–1 дауыс
5.5k көрілді
Руға бөлінудің пайдасы мен зияны?

10 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

 Руыңды білген дұрыс, руға бөлініп қым-қиғаш болу аз қазаққа жараса ма? Екінші жағынан алсақ адамзаттың басына зіл-батпан жүк түскенде, азғындықтың батпағына белшеден батқанда, ауызбірлігіміз ыдырай бастағанда, өзге елдің қаңсыған қалдығын ту етіп, теріс ағымның тастақ жолында кетіп бара жатқандарға қол ұшын берерде «Руың кім?» — деп сұрау қаншалықты орынды? Мұнайыңды масаттана сорып, жеріңді қарыстап алып, шекарашыларыңды шетінен қырып тастаған кезде осынау факторлар бірігуді керек етпей ме? Соңғы уақытта қазақтың руға бөлінуі қоғамда қатты белең алып бара жатыр. Қызметке орналассаң да, басқа да көмекке зәру болсаң да ата-тегіңнің септігі тиеді деп ойлайсыз. Әсіресе, соңғы уақытта рушылдықтың бейнесі айқын білініп жатыр. Олай дейтініміз, дүкен ашса да ру атын жазып, мінген көлігіне де өз тегін таңбалап қоятынды шығарды бұл қазақ. Қаланы аралап жан-жағыңызға көз салсаңыз «Қыпшақ», «Найман» деген кафелерді көресіз. Осыдан аз уақыт бұрын қаладағы ірілі-ұсақты қоғамдық көліктердің маңдайынан да ру атын оқитынбыз. Кейін маршруттарға тендер өткен соң, біршама жазулар алынып тасталды. Бұған да шүкіршілік еттік. Тіпті, қазір әр ру өз «президентін» сайлап алған...
Бәрін айт та, бірін айт қанша ғасыр бойы қазақ болып, тұтаса алмай жатқанда, басқа емес, көп алдында жүрген өнер жұлдыздарының өз атына руын жалғап алып жүргеніне не дерсіз? Мысалы ма? Айталық: Нұрлан Албан, Аша Матай, Сара Найман, Ақылбек Жеменей, Майра Керей… Ә дегенде тіліміздің ұшына келе қалғандарының өзі осынша…Барлығы да — ел сүйіп тыңдайтын, өнерде өзіндік орнын қалыптастырып үлгерген белгілі әншілер. 

Сонда бұл қазақ кімнен, не себепті бөлініп жатыр? Айналдырған аз халықтың ала тайдай бөлінуінен не ұтамыз... Онсызда ұлтымыздың көп ғасыр бойы бөлінуінен берекеміздің быт-шыт болғаны әлімсақтан белгілі емес пе еді?!
Мемлекеттің басты байлығы – тыныштық. Егемендік алғалы ел бесігі тынықтау тербелді. Ал көршілеріміздің қай-қайсысын алсаңыз да, бізге қарағанда азуы алты қарыс. Бар әлемді қызықтырар байлығымыз жетерлік. Бұған қарсы қорғанысымыз қаншалықты мықты? Алла берген тәуелсіздігімізді сақтап қалудың маңыздылығын қалай сезініп келеміз? Әркім өз жүзін дәріптеп, ру-руға жіктеліп жүргенде, осы әлсіз тұсымызды пайдалануды көздеп жүргендер қаншама? Кезінде Ресей осы рушылдығымыз арқылы бірімізді-бірімізге айдап салып, қынадай қырғандарын қалай тез ұмытамыз? Аллаһ Тағала Қасиетті кітабында бізге: «Бірлікке ұмтылыңдар», — деген жоқ па еді.

