Сессияға кім, қалай дайындаламын десе де өз еркі. Кімге яки неге сенеді , қай тәсілді қолданады, оқып кіре ме, жоқ па, қысқасы, бұл мәселелер индивидуалды, қалыптасқан мүмкіндіктерге қарай шешіледі.
Студент болғандар " ауырдың астымен, жеңілдің үстімен " жүрудi қалейді. Тәртіп қатал. Қатая бермек. Деседі…
Амалын тауып, айласын асыратындар бар," өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап" -деп, өзін бір қайрап жіберіп, дайындықпен кіретіні,«бұйырғаны болар»- деп қолын бір сілтейтіні, тағысын-тағылар бар.
1. Шпаргалка талайларды құтқарған, қиын сәттерде демеу болып, көмектескен шпаргалка. Түні бойы көз ілмей, оқуға уақыт табылмаса да, әдемілеп, әспеттеп тұрып қиюға уақыт табылатын шпаргалка.
«Біздің жақта» бұл бір кереметке сенетіндер аз. Бейнебақылау, қатаң тексеріс, бақылаушылар, қысқасы, қара сия түскен ақ парақтың кесірінен жазғы семестрге қалғысы келмейді ешкімнің.
Тіпті, мүмкіндік туып тұрғанның өзінде, оның басты кемшілігі:
* Қолыңыздағы шпаргалка сіз сияқты бірқатар студенттің қолында бар. Яғни, сұрақтар қайталанған жағдайда, мұғалім біп- бірдей бірнеше жауапты байқайды. Сәйкесінше, «көшірме» жұмыс жоғары бағаланбайды.
Шпаргалка керек. Бір жағдайда: жеке өзің жасаған және емтихан алдындағы дайындық үшін ғана.
2. «Ноу-хау» немесе сандық құрылғылар. Бұлардың қатарында ұялы телефоннан бастап, микроқұлаққап, шпаргалка- сағат, тағы басқа жоғары технологияның " жетістіктері" бар.
Емтиханда қатаң түрде тыйым салынса да, олардың жарнамасы толастамайды. Желілерде. Сұраныс бар жерде- ұсыныстың да бар болуы заңды.
Кемшілігі:
* микроқұлаққаптан зардап шеккендер туралы естіп, емтихан үшін десаулығына зақым келгені тәуекелдің қаншалықты " ақталғанын" көрсетеді- деген ойға келесің. Сіздің "ғажап" құрылғыңызды байқап қойған жағдайда емтиханнан шығып кету тәуекелі тағы бар. Оның үстіне сіз емтихан сұрағынан гөрі " Мынау іске қосылып тұр ма?" " Іске аспай қалса біттім ғой..." " Оң қалтамда телефон, сол қалтамдағының батырмасын бассам" деген сияқты ойларды алаңдаумен боласыз.
3.Шпаргалканы тартып алды, телефоныңыз сөніп қалады, бірақ, сіздің оқығаныңыз, жаттағаныңыз, есте сақтағаныңызды сізден ешкім де тартып ала алмайды, миыңыздан шығара алмайды. Сондықтан, алып-қашпа сөзге сене бергенше, " ақылды" құрылғыларыңызды сынағанша, дайындыққа ертерек кірісіңіз. Сіз тапсыратын пәндегі ең маңызды, кез-келген сұрақтың мәнін аша алатын тақырыптарға көбірек мән беріңіз, еңбегіңіз бағаланатынына күмәнім жоқ. Еңбекпен, дайындықпен алған баға бәрінен артық! Өзіңізге сеніп, саспай, аспай, тиянақты, ұқыпты жауап беруге барынша тырысыңыз. Сонда бәрі де орнымен, дұрыс болады.
Сессияда сәттілік серік бола берсін!