+1 дауыс
899 көрілді
Кәсіппен айналысу үшін қаржыны қалай үнемдеу керек?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сол касіптен тусіп жаткан ақшаның 50%  процентін өзіңнің тұрмыстық жағдайыңа жұмсап, ал қалған 50%  жинап отыр.
+2 дауыс
Жалпыға ортақ жеті ереже:

Қолда бар қаржыны ұқсатуда сарапшылардың ұсынар жалпыға ортақ жеті ережесі де бар. Көңілге қонымды, есте сақтауға ыңғайлы бұл ережелер кез келгеннің әмиянындағы қаржысын үнемдеу үшін аса қажет. Ендеше төмендегі қағидаларға назар аударып көрелік:

1. Өтініш  үшін ақша  алмайды

Өзіңіз  үшін  барлық  жерде және әрқашан саудаласуды   ережеге айналдырыңыз. Шегерімдер жасауды сұраңыз:  бір  жерде сізге жасауы  мүмкін. Қорықпаңыз: сұрағаныңыз  үшін ақша  алмайды. Және күмәнданбаңыз.

2. Білім — күш

Өзіміз сатып алатын  тауар туралы  біз де  бір нәрселерден хабардар болуымыз керек. Әсіресе,  оның  бағасы тым  қымбат болса.  Тауарды алуға  келгенде,  оның  бағасын  біліп келгеніміз абзал. Демек,  біздің  тауар туралы  түсінігіміз  болуы  керек, олардың  дүкендерде бар  болуы,  қай  дүкенде  бағасы  қандай деген сияқты.  Кейде  бір  затты  алып, оны   досыңа  мақтанып көрсетесің, одан кейін  бір  бұрышта  оның екі есе  арзан бағаға сатылып  жатқанын   көресің. Мұны   талай адам  бастан кешірді.

3. Немқұрайлы  көзқарас  — ол да  күш

Ешбір  жағдайда   тауарға  қызығушылық танытпаңыз.  Жай  ғана  қарап,   сапасын  бағалаңыз. Бұл орайда  өзіңіздің  кәсіпқойлығыңызды  көрсетіп  қою артық  болмайды: сіздің  бұл тауар  туралы ақпаратыңыз  бар, сіз не сатып алатыныңызды  білесіз.

4. Дипломат болыңыз

Тауардың қожайынымен  саудаласуда  әдептілік сақтай отырып,  мұны   оңашада  жасаңыз. Біріншіден, жұрттың   көзінше саудаласқанда бағаны  түсіру  мүмкіндігінен  автоматты  түрде айырыласыз, екіншіден, сіз  өзіңіздің  тәрбиелі  жан екеніңізді  көрсетесіз.

5.Қапты ашамыз  да, ішіне не салғанына  қараймыз

Шегерімге  қол  жеткізе  отырып, оның сіздің  адал ниетті  тұтынушы ретіндегі  құқыңызды кемсітпейтіндігіне көз  жеткізіңіз және  бір  жағдайлар  болса,  оны қайтарауға, айырбастауға және кепілдік  қызмет көрсетуді талап етуге  әрқашан мүмкіндігіңіз  бар.

6.Ақшаның  ұшын көрсет

Өз тауарыңызды көрсетіңіз. Әмияныңызды алып, ақшаңыздың  бар екенін көрсетіңіз. Ол әзірше  ақшаның  мысы басып,  есін  жиғанша былай  деңіз: «Жоқ, дегенмен сіз  қымбатқа  беріп  тұрсыз, мен  әлі  де  ойланып көремін». Немесе: менде  12 000  теңге жоқ, тек 10 мың теңге   ғана  бар,  сіздің  тауарыңыз  үшін  оны  беруге  дайынмын» дейсіз. Мұндай амалдар көбіне  жақсы нәтиже  береді.

7.Қоқан-лоқы ол да тактика

Сіз кетіп  қалуға  дайын  екендігіңізді аңғартыңыз. Егер сізді кері  шақырып алса,  шегерім жасаларына   күмәнданбаңыз.

Толық мында:  
http://www.kazaitys.kz/kz/article/view?id=1050
+1 дауыс

Ақпарат мына жерден алынды, мына жерде де жауабы бар.

                          Көп ақша табу - батырлық, оны сақтау - ақылдылық, ал үнемдеп жарата білу - өнер...                                                                                           

                                                                                                                                      Б. Авербах                                                                                                

Достар, ақшасыз бір қадам аттай алмайтынымыз ақиқат қой. Алайда, көбіне ақшаны үнемдеп ұстай алмау кесірінен қиындыққа тап болып жатамыз. "Теңге тиыннан құралады" демекші, аз ақшаны ұстай білуге өз-өзімізді үйретейік. 

1. Түртіп алып отырыңыз

Кез келген затты сатып алғанда, жазып отыратын кітапша арнаңыз. Тіпті, жолыңызға кеткен 50 тиынды да түртіп алыңыз. Аптаның не айдың соңында кітапшаңызды ашып қараңыз. Бұл өз-өзіңізге есеп беруді үйретеді. Кейін босқа кеткен ақшаңызға ішіңіз күйіп, ақшаны үнемдеуге дағдылана бастайсыз. 

2. Су мен қуат көзін үнемдеңіз

Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан-босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді.  Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай-ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдалағанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз. 

3. Тамақ сатып алғанда...

Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі адамдардың басым көпшілігі тамақты тоңазытқышқа сақтап қойып, кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыра салады екен. Пайдасыз болып қалған соң, лақтырмағанда қайтсін?! Яғни, көп тамақ сатып алған соң, азық таусылғанша сақталып тұрған тамақтар жеуге жарамсыз болып қалады. Мысалы, қарапайым картопты көп етіп алсаңыз, мөшектің астында қалып қойған картоптар күн өткен сайын шіри береді. Кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыруға тура келеді. Сондықтан, тамақ сатып алғанда өте ұқыпты болыңыз.

4. Өз-өзіңізге шектеу қоя біліңіз

Қарныңыз аш болса, басқа әңгіме, ал қарныңыз тоқ болса, тәтті алмаға қызығып, оны сатып алмаңыз. Кез келген затты сатып алмас бұрын, бағаларын салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз. Әсіресе, қымбат тұратын заттардың бағаларын салыстырыңыз. Бір жерде 150 мың теңге тұратын ноутбуктың дәл осы моделі басқа бір дүкенде жеңілдікпен 100 мың теңгеге сатылып жатуы әбден мүмкін. 

+1 дауыс
Егер бір кәсіппен айналысқың келіп бірақ қаражат жағын үнемдеу керек болса онда:

Өз-өзіңізге шектеу қоя біліңіз

Қарныңыз аш болса, басқа әңгіме, ал қарныңыз тоқ болса, тәтті алмаға қызығып, оны сатып алмаңыз. Кез келген затты сатып алмас бұрын, бағаларын салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз. Әсіресе, қымбат тұратын заттардың бағаларын салыстырыңыз. Бір жерде 150 мың теңге тұратын ноутбуктың дәл осы моделі басқа бір дүкенде жеңілдікпен 100 мың теңгеге сатылып жатуы әбден мүмкін.

Су мен қуат көзін үнемдеңіз

Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан-босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді.  Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай-ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдалағанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз.

Түртіп алып отырыңыз

...