0 дауыс
706 көрілді

Ғаламтор ақтарып отырып Facebook-тың Whatsapp-ты сатып алғаны жайында оқып қалдым. Не айтарымды білмедім! Рас па әлде қаңқу сөзбе. Рас болса қаншалықты?

Және Whatsapp-тағы өзгерістерді байқап жатырсыздар ма?

Көп болды ғой. Ұйқыңнан енді ояндың ба ))

6 жауап

0 дауыс

Whatsappтан қоңырау шалуға  болатынын кеше байқадым)))))

 

Оны қалай істедіңіз
Белгісіз
үстінде телефонның суреті тұр , сол жерді бассаңыз қоңырау шала аласыз....
Кешеден бері ватсаптың дизайны өзгерді.
Ия, 3 бөлікке бөлініп тұратын болыпты ғой....
Орыстармен сөйлесесіңбе? Қазаққа ти...
Ия, Уатсапта өзгерістер көптеп болып жатыр.
Белгісіз
+1 дауыс
Цукерберг WhatsApp-ты сатып алды

Facebook әлеуметтік желісі кеше, 19 ақпан күні WhatsApp мессенджерін 16 миллиард долларға сатып алды, деп хабарлайды AFP (Agence France-Presse). Осылайша бұл келісім Facebook тарихындағы ең қымбаты болып тіркелді.

Ол бойынша WhatsApp басшылығы жақын арада әлемдегі ең ірі әлеуметтік желіден жалпы құны 12 миллиард доллар болатын оның акциясынан бөлек, 4 миллиард долларды ақшалай алатын болады. Сондай-ақ WhatsApp басшылығы мен оның қызметкерлері төрт жылдың ішінде Facebook-тің жалпы сомасы 3 миллиард долларға бағаланған акциясына иелік етпек.

2012 жылдың аяғына қарай Facebook әлеуметтік желісі мамандар смс-хабарламалардың дәуіріне нүкте қояды деп болжаған WhatsApp мессенджеріне қызығушылық таныта бастаған болатын. Алайда сол кезде бұл ақпарат расталмаған еді.

Ал 2013 жылдың сәуір айында кейбір БАҚ Google корпорациясының WhatsApp мессенджерін миллиард долларға сатып алу жөнінде келісім жүргізіп жатқаны хабарланған еді. Бірақ кейін WhatsApp ол ақпараттардың барлығын жоққа шығарды.

WhatsApp – әлемдегі ең ірі әрі танымал мобильді мессенджер саналады. Оның көмегімен мобильді телефон қолданушылары бір-бірімен хабарлама, сурет, бейнероликтер және дыбыс файлдарымен жылдам алмаса алады. Қазіргі кезде әлем бойынша оны 450 миллиондай адам қолданады екен.

Facebook-тің де 2011 жылдың тамызында іске қосқан жеке мессенджерінің бар екендігі белгілі. Одан бөлек, 2013 жылы Цукерберг Snapchat қызметін 3 миллиард долларға сатып алғысы келген еді. Алайда кейін екі жақ ортақ келісімге келе алмай, нәтижесінде Facebook компаниясы WhatsApp-ты сатып алуға бел шеше кіріскен болатын.
0 дауыс

Рас екен. Оны Фейзбуктың басшысы сатып алған. Вконтактенің жетекшісінің осы жайлы пікірі қызық екен.

«В Контакте» әлеуметтік желісінің жетекшісі Павел Дуров:

Қымбат емес пе?

Ақылға сиымды баға...

Марк Цукербергке Уаттс Апптың қандай қажеті бар,Фейсбуктың жеке Facebook Messengerі бар емес пе?

Фейсбукке қазір мобильді қосымша керек, ал, өзі оны жасай алмай отыр.

WhatsApp қателік жасады деп ойламайсыз ба?!

WhatsAppтың технологиялық платформасы әбден ескірді, ешқандай даму мүмкіндігі қалмады. Сату ең қолайлы шешім еді, олар осыны жасады

0 дауыс
йә сатып алғаны жайлы ақпарат бұрындары шыққан.
0 дауыс
100 пайыз Рас Фейсбук бұл желіні сатып алды.Оған қоңырау шалу мүмкіндігін орнатты мақсатты уатсапты сатып алған кездегі ақшаны қайтару
0 дауыс
Цукербегтің Уатсапты сатып алғанынада біраз уақыт болып қалыпты. Ал сіздің бүгін біліп жатқаныңыз қызық екен.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 28.07.2015 Facebook сұрақ қойды
...