0 дауыс
997 көрілді
Кейбіреулердің толу үшін сыра ішетінін естідім. Шынында да сыра толуға әсер ете ме? Жасөспірім балаға толу үшін ішкізсе қалай болады?

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жоқ қате сөз сыра ешқандай толығуға әсер етпейді, тек қарын шығарады, сосын жасөспірім балаға мүлдем ішуге болмайды
0 дауыс
Толу үшін ішем деп алқаш болып кеткендер қаншама..
0 дауыс
Иә, сыра ішсе қалағанынша толады. Толғанымен қоймай, тоооолық маскүнем,  асқазанында жара пайда болған тооооолық науқасқа айналады))
0 дауыс
Сыраны тек шөл басуға ішкен дұрыс. Шаршаған уақытта салқын сыраны ішіп ұйықтасаңыз шаршағанды басады. Ал сыра ішсең семіресің деген өтірік сөз.
Білмеймін, менің шөлім қанбайды екен оған ))
0 дауыс
Обалың кімге, асқазан, бүйрек, бауыр, жүрек?..

Сыраның құрамында этил спирті бар. Сондықтан ол көпіршігенде алкоголь құрамы 14 пайызға дейін өседі. Яғни, 200 грамм сыраның 50 грамы ішімдікке айналады екен.

Жалпы, салқын сыра асқазан мен ішек жолдарына зиян. Асқазанның шырышты қабатын зақымдап,  сұйықтықты реттейтін жасушаларды жояды. Сондықтан сыраны көп ішетін адамның асқазаны бұзылып, ас қорытуы қиындайды. Әсіресе, салқын сыра созылмалы гастрит ауруына әкеледі.

Сыраның бауырға да зиян екенін дәрігерлер жиі айтып жүр.  Ал бауыр адам ағзасын тазартатын ең нәзік, әрі өте сезімтал мүше. Жиі сыра ішу осы мүшенің улы заттарға қарсы тұру күшін жойып жібереді. Дәрігерлер бауыр циррозымен ауыратындардың басым бөлігі сыраға аса құмар адамдар екенін анықтаған.

Сондай-ақ сыра бүйрек пен қуыққа да әсер етеді. Аталған сусынды көп ішкен адамның зәр айдау жүйесі шамадан тыс күшейіп кетеді. Бұндай жағдай ағзадағы қажетті минералдардың сыртқа шығып қалуына әкеліп соқтырады. Егер денедегі калий, магний дәрумендері азайса, адамның жүрек соғысының ырғағы бұзылып, тез шаршайды. Жалпы, үздіксіз сыра ішу бауыр мен бүйректі толық істен шығарып, бүйрекке қан құйылу, адамды естен адастыру қаупін туғызады.

Сонымен бірге сыра адамның қан құрамына тез сіңетін болғандықтан, бұл сусынды жиі ішетін адамның қан тамырлары кеңейіп, варикозға тез шалдығады екен. Ал бұндай жағдай жүрек қабының кеңеюіне әкеліп соғады. Өйткені бүйрек пен бауырдың қызметі бұзылғанан кейін жүрекке салмақ түсіп,  адам инфарктіге шалдығуы мүмкін.

Сыраның құрамында фитоэстроген эле­менті бар. Ол әйел гармондары үшін өте қауіпті. Мөлшерден көп ішілген сыра әйелді ашуланшақ етеді, әрі психикасын бұ­зып,  ішімдікке деген тәуелділігін арттырады. Мамандар­ ішкілікке үйір әйелдердің 82 пайызы ауруды сырадан тапқанын дәлелдеген. Ал сыраны көп ішкен ер адамның ағзасында әйелге тән гармондар пайда бола бастайды. Мәселен, бет пішіні өзгеріп, даусы жіңішкеріп, шашы жиі түседі. Бұл­шық еттің күші азайып, кеуде жасушалары босайды.Сыра — есіріткінің бір түрі. Оның дәмін алған адам іше бергісі келеді. Өйткені сыра бойға сіңгеннен кейін қан қысымын көтереді.Енді ойланыңыз сыраны ішу қандай екенін.
0 дауыс
Былай ғой қысқаша айтқанда, әйелдер 50 жастан кейін толып кетеді ғой көпшілігі, сол экстраген гормонының көбеюіне байланысты толады, пивоны көп ішкенде сол гормон көптеп бөлінеді екен, яғни, пиво ішіп семіру как бы гормональное потолстеть етіп кетеді. Пивомен семіргендер дауыстары да әйелдер сияқты, сырты ер адам болғанымен бір түрлі бір ішкі дүниесі әйел сияқты ма басқаша болып кетеді ғой, соның бәрі гормоннан деп ойлаймын. Еще олардың әке болу ықтималдығы бірнеше есе төмендейді. Бір жақтаы пволар қайбір жөнді дисін, Германиядағыдай пиво болса мүмкін пайдалыы да болып қалар. Ішкеннен кейін ертесіне адам сасып жүреді ғой жағымсыз иіс шығып, сонысына бола басқасы басқа пивоға үйір болмаппын.
0 дауыс
толу үшін кешке тамақ ішкеннен кейін бірден ұйықтап қалыңыз осылай бірнеше күн жасасаңыз толып бара жатқаныңызды байқайсыз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...