0 дауыс
18.1k көрілді
Халқымыздың қандай жақсы ырым мен тыйымдары бар?



Қайсысын білесіз?



Өзіңіз қайсы ырымға сенесіз?
Ешқандай ырымға сенбеймін!!!Ешқайсысы шын келген емес!!!Бәрін келісу ғана.Кейбіреулкрі кездейсоқ келіп қалады!!!

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жас келіндерге және дүниеге келген сәбилерге катысты ырым-тыйымдар Ене келін түскен кезде ұл немерелі болу үшін оған ырымдап алғаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді. * * * * * * * * Жүкті әйел болса, біреудің үйне өз дастарқаннынан апарған дәмді «қыз тауып қоям» деп жемейді.. * * * * * * * * Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты кемиді, кемтар туылады, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдалады. * * * * * * * * Үлкен кісілер қонақта болған үйден келініне дәм әкеліп береді. Өйтпесе, дәметкен балалы жас келіншектің төсі ісіп кетеді. * * * * * * * * Ер баланың кіндігін ырымдап, «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырып жібереді, ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді. * * * * * * * * Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа босанған әйелдің үстіне кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана біраз тынығып, жуынып-шайынып, сыртқы киімдерін шешіп, жеңілденгеннен кейін барып кіруге тиіс. Өйткені, жол азабын тартып келген қонақтың түрі сұсты, қабағы қатулы,өңі шаршаңқы болады. «Дүние есігін жаңа ашқан сәби мен бар сүйегі босап, әлсіреп жатқан ана шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген қонаққа ілесіп келіп, жын жабыспасын» деп ырымдаған. * * * * * * * * Тағы ырымдар → Тоғыз ай, тоғыз күн.. Қонаққа қатысты ырым-тыйымдар Үйге кіріп келе жатқан қонақ абайсызда сүрініп кетсе, үй иесі марқайған түрмен төрінен сыйлы орын ұсынады. Мұның түп төркіні «үйге күтпеген жерден байлық келеді, бақ дариды» деген ырымды білдіреді. * * * * * * * * Қонақ болып барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, «қызда қырық шырақты бақыт бар» деп білетін халқымыз, «сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады» деп ырымдайды. «Қызда қырық періште бар» деген наныммен де қызды төрге шығарады. Өйткені, сол періштелер қонақ күтуші үйге қонады. Сондай-ақ «қызда оттай ыстық мейір бар, қыз қонақ боп барған үйінде төрде отырса -бойындағы мейірі сол отбасына сіңеді» деген ырымды кез келген қазақтың біле жүгені жөн. * * * * * * * * «Қызда қырық қырсық та бар» деген халық сөзін естіп пе едіңіз? Ендеше, қыз қонаққа барған үйінде бойындағы қырсық сол үйде қалады-мыс. «Қызда мұздай суық ызғар да бар». Яғни, қыз қонаққа барғанда, сол шаңырақты есік жағынан орын алса, сол үйді ызғар шалады екен. «Қызда қырық сайтан дабар» деген ырыммен қонақ күтуші үй иелері қызды есік жаққа отырғызбайды. Әйтпесе, сайтандар сол үйде қалатын көрінеді. * * * * * * * * Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге түсетін болса, сол үйдің есігіне тура беттеп келіп, аттан түспейді. Үй иесі сыртқа шыққанда, амандық-саулық сұрасқан оң, атының оң жағынан түседі және үйді айналмайды. Өйткені, жау адамдар бөгде үйдің жай-күйіне қарамайды, баса-көктеп кіреді және өлімнің суық хабарын естірткелі келген адам да күй таңдамастан бірден үйге кіреді. Сол себепті, бұл «жолаушының жүрісі жаман ырымға ұқсамасын» деген мағынаны білдіреді. Досжаран, ағайын-туыстар да оң тілеумен үйдің оң жағынан келіп, үйге оң аяқпен кіреді. * * * * * * * * Қыдырып, қонаққа келген жас баланы үйден құр қол қайтармайды. Бұл –«сәбидің меселі қайтпасын, көңілі қалмасын, жүрегі суымасын, келер бақытының беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын» деген ырымнан туған ежелгі салт. Егер сәби үй иелерінен суық рай көріп, кейіген кейіппен қайтса, «бұл шаңырақтан – бақ, төрден – бақыт, дәннен – ырыс кетеді» деп ырымдалады. * * * * * * * * Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Малды, қолға түскен тұтқындарды ғана саусақты шошайтып санайды. * * * * * * * * Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мерекелерде сыйлы қонаққа көк қасқа тай, ақ сары бас қой, аттан түйе, дөнен өгіз сойылады. «Сонда барлық тілек қабыл болып, зор бақыт қонады» деп ырымдайды. * * * * * * * * Қонақ қонған түні мал төлдесе, қонаққа киіт кигізіп, «ақжолтай қонақ» деп, құрметпен шығарып салады. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген сөз осындайдан шықса керек. * * * * * * * * Дастархан қос қабатталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын төрге қаратып, оң бетін келтіріп жаяды. Бұл «дастархан оң болмай, ісіңде жол болмайды» дегенді білдіреді. * * * * * * * * Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда, есікті қонақ өзі ашып шығады. «Қонақ үйге келгенде-құт бірге кіреді, қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен бірге ілесіп кетеді» деп ырымдалады. * * * * * * * * Қазақ қыздары үйдегі қонақтың қарсы алдына келіп, талтайып отырмайды. «Мұндай қылық қызды ұятсыз іске ұрындырады, бақытсыздыққа душар етеді» деп ырымдайды. * * * * * * * * Қонақтың пышағы немесе бәкісі дастарханмен бірге жиналып кетсе, қайтарып берілмейді. Қонақ ет тураған соң, пышағын өзі сүртіп, қынына салып алуы керек. Егер дастарханмен бірге жиналып кетсе, пышағын сұрамайды. Сұраса, «қырық пышақ боп өштеседі» деп жориды. * * * * * * * * Қонаққа беретін тамақ «қонағасы» деп аталады. Қазақ үйіне келген қонақтың қайсысын болса да тойғызбай аттандырмайды. * * * * * * * * Сый табақпен екі кәрі жілік бірге тартылса, қонақ қуанады. «Оң жол болады, байлық келеді, бақ дариды» деп ырымдайды. Қонақ жіліктерді еттен тазалап, мүжіп, өзі алып кетеді де, үйінің босағасына іліп қояды. * * * * * * * * Қазақта кетік, сынық ыдыспен қонаққа ас бермейді. «Ыдыстың кетігінен шайтан қосарлана ас ішеді, қонақ қорланады, қонақтың жебеуші иесі шамданып, кәрін төгеді» деп ырымдайды. * * * * * * * * Қонақты сыйламас бұрын үй қожасының өзі астан ауыз тиюі керек. Бұл ырым арқылы астың адалдығы, үй иесінің қонақжайлығы танылады. * * * * * * * * Халқымыз үйге келген кісіге астан дәм татырмай жібермейді. Ертеде қазақтар бар болса, ол болмаса, айран, ірімшік, құрт сияқты тағамдар ұсынатын болған. Асты қадірлейтін қазақ «дәм-тұзымды тат, расынды айт» дейді. Қастандық қылған біреу жайлы «дәм-тұзыма тапсырдым» дейді. «Татқан дәмге қас қылған жігіт оңбас» деп өлеңдетеді. * * * * * * * * Тағы ырымдар → Қонақ келсе – құт.. Әр-түрлі ырымдар мен тыйымдар Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа: «Несібе төгіледі, ырыс далаға қашады. Отқа төгіліп, дән куйеді. Қазан шайқалса, ырыс шамданады» деп ырымдайды. * * * * * * * * Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай тасыса - үйдегі қыз ащы азап арқалайды деп ырымдалады. «Тұз астың иманы, қыз - үйдің көркі». Дәм-тұз ауыспақ қыздан. Тұз шамданса - қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады. * * * * * * * * Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды. Ал даладан жылан көрсе - қуып журіп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қара бас, шубар төс дұшпан деп қаралайды. * * * * * * * * Қорада тұрған ат иесін көргенде құйрығын көтеріп, борт- борт жел шығарса - сапар нышаны деп ұйғарылады. Ал аузын ашып есінесе - жақсылық нышаны. Жолға жургелі тұрған ат құмалақ тастаса - жолдың оңга бастағаны, олжалы болмақ. Қуаныш сыйлайды деп ырымдалады. Сүрінген атты ұрмайды. Қайта көзін оң қолмен сүртіп тазалайды. Онысы - сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін дегені. Жолаушы келе жатып, атының сауырынан ұрмайды немесе қамшы салмайды. Себебі, жапанда жалғыз өзі келе жатқан жолаушыны қолдап, жебеген Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жориды. * * * * * * * * Әдетте бұта, бүрген, ши түбіне саритын ит үй іргесіне сарыса «кұт кұйды» деп ырымдайды. Қазақ ырымында ит опадар саналады. Жеті қазынаның біріне косылады. * * * * * * * * Ит