Эндокринология — гормондардың биосинтез үрдісі мен әсер ету механизмін, эндокринді аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық көрінісін, сонымен қатар басқа да патологияларда кездесетін эндокринді жүйе бұзылыстарын зерттейтін медицинаның саласы. Кең мағынада эндокринология ағзаның гуморальды интегративті жүйесі жөніндегі ғылым болып табылады. Бұл клиникалық және теориялық медицинаның қарқынды дамып жатқан салаларының бірі. Медицина саласындағы әрбір бесінші Нобель сыйлығының эндокринология саласындағы еңбектерге берілгендігі сөзсіз оны дәлелдейді.Эндокринологиядағы қабылданған кейбір қалыптар қазіргі таңда жалпы биологиялық пәндердің іргетасы ретінде, тіпті күнделікті тәжірибеде қолданыс таппағаны белгілі. Алайда, соңғы жарты ғасырда клиникалық эндокринология саласындағы қол жеткізген зор жетістіктер ешкімде де күмән туғызбайды. Бұдан жарты ғасыр бұрын науқастарда эндокринологиялық сырқаттың дамуы үкім ретінде қабылданса, қазір өмір бойғы емді қажет ететін емделмейтін сырқаттардың өзі заманауи емдеу әдістері мен бақылаулар арқасында науқастарға толық құнды өмір сүруге, өзінің интеллектуальды және психологиялық ерекшеліктеріне сай мамандық таңдауға, тіпті өз отбасын құрып, сау балаларының болу мүмкіндігіне ие болып отыр.Қазіргі таңда эндокринология негіздері жөнінде білімі жоқ дәрігер медицинаның қай саласында қызмет атқарса да қиындықтар туындауы сөзсіз. Бұл эндокринопатиялардың эпидемиялық кең таралуына ғана байланысты емес, сонымен қатар эндокринология курсындағы талданатын мәселелер дәстүрлі жеті эндокринді бездердің патологиясы шеңберінен шығып кеткендігінде. Медицинаның барлық саласындағы дәрігерлер гормоналдық терапияны қолданатыны сөзсіз, ал медицинаның кей пәндеріне заманауи тұрғыдан жақынырақ үңілсең эндокринологияның жеке бір саласы екені анық.Оқулықты жазу барысында авторлар И.М. Сеченов атындағы Москва Медициналық Академиясының эндокринология кафедрасындағы білім берудегі көп жылдық тәжірибелерін қолданды, ал оқулықтың бірінші өңделген басылымы педагогикалық үрдістің бес жылғы тәжірибесіне негізделген болатын. Сонымен қатар, біз Ресейдің көптеген жоғарғы оқу орындарынан келіп түскен тілектер мен ескертулерді де ескердік.Оқулықтың екінші басылымының көлемі біршама қысқарды. Бұл оқыту үрдісінинтенсификациялауқажеттігінен туындаса керек, себебі іс жүзінде байқағанымыздай материалдың аса көптігі студенттерге берілген уақыт аралығында талданатын мәселенің негізгі тұстары нәтижелі меңгерілмейді, өйткені олардың ойы жан-жаққа шашырап маңызы аз тұстарға көбірек бөлінеді.Сол себепті, оқулықтың бірінші басылымы қайта өңделіп,оқулық жаңадан жазылыпшықты. Тәжірибелік эндокринологиядағы клиникалық маңызды мәселелерге көбірек көңіл бөлінді. Басқа пәндерден алынған кейбір тараулар түгелдей қысқартылды.Екінші рет басылған оқулық нақты тарамдалып, аргоитмделіп және сызбалар мен кестелер түрінде берілген. Соңғы бес жылда эндокринологияның көптеген салаларына арналған нұсқаулықтар мен монографиялар басылып шықты, Интернет жүйесімен таралатын электрондық басылымдар ұйымдастырылды. Сондықтан, жаңа оқулық базалық курста эндокринология пәнін оқитын студенттер мен ординаторларүшін нақты және пайдалы кітапболатынына сенімдіміз.Жаңа оқулық заман талабына сай динамикалы, қысқа, әрі ақпаратты жазылған. Эндокринді ауруларды диагностикалау, емдеу, алдын алу ұстанымдары дәлелді медицина ұстанымдары мен халықаралық клиникалық тәжірибе қалыптарына негізделген.Түрлі бағыттардағы ғылыми-практикалық әдебиеттермен жасалған тәжірибелер, монографиялар жазуға қарағанда, іс жүзінде оқулық жасаудың күрделі міндет екендігіне көз жеткізді.Эндокринология толассыз өркендеуде, сондықтан көптеген нұсқаулықтар мен оқулықтар жарық көрер алдында ескіріп жатады. Бірінші басылымның жарыққа шыққанынан бергі алты жыл біздің кейбір көзқарастарымызды түбегейлі өзгертті. Дегенмен оқулық үнемі жаңартуды талап етеді, пәннің белгілі бір даму кезеңін көрсетеді. Сол тұрғыдан автор өз әріптестері-эндокринология оқытушыларынан, дәрігерлер мен студенттерден ескертулер мен ұсыныстарды ризашылық сезіммен қабылдайды.И.И. ДедовГ.А. МельниченкоВ.В. Фадеев2007ж наурыз.
