0 дауыс
109k көрілді
Халық достығы туралы шағарма керек?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен Қазақстан деген кең байтақ елде тұрамын. Менің елімнің жері кең, тынысы мол, жандарының көңілдері жайдары . Өзім қазақ болып жаралғаныма қуанамын, өйткені менің елімнің тарихы, салт –дәстүрі, әдет –ғұрпы өте бай. Мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқығанда ,өз ұлтымның қыры мен сырын жете танисың.Мектеп ішінде  қазақ тілі мен  қатар орыс тілін де оқимыз. Бұл тілді біз басқа мемлекеттің балалары сияқты шетел тілі деп алмаймыз, ол біздің екінші тіліміз сияқты. Менің Қазақстанымда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз әрұлтты мемлекетпіз. Елімізде тұратын ұлттардың өз асссамблеясы бар екенін бізге мұғалім түсіндіріп кетті. Біздің қазақ ұлтының құқықтық правосы заңмен қалай сақталса, басқа ұлттардың да праволары солай қорғалады. Мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген жетістікке жетті. Жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір - бірінің салт - дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр. Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Біз білмейтін талай елдердің соғыстарын, террорлық істерді көргенде шошисың. Бізде бейбітшілік болып тұрғанға қуанасың, оның бәрі Елбасымыздың саясатының арқасы. Бейбітшілік болған соң ,биыл тәуелсіздігіміздің 20жылдық тойын жасамақпыз. Елімнің болашағына, халқыма бейбіт өмір, халықтар арасына достық, ынтымақтастық

болсын деймін. Біз бейбітшілік өмірді қалаймыз!

Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт, кең жатыр.
Бірімен - бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, қазақ, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
Сәлем! Психолог ханым, сайтта белсенділігіңіз жоғары, өте тамаша, бірақ сіз алған материалдың, қай сайттан алғандығыңызды толық жазып кетсеңіз игі еді.
Туу соны жазамын деп ұмытып кетемін.Мен әртүрлі орысша сайттарды ашып, оқып,қазақшаларын біріктіремін де сол сайттарды жазуды ұмыт қалдырамын.Кешіріңіздерші! Тырысамын.
Белгісіз
Жо-жоқ, сізге ешқандай ренішім жоқ, керісінше ризамын. Сізге сенім артамын. Іске сәт!
Рахмет көп-көп
Белгісіз
0 дауыс
"Халықтар достығы"

Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол - достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың жаны, ары.

Тіл - қоғамның жемісі. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

Тәуелсіз мемлекетімізде бірнеше ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. «Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы», - демекші, елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілімен қатар ресми тіл – орыс тілі еркін қолданылады. Осы туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында: «Көп ұлттылық пен көп тілділік еліміздің басты артықшылығы болып табылады. Қазақ тілі, біздің Конституциямызға сәйкес, мемлекеттік тіл болып табылады. Онымен бірдей мемлекеттік органдарда орыс тілі пайдаланылады.





Бұл біздің Конституциямыздың нормасы, оны бұзуға ешкімге жол бермейді», - деген болатын.

Мемлекетімізде қазақ тілден басқа тілдердің қолданылуына еш кедергі келтірілмейді. Тілдермен қатар басқа ұлттар өз дәстүрлері мен салттарын ашық түрде қолдануларына жол берілген. Көптеген ұлттардың өз мәдени орталықтары да бар.

Еліміздегі ұлттардың достығын айқындайтын мерекелер қатары аз емес. Солардың бірі – Қазақстан халықтарының тілдері күні.

Үстіміздегі жылы аталмыш мереке жылдағыдай аталып өтуде. Мейрам шеңберінде көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Мәдени шараларға мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды түгелдей қатыстыру жоспарланған. Әділқазы алқасы сайланып, олар әр мекеме, ұйымның тілдер күні мерекесіне әзірлігін бағалауда. Шараның басты мақсаты – елімізде тұрып жатқан әр ұлттың салт-дәстүрін көпшілікке көрсету.

