Диплом сатып алудың зиянды тұстары көп.
- Адамның қолында диплом болып, дипломға сай білімі болмау ықтималдығы бар;
- Диплом тиесілі оқу орнына сұраныс жібергенде, ол жалғандығы туралы жауап келеді;
- Диплом жай алына салмайды, оны бірнеше жыл стандартқа сай тәртіппен оқиды, адамның аты-жөні түрлі журналдарға тіркеліп келеді. Оны қолдан жасау мүмкін емес, өздеріңіз білесіздер, тізім алфавит бойынша жазылып, арасында орын қалмайды және ол бір пастамен толтырылады.
Қысқасы, дипломды қысқа жолмен алудың түбі жақсылыққа әкелмеуі мүмкін. Сонымен қатар, ол мемлекеттік құжат түріне жатады, оған арнайы қылмыстық бап және бар.