Бір қарияның төрт ұлы болыпты. Бір күні әкесі балаларын шақырып алып: -- Мен қартайдым. Кімнің ақылы мен байлығы болса, сол менің мұрагерім болады, - депті.
1. «Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды», - депті үлкен ұлы асыл тасты жүзігін көрсетіп.
2. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп келеді де, әкесіне былай дейді:
«Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді».
3. «Мұндай белдікті,- деді үшінші ұлы күміс пен асыл тастармен әшекейленген белдігін буынып,- ешкім буынып көрген жоқ!»
4. - Сен неге үндемейсің? – деді әкесі төртінші ұлына қарап. – Әлде сенің көрсететін
ештеңең жоқ па?
5. Сонда төртінші ұлы басын төмен салып: «Менде асыл тас та, жүзік те, киім де, белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат пен жігерге толы жүрегім бар», - дейді.
Әкесіне кіші ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын атапты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.