 

Жауабыңыз үшін рахмет. Толық жауап беріпсіз.
Белгісіз
+3 дауыс
Арғы тегіңді ұмытпаған жақсы. Бірақ бұл руға бөлінуге жатпайды. Ал руға бөліну дегеннің еш пайдасы жоқ, зияны - ел арасына жік салады. Онсызда жерге бөлініп, далалық-қалалық, орыс тілді-қазақ тілді, намаз оқитын-оқымайтын болып бөлініп жатқан азғантай қазақтың, жері мен пейілі кең болса да, аю мен айдаһардың ортасындағы мемелекет үшін жан саны аса аз қазақтың басын біріктіруге кедергі болады, ел тұтастығын күйретеді.
0 дауыс
Мәселен, сен үшін – ең алдымен аға, іні, қарындас қымбат. Ең алғаш осылармен жақсы қарым-қатынаста болып, осылар үшін, барын жасауға даярсың. Бұл сатыны отбасы дейді.

Келесі саты бар. Ол ата-ру деп аталады. Біз үлкен қоғамда өмір сүреміз. Отбасы мүшелерінің қолдауы аздық етеді. Енді адам – бір атадан тараған, туыстас адамдарды іздейді. Солармен байланыс құрады. Бұл топ бір-бірін демейді, қиын жағдайда көмектеседі.

Мен сіздерге мынаны айтайын. Пайғамбарды тудырған араб ұлтында да, осындай рулық жүйе бар. Мәселен, Мұхаммед (с.а.с) Құрайыш тайпасының өкілі. Ол Меккеде жаңа дінді насихаттай бастағанда, оны туыстары тілдеді, табалады. Бірақ, осыншама жек көріп тұрса да, оны өзге біреудің тоқпақтауына берген жоқ. Себебі – Мұхаммед оларға өзінің туған ағасындай еді. Ал туған бауырын ешкім тепкілетіп қоймайтыны анық. Пайғамбар өмірін оқып отырғанда, мен секілді бірнеше қазақ, құрайыштықтардың осы тірлігін жүрегімен ұғынды. Ал жанымыздағы тәжік, өзбек бауырлар Құрайыштықтардың пайғамбарды жек көре тұра, Мұхамедті өзге біреудің төпелеуіне, абыройын түсіруге жол бермегенін түсінбейтін. Жек көрсе, оны кім ұрып жатыр, бәрібір емес пе,-дейтін олар.  

Иә, пайғамбардың қауымын, оның өмір баянын өзбек-тәжік жүрегімен түсіне алмайды. Ал қазақ. Қазақтың өмір дағдысы – тура пайғамбар заманындағыдай.

Туған ағаңды қанша жаман болса да, оны басқа басқа біреудің түртпектеуіне бермейсің ғой?! Ал ру – отбасыңдағы ағаң, әпкеңе деген мейірімді алыстау туысыңа да көрсете алатын қабілет береді. Былайша айтқанда, ру – отбасылық шеңберді кеңейтеді.

Ру – өзіне мүше адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын аға мен іні, әпке мен сіңлі секілді масштабқа келтіреді. Сонымен қатар, бұл ру –өзіне мүше әрбір адамға жауапкершілік арқалатады. Ол не дейсіз бе? Руға мүше адам, сол рудың абыройын асқақтау керек деген міндет жүктеледі, әр кісіге. Тиісінше руға кіретін әрбір азамат рудың атына кір келтірмеуі керек.

пайдасы зор
Ру деген бар нәрсе ғой оны жоққа шығара алмайсың.
Белгісіз
+4 дауыс
Руға бөлінбеу керек, бірақ руын, ата тегін әр қазақ біліп жүру керек деп ойлаймын.

Ұлттық генефондты (тектілігімізді) сақтауымыз үшін жеті атамызды білу керек. Жеті атадан қыз алыспау үшін.
+3 дауыс
Қаны таза болады ең бастысы.Қазақ әлемдегі қаны таза халық
+1 дауыс
Руға бөлінуден қазақтар көп жерінен, адамдарынан айырылған. Назарбаев атамыздың өзі жүзге бөлінудің дұрыс еместігін ашық айтқан болатын. Негізі руыңды білген дұрыс, бірақ бөлінген бұрыс.
0 дауыс
Қан тазалығын сақтау үшін руын білген дұрыс, бірақ бәрімізде бір ту, қыздың бәрі де сұлу, басқа тайпа басқа ру, бірақ қыздарымыз сұлу деген өлендегідей)) Ұлтымыз қазақ болған сон руға бөлінген дұрыс емес ғой
0 дауыс
Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін.
0 дауыс
Руға бөлінгеннің рухы сынсын,

Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін -деген.
–1 дауыс
РУДЫ НЕ ҮШІН БІЛУІМІЗ КЕРЕК?     Бүгінгі таңда Дарвин ілімінен «мұздай қаруланған» көптеген азаматтарымыздың пікірі руын (атасын) білуді, оны айтып мақтануды Руға бөліну деп, оның пайдасынан зияны көп деп есептейді.

        Қазақтың шежіре жасау жүйесінің мынадай сыры бар. Атам Қазақтың “Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз”, “Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер” мақалдары бар. Сіздердің сұрақтарыңыздың жауабы осы мақалдардың ішінде тұр. Бұл мақалдардың бізге айтып тұрғаны, бірінші тегіңді біл дейді. Ал, тек дегеніміз бұдан сан ғасырлар бұрын ғұмыр кешкен арғы ата-бабаларымыз. Ал, жеті атаң өзіңнен бастап санағандағы тікелей жеті атаң. Мұны әрбір қазақ баласы жатқа біліп әрқашанда дұғасын жолдап отырулары керек. Өздеріңіз ойлап қараңыздар, сіздер де, мен де бұдан 70 000 жыл (шежірелерде солай жазылған) бұрынғы сонау түп атамыз Адам Ата мен Ауа анадан бері үзіліп қалмай жалғасып келеміз. Үзіліп қалсақ, сіздер де, мен де бұл дүниеге келіп, сіздермен бұлайша сұхбаттасып отырмаған болар едік. Сондықтан тікелей жеті ата ру ішіне кірмейді, ол бөлек аталады. Ал ру аты сол сан мыңдаған жылдар бұрынғы аталарымыздың ішіндегі еліне жасаған жақсылығы, даналығы, батырлығы, әулиелігі т.т. сияқты ұрпағына үлгі болып, ру атын иемденген аталарың. Ол аталарыңның әрқайсысының аралары сан ғасырларға кетуі мүмкін. Ол сол соңғы ру атын иемденген аталарыңнан кейінгі, еліне жасаған жақсылығымен тағы да ұрпағы мақтанып, ру атын тағы да иемденген атаңның дүниеге келуіне байланысты. Бұлай болған жағдайда соңғы Ру атын иемденген атаң, соңғы атаңның артына тіркеліп айтылады. Арты осылай жалғасып кете береді. Қазақта ру атын иемденуден артық атақ, мадақ, абырой, дәреже жоқ. Оны қазіргі «Халық батыры» атағымен ғана шамалы салыстыруға болар. Бірақ, бұл атақ адамның өзімен бірге келіп, өзімен бірге кетеді. Ал ру атын иемденген атаның аты ұрпақтары үшін мәңгі жасайды. Ол есім сол атаның ұрпағы жазатайым (ешкімнің басына бермесін) түгел жоқ болып кетпесе, мәңгі өлмейді. Атам қазақтың шежіре жасау жүйесі осылай оқылады.

         Қазақтың «Руың кім?» дегені, ол сенің ел танитын атаң кім дегені. Қысқасы руыңның аты, сенің көп аталарыңның ішіндегі ең танымал атаңның аты.

         Мұны күні кешеге дейін қазақтың бес жасар баласына дейін білген. Бізді бұдан айырған мектеп оқулығымызға «сенің атаң маймыл (айуан)» деп жазып берген кешегі Кеңес үкіметінің билігі.

 

          «Шыңғысхан Адай» деген саитте Шеркешбай деген азаматқа ру жайлы мынадай сұрақ қойылыпты:

          «Біріншіден — менің ойымша мен мынандай руданмын деп мақтанған ұят тірлік.

