+1 дауыс
2.2k көрілді
Математик Мұқтарбай Өтелбаев атамыз әлгі "мың жылдық" шешкен есебін дәлелдей алды ма екен?Сонымен не болды?

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Жыл басында ҚҒА академигі, Еуразия математикалық институтының директоры, профессор Мұхтарбай Өтелбаев өзі 30 жылдан бері ізденіп келе жатқан әйгілі Навье-Стокс теңдеуінің шешімін тауып, орыс тілді «Математический журнал» басылымына ұсынған болатын. Бірақ, бір ай өтпей жатып Монтгомери-Смит ғалымдары шешімнің олқы тұсын байқап, Өтелбаевты хабардар еткен. Енді ол расында қателік жібергенін мойындап отыр.

«Өкінішке қарай, 56- беттегі теңсіздік (6.34) — дұрыс болмады, яғни, 54 беттегі ұсыныс (6.3) дәлелденбеген… Мен абстракты теорияны шешу кезінде бір жерде дұрыс формула қолданбаппын» деп жазған қазақ математигі Монтгомери-Смит институтына жіберген хатында.

Математик қазір теңдеудің қиын түйіндерін шешу барысында кеткен қателіктерімен жұмыс істеуге кіріскен. Ол үш айдың ішінде теңдеудің толық шешімін беруден үмітті.
Егер Өтелбаевтың бұл ойы жүзеге асса, 2000 жылы Клэй математика институты әрқайсысына миллион доллардан ұсынған мыңжылдықтың жеті жұмбақ есебінің екіншісін шешкен оқымысты ретінде тарихта қалады.

Еске сала кетейік, жеті есептің біреуін — Пуанкаре гипотезасының шешімін Ресей математигі Григорий Перельман тапқан. Бірақ ол сыйлықтан бас тартқан болатын.

Ақпарат көзі: http://aynaline.kz/archives/2024

+2 дауыс
Есебін Мәскеуліктер қарап жатыр деген.Сол Мәскеуді бітірсем Америкаға шығам деген еді.Әлі қарап жатыр -ау.
...