Қыркүйектің 12-ші жұлдызында аталмыш мереке Преснов селосындағы ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде болып өтті.

Медициналық мекеме аталмыш шараға биыл алғаш рет қатысып отырса да, жақсы әзірленген. Бірінші кезекте аталмыш диспансерде мемлекеттік тіл маманы қызметін атқаратын Ақмарал Сәрсенова бүгінгі шара барысымен таныстырып өткеннен соң, Андрей Харитонов пен Елена Орлова мемлекетік тілде өлең жолдарын оқыса, Светлана Климова қазақша ән салып, мемлекеттік тілге жатық екендіктерін аңғартты.

Туберкулезге қарсы күрес диспансерінде көптеген ұлт өкілдері қызмет істейді. Осыған орай мекеме қызметкерлері бірнеше ұлттың тағамдарын, билерін комиссия назарына ұсынуға көңіл бөлгені аңғарылады.

Алғашқы ретте қазақ ұлттық ас үйінде болдық. Кабинет іші мерекеге орай арнайы безендірілген. Қабырғаға кілем тұтылып, оның үстіне қандай ұлт екенін айшықтаған ұлттық аспабымыз домбыра, сондай-ақ қамшы, аң терісі ілінген.

Қазақ халқының қонақжайлылығы бәріне белгілі. Бүгінгі шарада медицина қызметкерлері осыны тағы бір аңғартты. Дастарқан үсті түрлі дәмге толы. Қазақтың бесбармағы дөңгелек үстелдің дәл ортасынан орын алған.

Ұлттық киім киген басқа ұлт өкілдері мемлекеттік тілде өлең жолдарын оқыды. Тілдері жатық, дайындалғандары байқалып тұр.

Келесі кезекте неміс ұлтында қонақта болдық. Мұнда да әзірлік жаман емес. Неміс тілінде ән айтып, бимен қарсы алған олар дастарқанға шақырды. Үстелге неміс халқының штругель, кухен, кребли, жиживаш тағамдары қойылған. Бөлме ішінде осы ұлттың қолданатын құралдары, тағы басқа тұрмыстық заттары орын алған.

Татар ұлты да өздеріне шақырып, назарымызға ұлттық билерін ұсынды. Татар тілінде қанатты сөздер, тақпақ айтып, бүгінгі шара ажарын аша түсті.

Қонақжайлылық барлық ұлттарда бар. Татар халқы да осы дәстүрді нық ұстаған. Түрлі дәмнен қайысқан дастарқан басында әр тағам жайлы қысқаша таныстырып өтті. Шәк-шәк, бәліш, бауырсақ, татар салаты, сонымен қатар ыстық асты да ұмытпаған.

Орыс ұлты әділқазы мүшелерін әдеттегідей би билеп, нан-тұзбен қарсы алды. Бөлме ішін дәлме-дәл орыс халқының үйіндей етіп жинақтаған. Бұларда да ұлттық тағамдар жақсы әзірленіпті.

Өзбек ағайындардың мерекеге дайындығы кіреберістен аңғарылады. Алғашқы кезекте ұлттық биді назарға ұсынған олар әрі қарай дастарқанға қойылған өзбек халқының тағамдарын жекелеп таныстырып, олардың құрамдары туралы да әңгімеледі.

Мерекелік шараның шымылдығын жабу міндеті, украин ұлтына беріліпті. Украиндар шара шымылдығын лайықты түрде жаба отырып, ұлттық тағамдарымен де таныстырып өтті.

Қазақстан халықтарының тілдерінің ХІV фестивалі аясында аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі, қаржы бөлімімен бірлесе отырып, мерекелік шара ұйымдастырды. Қазақ халқының қыз ұзату дәстүрін әділқазы назарына ұсынды. Қойылым шебер әзірленіпті.





Осындай мерекелік шара жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде де ұйымдастырылды. Аталмыш мекеме қызметкерлері салт-дәстүрлердің орнына, жігітті әскер қатарына шығарып салу қойылымын дайындапты. Қойылым барлығының көңілінен шықты.