аспанға қарап ұлыса - сол шаңырак иесінің өіміне көрінеді, деп жаман ырымға жорылады. «Пәле өз басыңмен кетсін» деп итті карғайды. Қуып жүріп ұрып өлтіреді. Қара жерді терең казып көміп тастайды. Үстіне жеті адам кара тасты бастырады да, түкіріп безінеді. Онысы - иттің нәлесі өзімен бірге кетсін дегені. * * * * * * * * Ит адамға опадар саналады. Малды күзетіп, ит-құстан корғайды. Жаугершілік кезінде сактыкка себін тигізеді, жаудың келіп калғанын сездіреді. Осыған орай аңыз да бар. Мысық: «Күлден баска бермеді, тозақ отына күйдір» деп, иесіне опасыздык етеді екен. Аи ит кұйрығымен отқа су сеуіп, адамды тозақ азабынан құтқаруға ұмтылады деген сөз бар. * * * * * * * * Күн күркіреп, нөсер жауын, найзағай жаркылдаса - үйдің іргесі отпен аласталады. Адамдар «бисмилла, бисмилла!» деп, тәуба қып, иман келтіреді. Қазак ұғымында найзағай - алланың жын-шайтанға атқан оғы. Үй іргесін отпен аластаудың мәні - құдай тағала даладағы жын- шайтанды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесіне тығылмасын дегені. Сондықтан оларды отпен қоркытып қуу керек. Іргені отпен аластамаса үйге жасын түсүі ықтимал. Адамдардың сәл пәледен шошып, зәре-құттары қалмайды. * * * * * * * * Жайшылықта мініс атының жал-құйрығы күзелмейді. Себебі ат иесі өлсе- оның мініс аты тұлданып, жал-құйрығы күзеледі, қаралы күйге келтіріледі. Сондықтан жайшылықтағы мініс ат сондай күйде көрінбесін дегені. * * * * * * * * Аулдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды. Өйткені ит иесіне опадар. Мүмкін жолы болар деп, жақсылыққа жориды. * * * * * * * * Қазақ қыз баланы қорламайды. «Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы күрен тартса – ел жұртқа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады. Қызды жылатқаның қырсығы қырық есекке жүк болады» - деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды. * * * * * * * * Адамның алақаны қышыса – ақша ұстайды, табаны қышыса – жол жүреді. * * * * * * * * Адам түшкірсе «жәрікімалла» дейді. * * * * * * * * Мойын құяңның салдарынан қарысып қалғанда, кербез кісінің сыртынан сәлем жасаса, жазылады. * * * * * * * * Қолынан іс келмейтін адам бір шаруа жасаса, жерден шөп алып сындырады. * * * * * * * * Тамақ ішіп отырған адамның ыдысына шыбын, көбелек т.б. жәндік түсіп кетсе, оның несібесі көп болады. * * * * * * * * Жаяу аттылы немесе көлікпен келе жатқан адам жығылатын болса, тұрғаннан кейін оны сол жерде «ұшық-ұшық» деп ұшықтайды. * * * * * * * * Адам құлағы шуылдағанда жанындағы кісі қай құлағы екенін дәл тапса, оны біреудің мақтағаны, ал таба алмаса, жамандағаны болып шығады. * * * * * * * * Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады. * * * * * * * * Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл – қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым. * * * * * * * * Тізені құшақтамайды. Бұл –«Ұрпақсыз қалдым», «қу тіземнен басқа құшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді. * * * * * * * * Жуған қолды сілкісе, ырыс несібе кетеді. * * * * * * * * Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болып саналады. * * * * * * * * Саусақты, қолды, орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл да әдепсіздік белгісі. * * * * * * * * Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана төбесіне қолын қойып отырады. * * * * * * * * Мықыныңды таянба. Бұл қайғы-қасірет шақырады деген жаман ырымды білдіреді.
0 дауыс
Қыз өкпелегіш болса – ырысы кем болады.
Жеңілтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.
Қыз баланың бір тал түскен шашын кез келген жерге тастамайды, құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығады.
Қалы үлкейіп кетпесін деп, қалымен туған балаға «Қалдыгүл, Қалдыбай» деп ат қояды.
Әйел итке тас лақтырса – үйдің ырысы кетеді, әйелдің бағы қайтады.
Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.
Келін бала көтермесе, нағашы жұртының бір баласын қойнына алып жатады.
