Қасымның Абдоллаға арнаған дастаны деген шығарманың шын есімі қандай?

0 дауыс
1.3k қаралым
Қасымның Абдоллаға арнаған дастаны деген шығарманың шын есімі қандай?
• Санаты: Кітап, Әдебиет | 1.3k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

"Ақын Өлімі туралы аңыз" поэмасы. Қ.Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының поэма жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәңді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,939 қолданушы