Консервация ( лат.Conservatio — сақтау) —
1. Қозғалтқыштарды, станоктарды, т.б. жұмыссыз тұрған кезде немесе оларды ұзақ уақыт сақтау кезінде тот басудан корғайтын техник, шаралар;
2. Антисептикалық дәрілермен өңдеу, сырлау арқылы ағашты және ағаш өнімдерін шіруден сақтау;
3 Өнер туындыларын, археологиялық жәдігерлер (бұйымдар) мен кітап және архив құжаттарын ұзақ мерзімге сақтау. Консервациялау температураны бірқалыпты ұстау, ауаның дымқылдығын, желдеткіш пен жарықты дұрыс пайдалану, шаң-тозаңнан, шыбын-шіркейден таза ұстауды қамтамасыз ету, т.б. шараларды қамтиды. Мұндай шаралар Отырар мемлекеттік археологиялық корық-музейінде, Отырар руханияты музей- кітапханасында үнемі атқарылып тұрады.
Бекітпе ағаштарды консервациялау, сақтау (антисептеу)— бекітпе ағаштарды шіруден сақтау үшін оған арнайы химикаттарды (минералдық тұздар ерітіндісін, қара май т. б.) сіңдіру. Химикаттар адам денсаулығына зиянсыз болуы тиіс.