Екіншіден — қазір кей ру өкілдері өздерінің руларына Фонд ашып алған, соған барлығы ақша лақтырып, өздерінше бөлектеніп істейтін тірліктері бар, бұлда надандықтың белгісі деп білем.

Үшіншіден – қол астына жұмыскерлерді рулық саясат ұстанып таңдайтын бастықтарда бар, олда надандыққа жатады.

Осының бәрін ескере келе, қазаққа руға бөлінуді қою керек, ру деген адамның өзіне, жеті атасын білу үшін, шыққан тегін білу үшін керек дүние».

 

        Бұл сұраққа Шеркешбай былайша жауап беріпті:

        «Бірақ, сенің салған жерден «руыңды айтып мақтан ба, ол қазақ мәдениетін кері сүйрейтін «тежеуіш (тормоз)» рол атқарады дегеніңе келіспеймін.

Тарихқа үңілсек, Ұлы Жаратушы – Алла Адам Атамыз бен Ауа Анамызды жаратқалы бері 70 000 жыл болды делінеді. Содан бері жер бетіне қаншама мыңдаған ұлт келіп, қаншама мыңдаған ұлт жойылып кетпеді. Қазақ осы рулық жүйесін сақтағандықтан ғана, сол жетпіс мың жылғы Адам атамыздың «қарашаңырағын» сақтап отыр.

Әңгіменің ашығын айтқанда, руды жамандап, Дарвин ілімін басшылыққа алушылармен сыйласуға менің ешқандай құштарлығым жоқ. Бұны сен қалай түсінсең, олай түсін. Ол сенің өз шаруаң. Елімізде сенсіз де «Атам маймыл, Анам мені маймылдан туған» деп шапқылап жүргендер жетіп артылады. Мектеп оқулығымызда «адам маймылдан пайда болған, адамзаттың атасы маймыл» деп жазулы тұрса, басқаша болуы мүмкін де емес қой. Бүгінгі тарих пен тіл ғылымының миларына ғылыми «ота» жасау керек. Мұны қазір жасамасақ, кейін кеш болады. Ауру қатты асқынған да ешқандай «ота» көмектесе алмайды.

Себебі, «шала қазақ» емес, нағыз қазақтардың атасын (атасы деп отырғаным руының аты) сыйлап, оның елге үлгі болған игі істерін үнемі естеріне алып, онымен мақтанып жүрсе, оның несі айып. Інім есіңде болсын, мұны тек Дарвин ілімімен «мұздай» қаруланғандар ғана мойындай алмайды.

«Жұрттың пікірін білгің келсе» Мен саған тарихшы ретінде, ежелгі аталарымыздың да пікірін айта кетейін. Олар ешқашан Ру жамандап, оларға тіл тигізбеген, керісінше, олардың жақсы істерін біліп, тек қана сол үшін мақтанған. Біздің де жалғастырып отырғанымыз осы. Ата шежіресі мен тарихын жақсы білеміз. Әйтпесе, олармен қалай мақтанасың? Өзің ойлап қарашы, Әлемге аты әйгілі, соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы тұлғасы деп, бүкіл әлем елдерімен (ЮНЕСКО) толықтай мойындалған, бүкіл әлемге әділдікпен билік жүргізген (оған өз айналасынан тіпті өзіне бағынған бүкіл әлемнен бірде-бір адам, бірде бір ел қарсы шығып сатқындық жасамаған, күні кешеге дейін бүкіл қазақ әулие деп әспеттеген) Қазақтың Ұлы қағаны Шыңғысхан атамызбен неге мақтанбасқа?! Аталарымыздың теңдесі жоқ асқан білімді, асқан дарынды, асқан ақылды, асқан батыр, асқан қолбасшы болғаны үшін неге мақтанбасқа?! Осындай асыл текті ұрпақты дүниеге әкелген, асыл текті ұлтымыз, асыл текті руымыз үшін неге мақтанбасқа?! Інім Есіңде болсын. Ұлы Аталарымыз «Тектіден текті туады» деген мақалды саған босқа қалдырып кеткен жоқ.

Руларын (аталарын) мақтап, ескерткіш қойып жатқандар, қазақты ешқашан бөлінуге апармайды. Оның түпкі қорытындысы керісінше болады. Өзің ойлап қара. Мысалы, елге жақсы ісімен үлгі болған Атасы үшін ұрпақтары мақтанып, оны ру атына айналдырып алып, үнемі мақтанып жүрсе, сондай жандарға көшенің атын берсе, ескерткіш қойса оның несі айып. Кімге оның қандай зияны тиіпті. Өзінің әкесімен, тікелей атасымен, арғы ру атын иемденген аталарымен (Қазақ деген ұлт атауы да, ең түптегі ру аты М.Қ.)  мақтана білген жан, ұлты үшінде мақтана да, оны қорғай да алатын болады. Оған күмәнің болмасын? Мұны тек Дарвиннен (атамыз маймыл деген) тәлім алғандар ғана түсіне алмайды. Бұған қарсылық білдірушілерді, жетелейтін «жетек» тек қана "қызғаныш" деген сезім. Оларға айтарымыз, біреудің жақсы атасын босқа қызғанғанша, өзіңде соған ұқсауға тырыс. Өз тегіңде зерттеп, жақсы атаңды тауып, сенде ұлықта, сенде мақтан. Бұның аты жақсылыққа жарысу болады. Ал сен айтқан «тірлік», кім бұрын «маймылға» бала боламыз деп жарысу болады.

Менің жоғарғы бірінші жауабымдағы бүгінгілердің ата-аналарын қарттар үйіне тапсыратын ең жаман азғындықтың қайдан келіп жатырғанын саған айтқанмын. Енді солардың қасына Қазақстанда өткен жылы Көкшетауда «Нудистер» форумының өткенін (Ресейдің Омск қоғамы өткізді), көптеген Гей клубтардың масқарасын (Құманғазы атамыз бен Пушкинді сүйістіріп қойған), гейлер мен лесбилердің шектен тыс көбейіп бара жатқанын, өткен жылы екі қыздың некеге отырғанын, қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері қылмыс жасамайтын бірде-бір адамның қалмағанын (пара алатын шенеуниктер пара бермейтін адамды қалдырмады, тіпті сәбилерден алып жүр (бақша үшін)), күні кешегі қазақ қыздарын, келешек ұлт аналарын «Қазақ аруы» байқауын өткіземіз деген сылтаумен көпшіліктің алдына (сахна) «жалаңаш» шығарғандарын, сол сен мақтаған елдерге еліктеп бала сатып байып жатқанымызды т.т. қосып қоя беріңіз. Жарайды, ары қарай тізе беруге жүрегім шаншып кетті. Сен қазір қасымда болсаң, миыңды мылжалап, ішіне «ғылыми ота» жасап берген болар едім.

      Қысқасы, Атасымен мақтана білген жандар, соларға ұқсап бағуға тырысады. Ал сен ұсынған жолмен кетсек, адамдар қорғайтын (ар-иманы, отбасы және Атамекені) арларынан жұрдай болып тек қана «ақша», «ақша», тағы да «ақша» дейтін болады. Бүгінгі орыс тілді билік иелерінің Ар-ұяттан жұрдай болып, жаппай пара алып, көбінің ел байлығын миллиардтап тонап, шетелге қашатындарының сыры осы.

Бірінші, екінші, үшінші сұрағыңызға айтарымыз:

Мен мынадай руданмын (рудың аты кез-келген қазақтың, тек қана жақсы істерімен үлгі болған, елге танымал атасының аты) деп мақтана алмасаң, онда кіммен мақтанасың «Дарвиннің» ілімімен бе?

