+1 дауыс
2.1k көрілді
Заңгерлерден көмек керек! АЙЫПКЕР деген не мағына білдіреді? Ол айыпталушы ма әлде айыптаушы ма?

3 жауап

0 дауыс
Сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде - күдікті, ал күдіктінің тергеу барысында кінәсі дәлелденсе, тағылған айыппен келіссе немесе айбынын мойындаса – айыпкер. Яғни, айыпталушы болады. Көбіне күдікті және айыпкер сөздері қатар қолданылады. Ал, айыптаушы мүлде бөлек тарап. Айыптаушы - прокурор, қылмыстық ізге түсу органдары немесе жеке айыптаушы (көбінесе жәбірленуші), азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде кейбір ұғымдарға түсініктеме берілген. Айыпкер яғни, айыпталушы - жауапқа тартылушы деген сөз. Ал айып тағушы мүлде бөлек - қарсы тарап болып саналады.
0 дауыс
Айыпталушы ғой!Ал арыз беруші арызданушы немесе куәгер!
0 дауыс
Айыпкер - қазақтың әдеттік құқығы бойынша қылмыстық іс-әрекеті үшін жауапқа тартылушы. Айыпкер қылмыстық әрекетіне ақсақалдар немесе билер сот алдында, дау жиынында жауап береді. Айыпкер немесе айыпталушы өзіне тағылган айыпты жоққа шығаруға, айыптаушы дәлелдеуге айғақтары болса сотқа алып келеді. Айғактың тура, жанама, естіген, көрген айғақ деген түрлері бойынша билер соты алдында жауап береді (толығырақ қ. Құқық / Әдеттік құқық; Айғақ). Айыпкер ісінің ақ екендігін дәлелдеу үшін ант беру, жан беру тәрізді қалыптасқан нормалармен өзін ақтап алуға талпынады. Оны жақтаушылар үлкен қылмыстық істе, ру, қауым мүддесі мен беделі сынға түсетін жағдайда оның дұрыс, әділетті шешілуіне атсалысады
...