Тырналар келмесе неге егін егуге болмайды?

0 дауыс
2.3k қаралым

Тырналар

Соғыста өлген жауынгерлер тырнаға айналып елге қайтатыны рас па? Егінді неге тырнаның келуіне туралап егеді? Тырналар келмесе неге егін егуге болмайды? Тырна ұшпайтын жерлер де бар емес пе? Тырнаның қандай ерекшелігі бар?

Салт-дәстүр туралы
Ежелгі ата-бабаларымыз солай егініміз бітік шығады деп ырымдаған.Ал ата-бабаларымыз ырымды жақсылыққа жорып,жақсы нәрселер болсын деген.Бұл қате емес.Бірақ,ырым дегеннің көбісіне сене беруге болмайды.Егініңнің бітік шығып не шықпайтынын тек Аллаһ тағала біледі.Соғыста өлген жауынгерлер тырнаға айналып қайтып келмейді.Себебі өлген адам өмірге қайта келмейді.Адам топырақтан жаралды,өлгенде топыраққа жерленеді.Жаны о дүниеге барады.

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Ол ешқандай ырым емес, жан-жануарлардың іс-әрекеттеріне қарап ауа-райын ғылыми түрде болжау, тырналардың келуі енді суық болмайтынын, еккен дәнге қолайлы болатынын білдіреді.  (Жалпы жыл құстарының ерте қайтып келіп суыққа ұшырауы тарихта кездеспеген, олар ауа райын дәл болжайды)
+1 дауыс
Бұрындары аталарымыз тырна келгенде егін ексе, егініміз бітік шығады деп ырымдаған екен.
Белгісіз
Ол ешқандай ырым емес, жан-жануарлардың іс-әрекеттеріне қарап ауа-райын ғылыми түрде болжау, тырналардың келуі енді суық болмайтынын, еккен дәнге қолайлы болатынын білдіреді.  (Жалпы жыл құстарының ерте қайтып келіп суыққа ұшырауы тарихта кездеспеген, олар ауа райын дәл болжайды)

Мысалы біздерде саршұнақ шықсын деп отырады, күн қанша жылы болса да саршұнақ шықпаса қайта суып кететінінен болса керек
127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы