Болады. Заңды түрде сауда жасау мүмкіндігін алып, тауар (жұмыртқа) мен ақша және қосымша шығындарды басынан учетке алып, кіріс-шығысты қатаң қадағалауға алыңыз және әр уақыт периоды сайын балансты есептеп, салдьо, актив, пассивке назар аударып отырасыз. Жұмыс істеп жатқан адамдардың нәтижесіне баса назар аударып, олардың барынша ситуациядан тиімді вариант ойлап тауып алып, сауда жүргізу шеберлігіне баса назар аудару қажет. Сату барысына осындай ой ұсынамын:
Алдымен, сатуға болатын орындардың тізімін жасау керек. Бастапқыда мыналар:
- Жеке жұмыртқа сататын орында сату;
- Түрлі азық-түлік дүкендерге ұсыныспен шығу;
- Базардағы азық-түлік сататын орындарға ұсыныспен шығу;
- Кулинариялық орындарға (ұннан жасайтын, кондитерлік тағамдар жасайтын орындар) ұсыныспен шығу;
- Дәмхана, мейрамханалар. Қоғамдық, мектеп, түрлі оқу орындары мен басқа да жалрылай тамақтандыру орындарына ұсыныспен шығу;
- Интернет жарнамасы, газет-журнал және т.б. жарнама түрлерін іске қосу;
Жоғарыдағы тізімдер сату каналдары. Солар арқылы жеке адамдардан бастап, оптом сатып алатын клиенттерге дейін шығатын клиенттер базасын жасасаңыз болады. Сіздің жұмыртқаңыз көп болса, оның бәрін бір немесе екі-үш жер толық алмас, бірақ көп клиенттер болса, олар сіздегі көп жұмыртқаны алып кетеді.
Кейін клиенттер базасын құрып, сатып алушыларыңыз көбейгенде, клиенттерді сорттай бастайсыз. Ол дегеніміз, экономикалық және уақыт шығыны тұрғысынан тиімділерді қалдырып, тиімділігі аздарға арнайы шара қолдану тәсілдері.
Саудада қарызға беруге тура келеді және кей клиенттер уақытылы төлей алмай қалып жатады. Бұндай моменттерді есепке алу керек және сіздің шағын бизнесіңіздің оборотына мұндай моменттер үлкен үлес қосады, тек уақыт жағынан кешіктірулер болады. Сондықтан қысқа уақытта сату, ұзақ уақытта ақша өндіру, резервке ақша сақтау сияқты жағдайларға тап боласыз. Кей жағдайда қызметке қызмет вариантын да пайдалану қажет, мәселен басқа бір қызмет түріне мұқтаж боласыз, сол кезде есептесуді тауар арқылы жасасаңыз болады. :)
Ісіңізге Алла берекесін берсін!