0 дауыс
16.4k көрілді
Майсана майын қай жерлерде қолдануға болады?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Майсана майының шашқа пайдасы

Шаш әрдайым күтімді қажет етеді. Ұзын, жылтыр, сау, берік шаштың иегері атанамын десеңіз, шаш саулығына ең әсерлі құралдардың бірі майсана майын қолданып көріңіз.   

Майсана (касторовое) майы шашқа өте пайдалы екенін бұрын-соңды естіген боларсыз. Бұл май құрғамайды, беті қабаттанып қатып қалмайды. Осы қасиеттерімен ол шашқа арналған бірден-бір пайдалы табиғи өнім ретінде белгілі. Майсана майы қосылған маскалар мен сарсулар қолдан жасаланатын шаш дауаларының арасында ең танымал.  

Шаштың ұштануына қарсы             

Майсана және бадам майларын бірдей өлшемде алып араластырыңыз. Майлардың қосындысын сәл жылытып, жақсылап араластырыңыз. Жасаған сарсуды ылғал шаштың ұштарына 10 минутқа жағығыз. Артынан шашты жылы сумен шайыңыз. Дәл осы құралды құрғақ шашқа жағып, 30 минут ұстап, артынан шашты жууға болады.       

Шаш түсуге қарсы                            

Бір кішкене пиязды блендермен немесе үккішпен майдалап, біртектес ботқа жасаңыз. Оған екі қасық майсана майын қосып, мұқият араластырыңыз. Осы масканы шашқа, шаш түбіне, бас терісіне жағып, шашты целофанмен ораңыз. Үстінен қалың орамалмен орап, шашта 2 сағатқа қалдырыңыз. Уақыт өткеннен кейін, шашты сусабынмен жағымсыз иісті кетіріп жуыңыз.

Шаштың майлылығына қарсы                      

200 грамм жылы айранға бір қасық майсана майын қосыңыз. Жақсылап араластырып, шаш тамырына саусақтармен жағыңыз. Шашыңызды жылы сүлгімен орап, 30 минут өткеннен кейін шашты сусабынмен жуып жіберіңіз. Бұндай масканы 2 аптасына бір рет жасау арқылы шаштың артық майлылығынан арыла аласыз.      

Қайызғаққа қарсы                   

Қайызғақтан шаршасаңыз, майсана мен қырмызы (календула) майларын бірдей қатынаста араластырып, арнайы сарсу жасаңыз. Оны бас терісіне саусақтармен уқалай отыра жағыңыз. Масканы жарты сағаттай ұстаған дұрыс. Артынан шашты сусабынмен мұқият жуыңыз.   

Шаштың беріктігі үшін                        

1 ас қасық балға 1 ас қасық майсана майын, 1 жұмыртқаның сары мен 1 шай қасық лимон шырынын қосыңыз. Құрамдас бөліктерді араластырып, шашқа жағыңыз. 30 минутқа қалдырып, сусабынмен жуыңыз. Бұл масканы әдетке айналдырсаңыз, шашыңыз жылтырап, ішінен де, сыртынан да сау болады.  

Қоректендіргіш маска                                    

100-150 грамм айран, 2 ас қасық майсана майы, Е дәруменінің 20 капсуласын жақсылап араластырып, микротолқынды пеште сәл жылытыңыз. Бас терісіне, шашқа жағамыз. Целлофан және орамалмен басты орап, 1 сағат шамасында ұстау керек.

Шаш түсуін кемітетін маска    

2 ас қасық құрғақ қыша ұнтағына 1 жұмыртқаның сарысын 2 ас қасық майсана майын 2 ас қасық су қосамыз. Араластырып, шаштың түбіне, бас терісіне жағып, 15-20 минут жүріңіз. Артынан жууды ұмытпаңыз.
0 дауыс
ҮПІЛМӘЛІК МАЙЫ, майсана — кеппейтін, қабыршақ түзбейтін және құрамында оксиқышқылдары бар өсімдік майларының бір түрі. Оны үпілмәлік (майсана) өсімдігінің дәнінен алады. Құрамында 3 — 9% олеин, 3 — 5% линол және 80%-дан астам [[рицинол қышқылдары болады. Соңғысының көп болуы Үпілмәлік майының негізгі қасиеттері: кинематикалық тұтқырлығы (50С-та 11010–6 м2/сек) мен тығыздығын (15С-та 950 — 974 кг/м3) анықтайды. Спиртте және бензинде жақсы ериді. Түсі түссізден қою сарыға дейін өзгереді, майлылығы 40 — 55%, қату температурасы 10 — 18С. Үпілмәлік майының тұтқырлығы жоғары болғандықтан техникада сапасы жоғары майлағыш май ретінде кеңінен қолданылады. Бұдан басқа дәрі жасауда, жақпа май және бальзам ретінде әйелдерді босандыруда, күйген жер мен жараға жағу үшін, сабын өндіруде, олифа алуда, т.б. пайдаланылады.

