0 дауыс
31.5k көрілді
Жай сөйлем дегеніміз не,тесттен қалай табуға болады?
текстен (мәтіннен) дегіңіз келген болар
Жоқ бұл жерде ҰБТ туралы əңгіме болып тұрған сияқты
Мүмкін солай болар, бірақ тест болса сұрағын, вариаттарын көрсетпей ме (мен текстен жай сөйлемдерді қалай табуға болады деп түсіндім)

5 жауап

+1 дауыс
Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады.
+1 дауыс
Жай сөйлем— бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі — құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады. Мысалы, “Жаз”. “Жаз келді”. “Жазда жеміс-жидек піседі”. Жай сөйлемдер қос сыңарлы болып та,жеке сыңарлы болып та келе береді. Жай сөйлем қос сыңарлы болғанда тұрлаулы мүшенің екеуі де қатынасады: “Студент оқып жүр”. “Марат — студент”. Қос сыңарлы жай сөйлемде сөз саны елеулі қызмет атқармайды, бастысы — сөйлемнің екі тұрлаулы мүшесінің неше сөзден құралғанына қарамастан, бір ғана тиянақты ойды білдіруі. Оның етістіктен ғана жасалған баяндауышқа аяқталуы міндетті емес. Есім баяндауышты да жай сөйлем бола береді. Жай сөйлем жеке сыңарлы болғанда, ол сөйлем не тек бастауыштан, не тек баяндауыштан тұрады: “Біздің ауыл”. “Қала көшесі”. “Таң атып келеді”. “Күн батып бара жатыр”. Семантикалық жағынан келгенде, жай сөйлем толық мағыналы сөздерден құралып, сөйлемнің мазмұнын айқындап тұруы керек. Жай сөйлем бірнеше топқа бөлінеді. Олар: толымды, толымсыз, жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, атаулы.
0 дауыс
Жай сөйлем бір ғана ойды білдіретін сөйлем.Жай сөйлемдер мақсатына қарай :хабарлы,сұраулы, лепті,бұйрықты болып бөлінеді.Жай сөйлемдер тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай:Жақты, жақсыз,толымды,толымсыз, жалаң, жайылма,атаулы болып 7 ге бөлінеді
0 дауыс
Жай сөйлем дегеніміз бір ғана ойды білдіретін сөйлем.Ол айтылу мақсатына қарай хабарлы,лепті ,сұраулы, бұйрықты болып бөлінеді.Ал тұрлаулы,тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай :жақты, жақсыз, толымды, толымсыз, жалаң,жайылма, атаулы болып 7 ге бөлінеді
0 дауыс
Бақта алма,алмұрт, шие ағаштары өсіп тұр. Жай сөйлемге жатама?

Ұқсас сұрақтар

...