0 дауыс
661 көрілді
Кейде адамдарда, саудада, үйде, көшеде бiр-бiрiнен зат, ақша, бұйым сұрағанда жоққой деп айту, адамның жағдайына әсерiн тигiзедiме?
Мысалы:
 
 -Сауда қалай?
 -Сауда жоққой.

 -Ақша бере тұрш
 -Жоққой.
 
 Деген сияқты сөздер?

2 жауап

0 дауыс
Әрине кері әсер етеді.Жалпы апалар жоқ дегенді көп айта берме деуші еді.

«Жоқ» деп айту оңай емес

Бірдеңеден бас тарту адам табиғатында емес. Чалдини «Ықпал ету психологиясы» кітабында адамдар мүмкіншіліктерді ашық қалдырғанды ұнататындығын атап көрсеткен. Сол себепті адамдардың басым бөлігі «иә» дегеннен гөрі, «білмеймін» немесе «мүмкін» сөздерін пайдаланады. Қазір ХХІ ғасырдың қиын уақыттары. Интернеттің өзі демалу, жұмыс істеу және ақпарат алмасудың үлкен мүмкіншіліктерін ұсынады. Сәтті болған сайын сіздің басыңызға көп ұсыныстар түсіп жатады. Соған байланысты көптеген нәрселерген оңай жоқ деп үйрену керек. Бірақ қазір не болып жатыр? Көптеген әдебиеттерде насихатталатын ой: «өз сәтіңді күт», «сәттілікті қолдан жіберіп алма», «ойланба – істе!». Сол себепті бізге келген барлық ұсыныстарға жармаса береміз. Көптеген кездесулер мен жиындарға бара бастаймыз.

Адамдар арасында  «жоқ» деп айта алмайтын адамдар да баршылық. Ақылы мен жүрегі де қарсы болып тұрса да, келісіп жатады. Өзі қарсы болған әрекетті орындамау үшін денесі де қарсылық келтіре бастайды. Әдетте, келісудің артында басқалардың пікіріне тәуелділік жатыр. Себебі, олардың алдында қандай күйде қаламын, мен жайында пікірлері қандай болар деген қорқыныш. Эгоист, өзімшіл, жаман адам секілді пікірлерді де естіп жатады. Бірақ ондай пікірлерді кез келген адам өз өмірі бойы естіп келеді.   

Басқаларды ренжітпеу

Біреуге «жоқ» деп, ренжітіп алармын деген қорқыныштан аулақ болу керек. Бірақ оған қарағанда «иә» деп, бірақ әрекетті істемеген одан да жаман. Ең әділі, басында бас тарту керек еді. Сонда ешкімді алдмаған болып шығамыз. Адамдарға жағдайдың бәрін түсіндіріп берсе, ешқандай қиыншылық туындамайды. Адекватты адамдардың барлығы айтылған себептерді дұрыс түсінеді. Бірақ осыдан кейін, сіздің «иә» деген сөзіңіз салмақты естіледі.

«Жоқ» сөзін пайдалану

Қандай жағдайда «жоқ» деу керегін мақсаттар айқын болғанда ғана айтуға болады. Алдағы 5 жылдық жоспарды жазып, солар бойынша бағыт ұстап отыру керек. Түпкілікті мақсаттар белгілі болғанда таңдау жасау жеңіл болады.
0 дауыс
Адамның кез келген сөзі, ойы тартылыс күшіне ие дейді ғой. Жоқ деген сөзді көп қолданбаған дұрыс деп ойлаймын. Бәріне шүкіршілік ететін халықпыз ғой. Ауызды қу шөппен сүрткеннен ештеңе өнбейді.
...