+1 дауыс
1.3k көрілді
Селфи ауру ма әлде әдет па?

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Селфи жасағанды неге ұнатады?

Бірнеше жылдан бері селфи жасау адамдардың басты қызығушылығына айналып келеді. Ол – фотоаппараттың немесе телефон камерасының көмегімен өзімізді суретке түсіру.

Әдетте екі ракурс бар. Бірінде – адам айнаға қарап тұрады, екіншісінде – қолын созып тұрып өзін суретке түсіреді. Еңбектеген бүлдіршіннен, жасы үлкен қарияға дейін селфи жасауға құмар келеді. Әсіресе мектеп оқушылары. Дәмханада тамақ ішіп отырғанда, достарымен бірге қыдырып жүрген кезде суретке түсуді ұнатады. Артынша бұл суреттерін көп мөлшерде ВКонтакте, Facebook және Instagram сынды желілерге жүктейді. Айтпақшы, өзге желілерге қарағанда Instagram желісіне суреттерін көбірек жүктейді. Себебі, оның қыздардың Әлия Телебарисова секілді сұлу, ал жігіттердің Санжар Мадиев сынды келбеті болуына әсер ететін арнайы фильтрі болады.

Селфиді қалай жасау керектігі туралы интернет беттерінде түрлі кеңес бар. Ол кеңестердің көмегімен лайкті көп жинап, «Сен – бәрінен де сұлусың!», «Саған жетер ешкім жоқ!», «Әдемісің!», «Мына суретті қайда түстің?» сынды пікірлерге ие болуға болады. Селфи – түрлі бағыты бар өнер саласы десек те жаңылмаймыз. Мысалы:

♦ лифтолук – жеделсаты ішінде жасалған автофотопортрет;
♦ фитнес селфи – өзімізді жаттығу залында айнаға қарап тұрып түсіру;
♦  көлік ішіндегі сельфи.

Қыздардың еріндерін үйрекше үйіріп түсетін селфилері ішіндегі ең атақты түрі десек те болады. Шетелде мұны «duckface» деп атайды.

Жоғарыда селфи жасауға барлығының да құмар екені айтылды. Ал енді оқушылардың бұлайша суретке түсуінің себептерін талдап көрейік. Психолог мамандар оның төмендегідей себептерін атап айтады:

1-себеп: Өзінде барлығы жақсы екенін көрсетуге тырысу. «Әйгілі адамдармен жүздесемін, өмірім жақсы, бай адамдар ғана баратын жерлерде боламын». Осыған орай төменде жазылған пікірлер суретке түсушінің осы ойын құптай түседі. Әрі көпшіліктің көзайымына айналуға жағдай жасайды. Шындығында бұл адамдарды жақсы көру үшін себеп бола алмайды.

2-себеп: Жан дүниесінде бұғып жатқан сырды жұртқа паш ету. Кейде сөзіміз жеткізе алмағанды суреттер жеткізіп жатады.

3-себеп: Сыртқы келбетке аса көп мән беру. Өзгелердің пікіріне тәуелді болу.

Бұдан өзге де түрлі себебі болуы мүмкін. Алайда психолог мамандар ең басты себеп ретінде осыларды атайды. Бұлардың қай қайсысы болмасын адамның тұлға болып қалыптасуын тежейді. Өзгелердің пікіріне тәуелді болуына жағдай жасайды.

http://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/25844/
+1 дауыс
ол қатерлі ауру.
0 дауыс
Хобби=>Әдет=>Ауру...
+1 дауыс
Ең бірінші әдет, сосын ауру болады.
+1 дауыс
Сельфи қазақша мағынасы өз-өзіме деген сөз.Ол әдеттен туатын ауру.
0 дауыс
Селфи деген суретке түсу емес.Адамдар Суретке түсуді біреумен түсуді Селфи дейді
+1 дауыс
Əдет қой. Ауру деген сөз өз деңгейінде қолданылып жүрген жоқ. Тек телефонға көп үңіліп немесе бір істі қайталай берсе ауру дейді. Шын мəнінде бұл əдет
+1 дауыс
Өз басыма ұнамайды селфи жасаған
0 дауыс
Екеуі де емес, селфи бұл - селфи.
0 дауыс
Осы 4-5 жыл бұрын селфи деген сөз жоқ еді, Жай әдет қой
...