реакциясын, дайындығын көру мақсатында. Осылай жүріп Қырғыздағыдай болып кетпейма деп қорқам.
0 дауыс
Теңге жоғалмағанымен - Алтынның көлеңкесінде қалады.  Сонда біздің экономикамызды көрші елдегі Мәскеу басқарады. Бұл экономикалық пен саяси тәуелсіздікке үлкен нұқсан.
0 дауыс
Сондай секілді.Кейбіреулер сөйтіп айтады.Бірақ жақын арада ортақ валюта пайда болмақшы
...