Таяуда қазақстандық «Headhunter» зерттеу компаниясы еліміздегі ең жоғары және ең төмен жалақы алатын мамандық иелерінің тізімін жасап шығарды. Біреудің қалтасына үңіліп, тиын-тебенін санау - мақсатымызда жоқ, алайда мектеп түлектеріне мамандық таңдауда сеп болар деген ниетпен көш басындағы және соңындағы «үздіктерді» оқырман назарына ұсынуды жөн санап отырмыз...
Алдымен, оза шапқандар шоғырын әңгімелейік. 5-орын - жарнама, PR және маркетинг қызметшілерінің үлесінде. Орташа жалақысы - 108 857 теңгені құраса, әмбебаптары 700 мыңның өзін азырқанатын боп шықты. 4-орынды ақпараттық технология мамандары иеленген. ІТ-мамандардың қажеттілігі артқаны сонша, соңғы бірнеше жылдың ішінде-ақ табысты мамандық тізіміне ілігіп отыр. Орташа жалақысы - 118 755 теңгені құрайды, ал мықтылары 500 мыңнан астам айлық нәпақа жинайтын көрінеді. Ең қызығы, бір жыл бұрын олардың орташа жалақысы - 150-200 мыңға жуықтаған, демек, бірте-бірте олардың да мәртебесі төмендеп бара жатыр деген сөз. Бұған студенттердің осы салаға көптеп барып жатқаны себеп болса керек. Ал 3-орында - жылда үздіктер тізімінен бір түспейтін заңгерлер тұр. Бұлардың тым көбейіп кеткені аз сынға ілінбесе де, олардың мәртебесі кемімеген. Қайта зерттеу компаниясы олардың орташа жалақысынан өсуді байқапты. Бір жыл бұрынғы 120 800 теңгені құраған орташа жалақы 123 704 теңгеге өскен. Кейінгі орында бизнес-консалтинг тұрақтап тұр. Бұл - енді заңдылық. Елімізде кәсіпкерлікке қолдау көрсетілгелі бұлардың «Құдайы беріп тұр» десе де болғандай. Орташа жалақылары 143 331 теңгені құраса, майталман кәсіпкерлердің кеңесшілері миллион теңгені ай сайын қалтасына басады екен. Мұндай кеңесшілердің саны да көбейіп барады. Бір кәсіпкердің кемінде 2-3 бизнес-кеңесшісі болатынын ескерсек, кәсіпкерлер саны бір көбейсе, бұлар екі көбейетінін болжау тіпті де қиын емес. Сонымен, еліміздегі ең бай мамандық тұғырына өндірісшілер көтеріліп отыр. Әсіресе, мұнай-газ саласының мамандары. Олардың орташа айлығы - 197 926 теңгені құраған. Ең жоғарғы жалақы - 3 281 643 теңге. Алайда мектеп түлектерінің құлақтарына алтын сырға - бұл саланың айлығы қанша жоғары болса, жұмысқа тұру да соншалықты қиын. Бір жұмыс берушіге орта есеппен 6 үміткердің түйіндемесі түседі екен. Үздіктер легі жоғарыдағыдай болса, тапқан нәпақасына налытатын мамандықтар тізімі де бар. Ең қызығы, табысы төмен мамандықтар ең тапшы, таптырмайтын мамандықтар тобына да жатады екен. Мәселен, орташа жалақысы - 73 908 теңгені құрайтын банк саласының қызметкерлері. Аты дардай демесеңіз, банкирлер аз жалақы алатын мамандықтардың бестігіне кіріп тұр. Бірер жыл бұрын ғана 140 мың теңге көлемінде табыс тауып келген қаржыгерлердің қалтасының кенеттен жұқарып қалуы түсініксіз. Сондай-ақ кейінгі орындағы өнер адамдары да (жазушы, суретші, журналистер) қашанғы жабырқаңқы тірлікке ие. Өйткені орташа айлық табыстары бар болғаны 63 163 теңгені құрайды. Қалта жұқа болғанда, қайдан өнер дамымақ? Жә, 2-орында ауыл шаруашылығы саласының мамандары тұр. Еліміздің аграршылары 50 мың теңге айналасында айлық табыс табады. Жастардың ауылға барудан ат-тонын ала қашуының бір себебі осында жатыр. Ал ең кедей, табысы төмен мамандар кім дейсіз ғой? Олар - неше жылдан бері осы тұғырдан таймай келе жатқан ақ халатты дәрігерлеріміз бен мұғалімдеріміз. Орташа жалақысы 40 мың теңгені ғана құрайтын бұлар емдеген науқастары мен оқытқан шәкірттерінің алғыстарына ғана мәз-мейрам. Әйтпесе, 40 мың теңге қырық жамаудың қайсысын бүтіндеуге жетеді дерсіз?... Көш басындағы және көш соңындағы үздіктер легі осындай. Қайда бет бұрасың, түлек?... Рахман АЛШАНОВ, ЖОО қауымдастығы президенті: - Мұндай тенденцияның қалыптасуына мектеп түлектерін мамандық таңдатуда мемлекеттік бақылаудың жоқтығы не әлсіздігі әсер етеді. Мәселен, бірнеше жыл бұрын отандық жоғары оқу орындары жаппай экономистер мен заңгерлерді тәрбиелеп шығарса, енді құрылысшыларды «қайта оқытуға» мәжбүр болып отыр. Неге? Себебі сонша заңгер мен экономистерге кеңседен жұмыс табыла қойған жоқ. Қазір байланысшылар мен ІТ-мамандарды көптеп оқытудамыз. Есепсіз. Ал ертеңгі күн шамадан тыс көп маманға жұмыс табылмай қалса, оларды қайта оқытуға тура келеді. Басқа мамандыққа. Дұрыс тенденция қалыптасып отырған жоқ. Бақылау қажет. Экономиканың вагон құрылысшысы, типограф жұмысы секілді азғана маманды қажет ететін салалары бар. Ал бізде олардың өзі көп. Арнайы зерттемей-ақ, өз айналаңызға - туыс, дос-жаран, таныстарыңызға көз жүгіртсеңіз-ақ, көбінің көк дипломды сандыққа салып қойып, өзге мамандықта жұмыс жасап жатқанына көз жеткізе аласыз. Өйткені кезінде мамандықты дұрыс таңдамаған. Сол үшін де көбі екінші жоғары білім алуға талпынып жатыр. Қызық көрініс: жастар мамандығына қарай жұмыс іздемейді, керісінше, тапқан жұмысына қарай, екінші мамандық алады. Ащы да болса, шындық - осы...Нұрболат Аманжол http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=5637&Itemid=2