 

• Майсана майы. Күнара бір сағатқа ғана жағып, кейін сүртіп тастауға болады. Егер кірпігіңіздің жағдайы тіпті нашар болса, күнделікті жатарда жағып, түні бойына қалдырасыз. Әсерін күшейту үшін қоспалар жасауға болады. Мысалы, майсана майы мен ромды теңдей етіп араластырып қолдансаңыз, кірпіктің төзімділігі артады және өсуі жылдамдайды. Сондай-ақ, майға Ажәне Е дәрумендерін қосуға болады. Бұл қоспаны жиі қолданып тұрсаңыз кірпіктер жылтырап тұрады. Егер майсана майына сәбіз шырынын қосып қолдансаңыз – кірпіктің түсі қоюлана түседі.

 

Майсана майының шашқа пайдасы

[Майсана майының шашқа пайдасы]

Шаш әрдайым күтімді қажет етеді. Ұзын, жылтыр, сау, берік шаштың иегері атанамын десеңіз, шаш саулығына ең әсерлі құралдардың бірі майсана майын қолданып көріңіз.   

Майсана (касторовое) майы шашқа өте пайдалы екенін бұрын-соңды естіген боларсыз. Бұл май құрғамайды, беті қабаттанып қатып қалмайды. Осы қасиеттерімен ол шашқа арналған бірден-бір пайдалы табиғи өнім ретінде белгілі. Майсана майы қосылған маскалар мен сарсулар қолдан жасаланатын шаш дауаларының арасында ең танымал.  

Шаштың ұштануына қарсы             

Майсана және бадам майларын бірдей өлшемде алып араластырыңыз. Майлардың қосындысын сәл жылытып, жақсылап араластырыңыз. Жасаған сарсуды ылғал шаштың ұштарына 10 минутқа жағығыз. Артынан шашты жылы сумен шайыңыз. Дәл осы құралды құрғақ шашқа жағып, 30 минут ұстап, артынан шашты жууға болады.       

Шаш түсуге қарсы                            

Бір кішкене пиязды блендермен немесе үккішпен майдалап, біртектес ботқа жасаңыз. Оған екі қасық майсана майын қосып, мұқият араластырыңыз. Осы масканы шашқа, шаш түбіне, бас терісіне жағып, шашты целофанмен ораңыз. Үстінен қалың орамалмен орап, шашта 2 сағатқа қалдырыңыз. Уақыт өткеннен кейін, шашты сусабынмен жағымсыз иісті кетіріп жуыңыз.

Шаштың майлылығына қарсы                      

200 грамм жылы айранға бір қасық майсана майын қосыңыз. Жақсылап араластырып, шаш тамырына саусақтармен жағыңыз. Шашыңызды жылы сүлгімен орап, 30 минут өткеннен кейін шашты сусабынмен жуып жіберіңіз. Бұндай масканы 2 аптасына бір рет жасау арқылы шаштың артық майлылығынан арыла аласыз.      

Қайызғаққа қарсы                   

Қайызғақтан шаршасаңыз, майсана мен қырмызы (календула) майларын бірдей қатынаста араластырып, арнайы сарсу жасаңыз. Оны бас терісіне саусақтармен уқалай отыра жағыңыз. Масканы жарты сағаттай ұстаған дұрыс. Артынан шашты сусабынмен мұқият жуыңыз.   

Шаштың беріктігі үшін                        

1 ас қасық балға 1 ас қасық майсана майын, 1 жұмыртқаның сары мен 1 шай қасық лимон шырынын қосыңыз. Құрамдас бөліктерді араластырып, шашқа жағыңыз. 30 минутқа қалдырып, сусабынмен жуыңыз. Бұл масканы әдетке айналдырсаңыз, шашыңыз жылтырап, ішінен де, сыртынан да сау болады.  

Қоректендіргіш маска                                    

100-150 грамм айран, 2 ас қасық майсана майы, Е дәруменінің 20 капсуласын жақсылап араластырып, микротолқынды пеште сәл жылытыңыз. Бас терісіне, шашқа жағамыз. Целлофан және орамалмен басты орап, 1 сағат шамасында ұстау керек.

Шаш түсуін кемітетін маска    

2 ас қасық құрғақ қыша ұнтағына 1 жұмыртқаның сарысын 2 ас қасық майсана майын 2 ас қасық су қосамыз. Араластырып, шаштың түбіне, бас терісіне жағып, 15-20 минут жүріңіз. Артынан жууды ұмытпаңыз.
0 дауыс
пайдасы көп, кірпіктің ұзарып мықты боп өсуіне, шаштың ұзаруына көмектеседі.Мен жағып көргем нәтиже бар.
...