Әлдеқашан сүйрегі қурап қалған атасының атына фонд ашып, күні-түні еңбектеніп тапқан қаражатын, балаларының аузынан жырып соған салып, олардың ұрпақтарына қиын жағдайда көмектесіп отырса, мен оны бұл дүниедегі теңдесі жоқ ең ұлы ерлік деп бағалаймын. Рулар фондыны тек қана сол үшін құрады. Сол қаражаттан жетім-жесірлеріне, жағдайлары келмейтіндеріне көмектесіп отырады. Біз оны амалсыздан істеп отырмыз. Сенің орыс тілді билігің елдің бар қаражатын тонап алып шетелге қашпай, жарлы-жақыбай, жетім-жесірлерге қарайласқанда біз (қазақтар) мұны жасамаған болар едік. Айтшы! Сен кімнің мүддесін қорғап жүрсің? Сенің ой-пікіріңнен, қазақтың шежіре-тарихын білмейтіндігіңнен, қазақтың ұлттық салт-дәстүрінен, ұлтымыздың бүгінгі жағдайларынан хабарсыздығыңыздан орыс тілді билік иелерінің айналасында жүргеніңді айқын аңғаруға болады.

Үшінші айтқаның олардың бәріне түгелдей қатысты емес. Көптің ішінде ала да, құла да болады. Бұл жөнінде Ұлы Аталарымыздан «бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді» деген мақал қалған. Құмалақ кімде жоқ. Шындығында бізде тек қана бір құмалақ болса, сен қорғап отырған жүйедегі құмалақтарды санап тауыса алмаспыз. Бірақ, біздегі бір «құмалақ» бұл сен айтқандай «жазылмайтын жара» емес. Оны емдеудің еш қиындығы жоқ. Атасын сыйлап, әлдеқашан өлген аталарының басына сәнді кесенелер салып, туған-тумаласымен, жетім-жесірлерлеріне қарайласа жүретін жандарға ол ешқандай қиындық туғызбайды. Оларға, осы менің саған жазған жауаптарымда жеткілікті. Олар сол «бір құмалақ» болмаудың барлық шарасын алатын болады.

Саған әңгімемнің ең соңында айтарым, екеуміз екі тілде сөйлеп, екі тілде ойлап отырмыз. Қысқасы, Мен Атаммен (руыммен) мақтанайын, Сен кіммен мақтансаң онымен… мақтан. Төрелігін ел айтсын.

Ақылың болса, осы сөзге тоқтағаның жөн болар?».

     Қосарым: Рудың қазақ үшін аса қажет екенін мойындамай, оны жамандағының, өзіңді дүниеге әкелген әкең мен шешеңді, одан арғы Аталарың мен Аналарыңды және ұлтыңды  мойындамағаның және жамандағаның. Бұлардың бәрі бөлінбейтін біртұтас дүниелер. Бұларды бөлшектеудің соңы құрдым. Одан кейін шығатын жол жоқ. Атаңды мойындамағаның, ол сенің маймылды атам деп мойындағаның. Ал, маймыл ешқашан адам бола алмайды. Себебі, Ұлы Жаратушы – Алла оларға сана бермеген.

     Одан ары не болатынына келсек, бұл жайлы Атам Қазақ: «Атаға қарап ұл, Анаға қарап қыз өсер» деген. Еске ұстайық! Маймылға қарап бой түзеген елдің (ұлдың да, қыздың да) келешегі болмайды.

Бұл сұрақтың жауабын, яғни «Кімнен кім туады?» деген сұраққа әлемге әйгілі Майқы би (Ұлы Жүз-Үйсін) атамыз былай деп жауап берген екен:

"Тұлпардан тұлпар туады,

Сұңқардан сұнқар туады,

Асылдан асыл туады,

Жалқаудан масыл туады,

Масылдан мал бақпас туады,

Тілазардан қылжақбас туады,

Таздан жарғақбас туады,

Сараңнан бермес туады,

Соқырдан көрмес туады,

Мылжыңнан езбе туады,

Қыдырмадан кезбе туады,

Маймылдан маймыл туады"

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстаудан
...