+2 дауыс
1.9k көрілді
"Кешкі кездесу" бағдарламасына Аралдағы емші бала шақырылды. Осы кезде түсініспеушіліктер болды. Кімдікі дұрыс, Имамның сөздері ме әлде емші бала ма?

14 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен қай жақтікі дұрыс екенін білмеймін қарап отырып басым қатып кетті
+3 дауыс
Негізі имамдыкы дұрыс.Бірақ қарап отсаң емші баладан ем алып келгендерді көрдім.
Иә,менде соны көрдім. Бірақ, екеуінің сөзі екі бөлек болған соң түсінбедім...
+2 дауыс
Әрине имамдікі дұрыс. Хақ жолына түскен ілім иелері қашанда Аллахқа серік қоспауға, Аллаға иман келтіріп, ғибадат етуге ғана шақырады. Ал мына бала жайлы айтар болсам, Жеңілген күреске тоймас, Жаманнын сөзі көптің кебі. Сол балаға сеніп ем алған халықта ақыл жоқ шығар.
Бірақ, емделушілер калай жазылған?
емделушілерді әрине жын жазды, ол оның құдіреті емес
+1 дауыс
Дiннен онша хабарым жоқ, сондықтан имамдыкы немесе емшi баланыкы дұрыс деп айта алмаймын.  Алайда қарап отырсак сол баланың арқасында жазылып кеткен, аяғынан тұрып кеткен көпшілік халықты көреміз.  Мүмкін бұл да бiр құдірет шыгар Алланың берген.
+1 дауыс
Өзімізді мұсылманбыз деп естептейтін болсақ, онда шариғатта айтылғандарға қарсы шықпауымыз қажет. Ал, ол баланың емдеу тәсілі шариғатқа қайшы.
–2 дауыс
Мен ол хабарды көрген жоқпын, бірақ не айтылғандарын шамалап отырмын.

Сырт көзқарас (мнение со стороны), (яғни екеуіне де сенбейтін адамның көзқарасы)

Біріншіден кез-келген дәрігердің айтуынша әрбір аурудың емі ең бірінші жазыламын деген адамның өз сеніміне байланысты, дәрігерлер айтады: "мен тек жартылай емшімін, ал өзің қалған емшісің деп" Әрине сеніп барғасын ем қонуы әбден мүмкін. Сосын соңғы уақыттарда ғалымдар телепатиялық, экстрансенсорлық қабілетті зерттеп, ғылыми дәлелденбесе де ондай адамдар болатыны туралы түрлі гипотезалар бар. Ал Имамдыкы дұрыс емес адамның сеніміне қарсы шықпау керек, керісінше қолдау көрсету керек. Ал шариғатқа қайшы дегенді мүлдем түсінбеймін, мысалы мен ішім ауырып жазылатыныма сеніп дәрі ішсем ол да серік қосқан болма Алаһқа
жоқ өйткені сен дәріге құлшылық жасаған жоқсың жәй ғана іштің болды ол аллаға ширк қосу емес
Кешірерсіз,  vvvwww  біріншіден "емделуге барардағы сенім" дейсіз ол сенім емес ол діни сауаттан алғанда надандық. Екіншіден сіз ғалымдарға сенесіз ба Аллаға сенесіз ба? өзі. Үшіншіден "шариғатқа қарсы" дегенді түсінбейді екенсіз онда сенімді боп сөйлеудің керегі жоқ. Ал төртіншіден Алла дәріні ішуге рұқсат еткен, оны уайымдамай іше беріңіз, Қорықпай.
Және айтатын нәрсе сіз өзіңіз (екеуіне де сенбейтін адамның көзқарасы) деп қойыпсыз да, бірақ анау балаға сеніп имамдыкін бұрыс депсіз ол қалай екеуіне де сенбейді екенсіз неге онда екеуіне де келіспеймін демейсіз. Тоқтай тұр сіз ол кештіде көрмепсіз ғой ақыры ия. Көрмеген екенсіз шамалаудың керегі жоқ. шамалап айтқаннан гөрі айтпайақ қойған артық.
+1 дауыс
Менің әжем де емші, оның жасы 70-тің үстінде. Ол имаммен келісіңкіремейді, яғни баланың емшілік қасиетіне сенеді. "Алланың әміріне шек келтіруге болмайды, бәрі де мүмкін",- дейді. Дегенмен, әркімнің өз пікірі, өз қөзқарасы бар ғой.
+1 дауыс
екеуі де мықты айтысты тіпті қай жаққа болысарымды білмей қалдым ғой)))))))))))))))))
+3 дауыс
Тәуіп - сөзі араб тілінен аударғанда "дәрігер" деген мағына береді. Адам емдейтін дәрігерлердің барлығы тәуіп болып саналады. Ал қазіргі біздің терминде "тәуіп" деген тек шариғатқа қарсы әрекет жасайтын адамдар болып есептеледі. Егер адамдар бір ауруға немесе қиыншылыққа ұшырап қалса ең алдымен тәуіптерге, балгерлерге, солардың жолымен жүретін адамдарға барады. Негізі мұсылман адам ең алдымен мешітке барып Алла Тағаладан көмек сұрауы керек. Бұл мұсылмандарға тән іс. Өкінішке орай көптеген бауырларымыз діннен алыстығының әсерінен осындай әрекеттерге барып, қателеседі. Ал енді олардың алдына барып ем сұрап, солардан жәрдем күтулері жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген:

