Алдағы жаз маусымында Қазақстанда Mobile number portability жүйесі енгізіледі. Бұл дегеніңіз, сіз өз мобильді нөміріңізбен бір ұялы байланыс операторына байланып қалмайсыз. Өз атыңызға тіркелген мобильді нөміріңізді сақтап, басқа ұялы байланыс операторына еш кедергісіз өтіп кетесіз. Нөміріңіз өзіңізде қалады. Тек, байланыс операторы ауысады.
Сондықтан да осы MNP жүйесі енгізілгенге дейін, нөмірі ұнайтын, бірақ сол нөмір тиесілі ұялы байланыс операторының тариф шарттары жақпайтын мобильді нөмірлер болса, әзірден өз атыңызға тіркетіп алыңыз. Аталған жүйе енгізілген сәтте, өзіңізге қолайлы ұялы байланыс операторына ауысасыз.
Kcellдің бір нөміріне ой кетіп жүр еді. Бірақ, Kcellдің тариф шарттары қолайсыз. Сол нөмірді әзірден жасатып, MNP енгізілгенде Activке ресімдеп алсам, деп жүрмін.
Ал, сіз ше? Қазір ұстап жүрген нөміріңіздің операторын ауыстырасыз ба?