1 БӨЛІМЭНДОКРИНДІ АУРУЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУМЕН ЕМДЕУДІҢ ЖАЛПЫҚАҒИДАЛАРЫ1.1. ЭНДОКРИНДІ АУРУЛАРМЕН СЫРҚАТТАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІЭндокринді аурулармен сырқаттанған науқастарды зерттеудің ішкі аурулар тәжірибесіндегі қабылданған зерттеу жоспарларынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Дегенмен, эндокринді бездер қызметінің бұзылуы бірнеше, кейде көптеген мүшелер мен жүйелердің зақымдалуымен ұштасатынын есте ұстаған жөн. Эндокринопатия диагноздарын нақтылаудың басым бөлігі зертханалық және аспаптық әдістермен растауды талап еткенімен, анамнездік мәліметтер мен физикалық зерттеу нәтижелерінің де маңызының үлкен екендігі белгілі.Эндокринопатияанамнездерініңжалпы ерекшеліктерінің ішінде ескеретін жәйт, қантты диабет пен бірқатар басқа да ауруларды есептемегенде, эндокринді патологиялардың көпшілігі жиі салыстырмалы жастық кезеңде дамиды. Көптеген эндокринді бездер қызметінің бұзылуы кезінде дене салмағы, сыртқы келбет, физикалық белсенділік пен жыныс қызметі өзгереді. Мысал, анамнезде әйелдерде жүктілік пен босанудың болуының өзі ол адамда ауыр эндокринді патологияның бар екеніне күмән тудырады. Эндокринді сырқат жөнінде анамнез жинау барысында талқылануға тиіс маңызды сұрақтар төмендегі 1.1 кестеде көрсетілген.Клиникалық тәжірибеде кең тараған көптеген ауруларда нақты диагноз қоюда, отбасылық анамнездің маңызын шектеулі деуге болады (қантты диабеттің 2 типінен басқа). Бұл эндокринопатиялардың басым бөлігі тұқым қуалайтын аурулар емес, тұқым қуалауға бейім патологиялар болуына байланысты болса керек.1.1кесте.Көптеген эндокринді патологияларға тән анамнез мәліметтері
Дене салмағының төмендеуі (жиі айқын)Дене салмағының жоғарылауы (сирек айқын)Сырт келбеті мен психикасының өзгеруіЕтеккір циклінің бұзылуыБедеулікЛибидоның төмендеуіЭректильді дисфункцияГалактореяТер бөлінісінің бұзылуы (тершеңдік, терінің құрғақтығы)Шаш өсудің бұзылуы (гипертрихоз, шаштың көп түсуі)Кардиомиопатия (ырғақтың бұзылуы, жүрек жеткіліксіздігі)Артериялық қан қысымның өзгеруі (гипотензия, гипертензия)Тамақтану тәртібінің бұзылуы (анорексия, булимия)Бұлшықеттегі әлсіздікСүйектердің сынуыӨсудің тежелуіЭндокринді сырқаттың отбасылық анамнезіБалалар эндокринологиясы тәжірибесінде тұқым қуалайтын аурулардың үлестік салмағы айтарлықтай жоғары. Дегенмен, бірқатар тұқым қуалайтын эндокринопатиялар, алғаш рет ересек жаста да басталуы мүмкін (көптеген эндокринді неоплазия синдромы). Көптеген эндокринді ауруларда науқасты алғашқықарап тексеру барысында-ақдиагнозды анықтауға болады (1.2 кесте).1.2кесте.Науқасты бірінші рет қарау барысында диагнозды қоюға болатын аурулар
Кушинг синдромыАкромегалияГрейвсауруы(офтальмопатия болғанда)ТернерсиндромыАддисонауруыКөптеген эндокринопатиялардың айқын клиникалық симптоматикасы науқастың писхикалық ерекшеліктерімен ұштасқан кезде, дәрігердің диагностикалық концепциясы бірден, науқасты алғаш көргеннен бастап қалыптасады да, диагноз қоюда маңызды кейбір шағымдарға науқастың өзінің тоқтамауына байланысты, дәрігер сұрастыруды белсенді түрде жүргізе бастайды. Дегенмен, кейде тіпті тәжірибелі эндокринологтың ауру турал алғашқы тұжырымы гормональды зерттеу нәтижесі бойынша да дәлелденбеуі мүмкін (мысалы, гипотиреоз).Эндокринді ауруларды диагностикалауда жіберілетін қателіктерді 4 топқа бөлуге болады:Айқын клиникалық симптоматиканы елемеу. Бұл қателікжиіКушинг синдромы мен акромегалия кезінде жіберіледі, себебі баяу дамитын клиникалық симптоматика жиі «жасқа байланысты» өзгерістер немесе жеке дара белгілер (артериялық гипертензия, семіздік, анемия), тіпті жеке аурулар ретінде қарастырлады.Зертханалық зерттеу әдістерінің маңыздылығын асыра бағалау.Гормондар деңгейін «кез-келген жағдайға» тексере салу, зертханалық мәліметтерді абсолютті диагностикалық маңызды етіп көрсетеді.
Толық мында:
http://freeref.ru/wievjob.php?id=232561