«Егер мұсылман адам көріпкелдерге барып, одан өз қажеттіліктерін сұрап және естігендерін растайтын болса онда ол адамның қырық күн бойы намазы қабыл болмайды».

Кімде-кім палшыға немесе көріпкелге баратын болса ол адам Пайғамбарымызға (с.ғ.с) түскен аяттарға күпірлік еткен болып саналады. Сол себепті палшыларға барып олардан ем іздеу ол шариғатымызда өте қатты тыйым салынған іс. Себебі олардың өзі Алланың қарғысына ұшыраған, Алланың жолынан тайған адамдар. Оларға барып олардан шипа іздеу ол Аллаға серік қосу амалдар қатарына кіреді.
+1 дауыс

Имам - олда адамғой, оның да білмейтіндері көп. Егер мәселеге ислами тұрғыда қарайтын болса, әрине имамдыкі дұрыс дер едім.

Бұл әлемде біз білмейтін тылсым күштер көпқой, мен сенемін.

0 дауыс
Біз кунаһар пендемізгой,періште кокте гана, озгенің ісін саралаганша, оз жолымызга карайык,кімдікі дурыс кімдікі кателік екені бір Аллага гана аян! Мумкін Аллахтын озі сол адамдардын еміне осы баланы себепші етіп койган шыгар!Бастысы аузымыздан Алланы тастамайык!
0 дауыс
Дарын Мубаровтың Аралдағы емші бала туралы сұхбатын көріңіздер сол кезде кімдікі дұрыс екенін көресіздер. Кешкі кездесудегі бала ешкімге дес бермей тіпті имамға да қарсы сөйлеп отыр тыңдасаң сөзінде бір мән жоқ. Жеңілмес үшін тек әйтеуір ләпіріп отыр. Оны ондай қасиетке ие қылып көзін байлап отырған ол жын. Оған сенуге еш болмайды. Ол баланың бір күні Сары әулие секілді заманы өтеді. Мен еш сенбеймін оған. Құранда қамшы мен емдеу деген нәрсе жоқ.

ОҒАН ЕШ СЕНБЕҢІЗДЕР, ОҒАН СЕНГЕНІҢІЗ АЛЛАҒА СЕРІК ҚОСҚАНЫҢЫЗ, АЛ АЛЛА ӨЗІНЕ СЕРІК ҚОСҚАНДАРДЫ ЕШҚАШАН КЕШІРМЕЙДІ. бАУЫРЛАР ОЙЛАНАЙЫҚШЫ. БҰЛ БІЗДІҢ ДІНИ САУАТЫМЫЗДЫҢ ТӨМЕНДІГІНЕН БОЛЫП ОТЫРҒАН ЖОҚ ПА?
–1 дауыс
Келетіндеріңізге ақпарат қажет болса 87754698619 осы номерге хабарласып біле аласыздар
0 дауыс
жаратушы аллах кеселді жіберетін де оның емін де жіберетін мен деген екен сол аитпақшы аллахтың бізге жіберген емі сол емшілер арқылы шығар алла маған шипа бер деп үиде отырып жалбарына берсең ауыруың асқынып бір күні өлуіңде мүмкүн қаралған қарап қалмасдеп білікті емшілерге емделгенің еш артықшылығы жоқ деп білем емшіге барған аллаға серік қосқан деген сөз қаидан шыққан білмеиміз сонда емшіге емделген ата бабамыз ақымақта біз ақылдымыз ба?
...