+1 дауыс
568 көрілді
Балаларға арналған сөздерді ұйқастыратын ойын бар ғой. Мысалы: зу зу-аспанға шықты бу деген сияқты.Маған сол ойынның сөздерін жіберіңіздерші?

1 жауап

0 дауыс
Мынаны көріңізші. «Ұшты-ұшты». Ойын ережесі : Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса онда да жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек.Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекілік ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты, қанжыға ұшты деп жалғаса береді

Ұшты-ұшты – тарғақ ұшты
Ұшты-ұшты – жарғақ ұшты
Ұшты-ұшты – үкі ұшты
Ұшты-ұшты – түлкі ұшты
2- топқа.Ұшты-ұшты –бүйрек ұшты
Ұшты-ұшты –үйрек ұшты
Ұшты-ұшты – кекілік ұшты
Ұшты-ұшты – кекілің ұшты
3-топқа. Ұшты-ұшты – іркіт ұшты
Ұшты-ұшты – бүркіт ұшты
Ұшты-ұшты – ебелек ұшты
Ұшты-ұшты – көбелек ұшты
4-топқа. Ұшты-ұшты – қызғыш ұшты
Ұшты-ұшты – сызғыш ұшты
Ұшты-ұшты – тырна ұшты
Ұшты-ұшты – тырма ұшты
...