Белсенді туберкулезбен ауыратын 1 ауру 1 жыл ішінде ауруды 10-15 адамға жұқтырады
Ауру негізінен желдетілмейтін тар бөлмелерде тез жұғады. Сондықтан да аурудың алдын алудың басты әдістерінің бірі бөлмені жиі желдетіп тұру болып табылады. Туберкулездің жұқуы ауа тамшылары арқылы жұғатындықтан, процесс ең алдымен өкпеден (90%) басталып, түрлі мүшелерді зақымдайды. Өкпеден тыс көбіне сүйектерге, зәр шығару жүйесіне, перифериялық лимфа бездеріне жұғады. Ауруды қоздырғыш ауамен берілетіндіктен және де көзге көрінбейдтіндіктен, туберкулез ауруы тез жұғады. Алайда туберкулездің белгілерін ерте анықтап, уақытында дәрігерге көрінуге болады. Көп жағдайда ауру біртіндеп басталып, клиникалық көріністері процестің қарқындылығына байланысты өсіп отырады. Ауруды ерте анықтау үшін, туберкулезге ұқсас белгілер пайда бола бастағанда дер кезінде дәрігерге қаралу керек. Әр адам туберкулездің белгілерін білу керек!
Туберкулездің негізгі белгілері: 2 аптадан артық жөтелу қан түкіру жалпы әлсіздік тәбет пен салмақтың төмендеуі ара-тұра дене температурасының төмендеуі тершеңдік кеуде жасушаларындағы аурушыңдық демнің жетіспеуі Аурудың алдын-алуында оны дер кезінде анықтау үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңдағы туберкулезді анықтаудың тиімді әдістері: 1. Бактериоскопиялық әдіс 2. Флюорография 3. Балаларға жасалатын Манту сынамасы Жыл сайын студенттерге жүргізілетін флюорографиялық зерттеу тубекулезді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Аурудың белгілері көрініс тапқан кездің өзінде ауру адам дәрігерге көрінбейді. Сондықтан да, флюорографиядан өтуден қашпау керек. Жөтелге шағымданған кезде микроскоп арқылы ауру адамның қақырығын зерттейді. Қоршаған ортаға қауіпті жұқпалы ауруларды анықтауға мүмкіндік беру – бұл әдістің артықшылығы болып табылады. Манту сынамасын аурудың жұққандығын және ауруды анықтау үшін «қауіп-қатер» тобындағы балаларға салады. Туберкулездің спецификалық алдын-алу БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде аурудың дамуы мен туберкулездің асқынуы мен таралуын тежейді. Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықтласма, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін. 1998 жылдан бастап туберкулезге қарсы күрес Президенттің қаулысымен біздің республикада жалпымемлекеттік мәні бар міндетке айналды. Туберкулез ауруын емдеу – тегін, кешенді, стационарларда 2-4 ай көлемінде жүргізіліп, кейін стационарларда немесе қатаң бақыланатын емханаларда емделеді. Емдеу үшін ең маңыздысы – туберкулезге қарсы препараттарды жүйелі қабылдау, толққанды тамақтану4 беттің 4 беті тәртібін сақтау керек. Туберкулезбен ауырған адам міндетті түрде туберкулезге қарсы мекемелерде емделу тиіс. Өзін-өзі емдеу немесе емшілерге барып емделу ауруды табудың жолын кешіктіреді. Оның әсерінен емдеу ұзаққа созылады, жақындарына жұғады, тіпті, ауадың қайғылы аяқталуына әке соғуы мүмкін. Туберкулез микробактерияларын жоюдың ең маңызды жолы – үздіксіз емдеу жолы. Қадағаланбаған, дәріні ретсіз қабылдау, туберкулез микробактериялары туберкулезге қарсы препараттарға бейімделіп, емделуі өте қиын әрі көп уақытты қажет ететін, қоғам денсаулығына қауіпті болып табылатын мультирезистентті туберкулез дами түседі. Осылайша, туберкулез – әлемде ең көп таралған жұқпалы аурудың бірі. Туберкулезбен жұқтыру қаупі өте жоғары. Сау адамдар туберкулез олардың проблемасы емес деп санамау керек. Себебі, туберкулез – біздің қоғамның проблемасы. Сондықтан, әр адам күнделікті өмірде туберкулездің алдын алу мәселелерін білсе туберкулездің өсуі мен таралуын тоқтату мүмкін болады. Өзіңді қауіптен сақтау үшін ретті түрде флюорографиялық тексерулерден өту қажет. Бұл тексеру ауруды дер кезінде анықтауға және де емді уақтылы бастауға мүмкіндік береді. Аурудың белгілері анықталғаннан соң дәрігерге қаралып, салауатты өмір салтын ұстану қажет.
Теміреткі - (грекше lіchen – жұқпалы) – этиологиясы әр түрлі көптеген тері ауруларының жалпы атауы. Теміреткінің негізгі белгісі – денеде ұсақ түйіндер пайда болып, адам қатты қышынады. Теміреткімен барлық жастағы адамдар ауырады, әсіресе 40 – 60 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі. Дерттің дамуына әр түрлі инфекцияның түсуі, организмде жүйке және иммунды жүйелердің бұзылуы, улану және аллергия жағдайлар әсер етеді. Теміреткі алғашқыда дененің кез келген жеріне қызарып, бөртпе болып шығады. Оның беті жылтыр, түйіннің (папуланың) ортасы ойыс, қызғылт күңгірт немесе алқызыл түсті, диаметр 2 – 3 см болады. Түйіннің жылтыр бетіне жарық түсірсе, оның реңі балауыз тәрізді екені анық көрінеді. Бірте-бірте түйіндер бір-бірімен қосылып, бетін ұсақ қабыршақтар жапқан, кішкентай қатпарлы табақшалар құрайды. Осы қатпарлы табақшалардың бетін өсімдік майымен сүрткенде терінің мүйізді қабатында ұсақ, ақшыл түсті нүктелерді және шырматылып жатқан өрмек торын көруге болады (Уикхем симптомы). Дерт жазылып кеткеннен кейін де ауру ошағының орнында тұрақты гиперпигментация (пигменттің шамадан тыс бөлінуі) сақталып қалады. Ауру күшейгенде қышымаға айналып, науқас адам, әсіресе, түнде қатты қышынып, ұйықтай алмай мазасызданады. Теміреткі адамның қолтығы мен шабына, ауыздың кілегей қабатына, білегіне, білезік буындарына, санның ішкі жағына, балтырға жиі шығады. Жазылып кеткен теміреткі адам ашуланса, ренжісе, та жағдайларда қайта шығуы мүмкін. Емі: ең алдымен асқазан-ішек жолын, жүйке-психикалық жағдайын тексерістен өткізеді; диета сақтап, витаминге бай тағамды жеу керек; транквилизаторлар, антидеприссанттар, антигистаминдер, вирусқа қарсы препараттар, иммунды модуляторлар қолданылады, тері қабынуын қайтаратын стероидты майларды (синофлан, лоринден, фторокорт, флюцинар) жағу қажет.