Ұшар алдында көретін «Белое солнце пустыни» фильмі неге байланысты?

0 дауыс
531 қаралым
Ұшар алдында көретін  «Белое солнце пустыни» - "Шөл даланың ақ күні" фильмі неге байланысты? Бұл сенім бе, әлде заң ба? Мұны көрмей ғарышқа аттанып кетіп, қаза болғандар бар ма? Ең алғаш мұны шығарған кім? Қазақстандық ғарышкерлер де көре ме?
Салт-дәстүр туралы

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
«Шөл даланың ақ күні»

«Байқоңырдағы» ғарышкерлердің ұшар алдында міндетті түрде орындайтын тағы бір дәстүрі – кино көру. Кино болғанда да, ресейлік «Шөл даланың ақ күні» филь­мі. Бұл дәстүр 1971 жылы ғарышкерлер Вла­дислав Волков, Георгий Добровольский мен Виктор Пацаевтар қайғылы қазаға ұшы­рағаннан кейінгі көңілсіз кезеңде пайда болыпты. Осы сәтсіздіктен кейін бас­шылық ұшу бағдарламаларына тыйым салады.

Ал КСРО басшылығы араға екі жыл үзі­ліс салып барып тағы да ұшуға рұқсат бере­ді. Сөйтіп, 1973 жылдың 27 қыр­күйе­гінде Лазарев пен Макаров ғарышта екі күн болып, аман-сау Жерге оралады. Олар ұшар­дың алдында осы «Шөл даланың ақ күні» фильмін көреді. Содан бастап бүкіл ғарышкер міндетті түрде ұшар алдында осы фильмді көруді әдетке айналдырған.
127,672 сұрақ
322,183 жауап
153,247 пікір
72,700 қолданушы