0 дауыс
9.8k көрілді
Және оған Қазақстанда қыз баланы сайлауға бола ма?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді (40-бап).
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.
"Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады",- бұның ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТКЕ еш.қатысы жоқ
Тұңғыш президент ғана бірнеше рет сайлана алады.
+1 дауыс
Лидерлік, басқарушылық қабілетің болу керек. Өз ойыңды толық айта алып, дәлелдей білетін. Басқаларды тыңдай біліп, өзіңді де тыңдата білуің керек. Білімділікпен қоса еңбекқор болса, айтулы үлгі тұтар тұлға болса. Міне...
бола алатын шығар
+1 дауыс
Әйел адам басқарған көш артқа тартады деген сөз бар қазақта. Еркек адам болғаны дұрыс, әйел адам сайлауға түсе алады бірақ сайланып қалуы екіталай.
...