Жасанды кірпікте өзінің желімі болады.Бөлек желімдер сатылады арнайы сол кірпікке.Кейін сулай берсе алынып қалады.Қорқудың қажеті жоқ.Бетке макияж жасаған соң жасанды кірпіктің бетіне желім жағып, отыз секундтан кейін кірпік түбіне жапсырасыз. Желім кепкеннен кейін ғана қолыңызды кірпіктен босатыңыз. Кірпіктің жанына жағылып қалған желімді абайлап сүртіп тастаңыз. Сондай-ақ жасанды кірпіктің сапасына мән беріңіз. Кейбір жасанды кірпіктер көзді қызартып, аллергия тудыруы мүмкін.