Сан сүйегi бiр жыл 3 ай бұрын сынған ол бiрiгiп үлгердiма ?

+1 дауыс
504 қаралым
Ағамның сан сүйегi бiр жыл 3 ай бұрын сынған едi жақында темiрiн алдыртып едi 20 күндей бұрын, оның аяғы бүгiлмей қалды сынғаннан кейiн, кеше кешке аяғын бүгiп жиып отырып қаттырақ бүккенде бiр сынғандай дауыс естiлдi де содан қатты ауырып аяғын баса алмай қалды не болды екен түсiнiксiз ?
• Санаты: Денсаулық

3 жауап

0 дауыс
Егер 1 жыл 3 ай бұрын сынып салынса да салынбаса да бітетін уақыты болды. Салынса дұрыс, балынбаса бұрыс бітеді. Егер салынбаса шындырып қайта салу керек.
0 дауыс
оның 1 жылда бітетін уақыты болды ғой.Ондайларды көргенмін оны алдыртқан соң да жай жай қимылдап тағы 1 жылдай күтіну керек.
Белгісіз
0 дауыс
Аппарат Илизарова ма салғандары? Спицтер арқылы сүйекке фиксация жасап қоятын. 1 жыл аяқ бүгілмей тұрған сон оны жәймедеп қалпына келтіру керек ғой, никогда күштеп жасауға болмайды. Сіңірлер қозғалысты болмаған сон қатайып қалған ғой, Біртіндеп жазу керек бүгілген жерді. Қайтадан рентгенге түссін ағаңыз, сықырлаған дауыс шығуының себебін анықтасын. Интерпозиция деген де болады, ол сынған сүйектің арасына бұлшық ет қыстырылып қалса 1 жыл түгіл 10 жыл болса да ол сүйек бітіп кетпейді. Хирургиялық жолмен дұрыстайды ол кезде. Ешқашан күш түсірмесін, неге аяғын баса алмай қалғанын рентген снимкасынан кейін жақсы травматолог рентгенолог бірден айтып береді. Ендігіде бірден күш түсірмесін бүгемін деп

Ұқсас сұрақтар

127,818 сұрақ
322,426 жауап
153,155 пікір
72,968 қолданушы