Сіздер де бізді түсініңіздер!!! Кезінде мен алдымен редактор болдым. Ол кезде де сұрақтардың барлығын өңдеп, жасырып отырдым. Қазір модератормын, модератор болған кезде де, көбінің қатесін түзетемін, кейінің сұрағын жасырамын деп, талайынан сөз естідім. Қаншама сөзім бос кетті, қанша рет жүйкеме тиетін де, намысма иетін сөздер де естідім. Сол еңбегімді бағалды ма біреуі? Жүйкемді құртып, осы сайтқа кеткен еңбегімді бағалған жоқ. "Бағалады" деу де қолдарыңнан келмейді, Себебі, дауыс та бермеген. Маған дауыс маңызды да емес. Бұл сайтқа кіріп те жүрген жоқпын, себебі, сайттағы ешкімге қажет те емеспін. Жако ғана іздеген мені.
Тағы бір айтарым, админнің өзін көріп те жүрген жоқпыз. Сол жұмыс жасағн модераторларға сыйлық берілді ме? Сыйлық демей-ақ қояйын бір рет те болсын рахмет айталды ма? ЖОҚ! Айтылмақ түгілі, қайта оларды мінеп-сынаудан басқа ештеңе істемедіңдер! Тегіннен тегін, осы сайтқа бар уақытын беріп отырған адамдарға ешқандай құрмет болмаса, кімнің жұмыс жасауға ынтасы болады? Ешкімнің! Маған бұл жерде сыйлық немесе құрмет қажет деп отырған жоқпын. Тек сыйлай біліңдер, еңбегін бағалаңдар дегім келеді. Дауыстың да қажеті жоқ маған. Бұл сайтқа кіріп жүргенім жоқ, тек осы сауалнамны көріп, жауап жазуға тура келді. Мені қажет етпесе, мен де оларды қажет етпеймін!
ПыСы: Мені модераторлықтан ала беріңдер, мен жасарымды жасадым, енді келіп кетер ештеңе жоқ!