Тренировкаға барып жүргендердің қатарында мен де бармын. Барып жатқаныма 3 айдың жүзі болып қалыпты. 6 айға жазылған болатынмын.
Біріншіден алғашқы тренировкаға барып жүрген адамға күнде барудың қажеті жоқ. Аптасына 3 мәрте бару жеткілікті. Онда да күн ара барған дұрыс. Мысалы мен. Дүйсенбі, Сәрсенбі және Жұма күндері барамын. Күнде бару организмге ауырлық етеді.
Екіншіден таң атпай жатып жүгіріп, тренировкаға барудың қажеті жоқ. Мен ұйқыдан 9-да тұрып, таңғы асымды ішіп барып сағат 11-лер шамасында барамын. Тренировка жасауға ең қолайлы уақыт ол сағат 12-мен кешкі 6-ның арасы. Ұйқыдан тұрған соң организм ояну қажет. Түні бойы қорытылған судың мөлшерін толтырып барып, тренировканы бастаған дұрыс.
Тренировканы бастамас бұрын міндетті түрде денені қыздырып алғаның дұрыс. Қыздыру үшін жүгіретін жолда кемінде 5-10 минут жүгіріп алсаң жақсы. Денең қызып, шекеден тер шыға бастағанда нағыз тренирокамен айналысатын кез.
Мүмкіндігінше қасыңда өзіңе қалай істеу керектігін көрсететін танысың немесе залда тренирокамен айналысып жүрген жігіттерден, ал ең дұрысы бастапқы кезде ақылы түнде қызмет көрсететін сол залдың тренерлерімен жұмыс істеген дұрыс. Ол саған қалай штанганы дұрыс көтеру керек, қалай қолды ауыртып алмау, қалай жұмыс істеу керектігі туралы ақылдарын айтып, қасыңда қадағалап жүреді. Өзің алғаш барып жасайтын болсаң, меніңше дұрыс емес. Себебі иықтарыңды немесе басқа да жеріңді ауыртып алу қауіпі бар.
Штанга көтерерде, бос темірмен 15-20 мәрте көтеріп алдымен денені үйретіп аламыз. Содан кейін аздап 10-5 кг салмақты қосып көтере бастаймыз. Әрине қауіпсіздік ережесін де сақтаймыз. Әлін білмеген әлек демекші, шамаңа қарай салмақты қосқаның дұрыс. Өзіндік салмақты біліп алған соң ғана аптасына 2,5-5 кг салмақты ақырындап қосып отырамыз.
Тренировкадан кейін міндетті түрде тамақтануды ұмытпа. :)
Саған қажет болатын жазбалар:
http://yvision.kz/post/352632
http://beu.kz/category/%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D0%B1%D0%B5%D1%82/%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B5-%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5-%D1%81%D0%BF%D0%BE%D1%80%D1%82/