«Тіл – ел бірлігі» мерекесі барлық округтерде өткізілуде. Солардың қатарында фестивальды өткізген Кладбинка селолық округінде болудың сәті түсті. Аталмыш өңірде әзірлік жаман емес. Қатысушылар тек мектеп оқушылары мен ұстаздары. Округ әкімдігі қызметкерлері қатысуды жөн санамады ма, әлде округ әкімі М. Сердалиновтың өзі мән бермеді ме, белгісіз. Осы жағы қынжылтады. Ал мектептің мерекелік шараға әзірлігі көңілден шығады. Аталмыш шара шымылдығы Сапархан Исқақовтың әнімен ашылды. Домбыраға қосылып айтылған ән көңілден жақсы орын алды.

Фестиваль қазақ, орыс, неміс тілдерінде жүргізілді. Безендіру де үш тілде. Зал төбесіне шаңырақ ілініп, халықтар достығы бейнеленген. «Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде орындалды. Сондай-ақ басқа да өлеңдер, билер назарға ұсынылды.

Қазақ халқының салт-дәстүрінің ішінен жас баланың қырқынан шығуы көрсетілді. Сәбиді қырқынан шығарғанда қанша қасық су құйылуы керектігі, тағы басқа ырымдар бейнеленіп, толықтай түсіндіріліп отырды.

Тілдер фестивалі аясында мерекелік шара өткізуге Новорыбинка селолық округі жақсы дайындалыпты. Округ әкімі К. Тасболатовтың тырысқаны аңғарылады.

Аудан орталығынан келген қонақтарды новорыбинкалықтар нан-тұзбен қарсы алды. Қазақы дәстүрмен шашу шашылды.

Мерекелік шара Новорыбинка клубында ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары, қызметкерлер белсене қатысқан фестиваль шымылдығы «Сыр бойы» әнімен ашылды. Келесі кезекте оқушылар ортаға шығып, үш тілде өлең жолдарын оқыды.

Салт-дәстүр де назардан тыс қалмады. Молдован халқының құда түсу дәстүрі көрсетілді. Молдован ұлты қызға құда түсуге барғанда жігіттің білегіне орамал іледі екен. Оны «рушники» деп атайды. Сондай-ақ қалаш нанын апарады. Қыздың үйіне келгеннен соң екі жақ бір-бірімен танысып, сосын жігітті де, қызды да сынақтан өткізеді. Қыз еден сыпырып, үй шаруасына ыңғайын байқатса, жігіт сынған тақтайды шегелеп, шеберлігін дәлелдегендей болды. Қыз сондай-ақ қалашты турап, жиналғандарға үлестірді. Тағамдар да молынан әзірленіпті. Қазақ, молдован, орыс, неміс ұлтының тағамдарынан көз тұнады.

Новорыбинка округінде ұйымдастырылған фестиваль жақсы деңгейде өтіп, әділқазы мүшелерінің оң бағасына ие болды. Тілдер фестивалінің өткізілуі жылдан-жылға жақсарып келеді. Оған терең мән беріп, халықтар достығын айшықтаған тілдерді құрмет тұту – бәріміздің міндетіміз.

Ақпарат көзі:
http://www.baq.kz/
0 дауыс
Халықтар достығы дегеніміз барлығы тілге байланысты .Тіл арқылы біз коптеген ұлттар мен араласа аламыз. Қазір ағылшын жəне орыс тілін білу керек.Ағылшын тілін білсең барлық ұлттар мен қарым қатынаста бола аласың.Өскенде ағылшын тілін білсең əртүрлі жерге бара аласың мысалы:Франция,Америка,Индия.Африка. Италият.тб.Барлық тілді білсең өзің үшін жақсы..
0 дауыс
Интернеттен бари ала алады
0 дауыс
Дружба народов Казахстана атты орыс тилинде сочинение керек
0 дауыс
оте керемет

маган унады кандай керемет создер 1 бет болды
...