0 дауыс
1.1k көрілді
Адамдардың жауыз бола бастауына не себеп?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамдар жауыз бола бастаған жоқ. Бәрі баяғыдай. Біз тек санаулы адамдардың жағымсыз қасиеті, жауыз қылығы жайлы бұрынғыдан әлдеқайда көп ақпарат алатын болдық. Бұрын бір ауылдың жаңалығын тыңдасақ, енді тұтас бір елдің, тіпті күллі әлемнің жағымсыз жаңалықтарын БАҚ үйіп-төгіп көрсетеді. Ештеңе өзгерген жоқ. Мейірімді адамдар әлі де көп. Тұтас адамзаттың жауыз болып кетуі мүмкін емес, тек өмір салтында өзгерістер болуы мүмкін.  Тіпті әр адамның жүрегінде ұшан-теңіз мейірім бар деп ойлаймын. Мен осыған сенем...

Бар екен ғой, бар екен жақсы Адамдар!
Жақсы жоқ деп айтпаңдар, бәтшағарлар!
Ренжісең қайсыбір "патшаларға",
Күл шашпа кір шалмаған ақша қарға.

Ойладым да суық деп ақша қарды,
Суық болып адамдар жат саналды.
Сәл жылыса, қар дейтін ериді екен,
Ағыл-тегіл суарып бақшаларды.

Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем.
Жамандарды іздемен өзі-ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен...

   -Мұқағали Мақатаев-
+3 дауыс
Иманның әлсiздiгi... Оған себеп Алланың барлығын бiлiп қорықпағанымда, менде бiлгенiмдi iстеп жүре беретiн едiм қәзiр...
+1 дауыс
Өйткені ол көре алмайды.
...