Vicenza Numismatica ірі нумизматикалық көрмесінің қазылар алқасы ең әдемі ақша аталымына израильдік «шнекельді» лайық деп тапты, ол Лондондағы Олимпиада кезінде Израиль делегациясының құрметіне арнайы соғылған болатын.
«Шнекель» - ақшаның атауы, ол – «шней» және «шекель» деген екі сөздің қысқарған атауы, «екі шекель» деген мағына береді. Ескерткіш монетаны сарапшылар жоғары бағалады, олар оның ішкі және сыртқы бетінің үйлесімділігін және Давид жұлдызы формасындағы лентасы бар гимнасшы қыздың кескіні бейнеленген көркем шешімге ерекше ықылас танытты. Конкурс аясында «шнекель» ақтық сынға өткен басқа да 94 монетаны артқа тастады. Бұдан бөлек, израильдік монета «ең көркем монета» категориясында да үздік деп танылды.
Айта кетейік, дизайн авторлары – иерусалимдік суретшілер Давид Харэль мен гравер Тидхар Даган. Монета Нидерландыдағы Монета сарайында басылып шықты.