Құрғақ шашқа зәйтүн майын аптасына 1 рет жағып тұрыңыз.
Құрғақ шашқа арналған маска
Бір ас қасық кастор майын, 1 ас қасық қою шай тұнбасын және бір қасық арақ қосып араластыру керек. Одан пайда болған қоспаны шаштың түбіне жағыңыз және 2 сағаттай ұстаңыз. Уақыт өткен соң шашты жылы сумен жақсылап жуыңыз.
Шашты жуып орамалмен кептіргеннен кейін жуан тісті тарақпен тарайды. Сондай-ақ оны ұшынан бастап тараған жөн.
Ал шашты фенмен кептірген жағдайда оның режимін жылыға қойып, 15-20 см. қашықтықта 20 минуттай ұстап тұрып кептіреді. Бұлай кептірген шашқа ешқандай зиян келмейді. Егер шашты тез кептіргіңіз келсе феннің режимін күшейту керек. Мұндай да ыстық ауамен кептірмес бұрын шашқа арнайы ласьон жағу керек. Шаштың табиғи әдемілігімен жылтырлығын сақтау үшін күтім жасап қана қоймай, күнделікті ішіп жейтін тағам құрамындағы дәрумендер мен минерал құрамында көбейте түсу керек. А,С,Е дәрумендері шашқа әдемілік пен көлем береді.