Жүкті әйел шашын кессе - іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі.
Ана баланы дәретсіз емізбейді.
Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.
Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса – нәрестесі кем туады немесе түсік тастайды.
Әйел босанар кезде үйдегі сандықты босатып қояды, сонда әйел тез босанады.
Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы ұйып қалса, ол екіқабат екен деп ырымдайды.
Түсік тастамасын деп, жас әйелдің көйлегінің етегін бүріп қояды.
Екіқабат әйелдің күні жақындаған кезде «жер ана, күш-қуат бере гөр» деп жалаң аяқ жүргізеді.
Жас босанған немесе аяғы ауыр әйел түнде суға бармайды.
Екіқабат әйелге пышақ, ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса – мерзімінен бұрын босанады.
Бала кіндігіне оралып қалады деп, екіқабат әйелге ине-жіп ұстатпайды.
Бала ортан жіліктің майын жесе – ата-анаға мейірімсіз болады.
Екіқабат әйел қоян етін жесе немесе қоян етіне жерік болса – баласы қоянжырық болады.
Екіқабат әйел ұл туғысы келсе – еркектің қару-жарағын, қыз туғысы келсе – жүзік, сырға, моншақ, қызыл түсті мата жастанып жатады.
Толғағы қатты болады деп екіқабат келіншекке толарсақ жегізбейді.
Қонақ қызды үй иесі төрге шығарса, сол үйге құт келеді деп ырымдаған.
Қыз бала дауысын қатты шығарып күлмейді.
Қыз бала түнде шашын жаймайды.
Баланың аңшылықтағы алғашқы олжасын несібесі кетеді, аңшылықта жолы болмайды деп ешкімге байлатпайды.
Егер әйел қыз туа берсе, баланың жолдасын босанған әйелдің басынан үш рет айналдырса ұл туады деп ырымдайды.
Жас келіншек аяғы ауыр кезінде түйе етін жемейді. Себебі, баласын түйе сияқты көп уақыт көтеріп, мезгілінде тумайды деген ырым бар.
Әйел екіқабат кезінде жерігі қанбаса, одан туған баланың аузынан су ағып жүреді.
Әйел босанар кезде үйдегі сандықты босатып қояды, сонда әйел тез босанады деп ырымдаған.
Сәби анасының төсін ұстап отырып емсе – сараң болады, еркім емсе – жомарт болады дейді.
Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса – елгі белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса – уайымшыл, жігерсіз болып шығады, етпетінен жатып ұйықтаса – ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса – болашақта батыр болады, бұл – кемеңгерліктің белгісі.
Шөбересінің алақанынан су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы қояды немесе үкінің тұяғын, кірпінің терісін, жыланның бас сүйегін тағады. Мұндайда шайтан, жылан, жәндік, тышқан келмейді деп жорыған.
Балаға асық етін мүжітпейді. «Алты жыл аш болсаң да асық етін мүжіме» деген сөз бар.
Тілдің ұшын жесе – сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған.
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады.

Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады.
Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады.
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды.
Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді.
Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді.
Шалбарды отырып, оң аяқтан киеді, сол аяқтан шешеді.
Киім сатып алғанға: «Киімің күйрек, жаның берік болсын!» деген тілек айтады.
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.
Қазақ аяқкиімнің табанына қарамайды. Оның баспайтын жері жоқ. Сондықтан да былғаныштан көз ұшынады.
Жорықта, алыс сапарда басқа жастанатын еш нәрсе болмаса, етігін жастанған.
Халық нанымында: «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға бастайды», Ұлтарақты етікке салмай тұрып, алдыңғы, жол бағытына қараған басын тіліп, «жолын ашу» ырымын жасайды.
Екіқабат әйел «ұл табамын» десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын ырымдан басына жастанып жатады. Қыз тапқысы келсе – қызыл ала шыт, әйелдің көйлегін, жүзік, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді жастанған.
Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Соғыс кезінде ғана солай жасауға болады.
Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп, қыздың көйлегінің шетін жыртып «жол ашу» ырымын жасайды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды.
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады.
Ер адам әйелдің киімін кимейді, жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектігінен айрылады.
Емшектегі баласы бар әйел жалаңбас бала емізбейді. Жалаңбас отырса, шайтан қайызғағын сәбидің аузына салып жібереді.
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды.
Бөтен адамға баскиімін бермейді. Олай жасаса, адам басы кемиді. Баскиімін сыйлауға да болмайды.
...