+1 дауыс
13.1k көрілді
Бұралаң ,сылдыр -сылдыр  ,сыбдыр -сыбдыр ,шақылық -шақылық ,маң -маң ,дүр , шолп -шолп, ирелең , желп - желп , шатыр -шұтыр ,жарқ.

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Біз гүл теруге барғанда бұралаң жолмен жүріп бардық. Жолдың бойында арық бар екен, арықтың суы сылдыр-сылдыр етіп ағып жатыр. Жол жөнекей сыбдыр-сыбдыр еткен шөптің дауысын естуге болады. Өзеннің арғы бетінде маң-маң басып бір топ түйелер жүр екен. Бізді көрген түйелер дүр етіп орындарынан тұрып шолп-шолп етіп өзенге түсті. Олардың шудалары желмен есіп желп-желп етеді. Бір уақытта күн күркіреп, шатыр-шұтыр етіп, найзағай жарқылдап жаңбыр жауды. Біз үйге қайттық... осылай болады ма?)))))
Рахмет маган катты унады )Маган комек бергенинизге рахмет
иа маған да осы керек еді, көп, көп рахмет !
0 дауыс
МММММ спасибо мне какрас нужен был этот текст
0 дауыс
Мағанда дәл осы керек еді көп көп рахмет
0 дауыс

Гүл тере барғанда

Жаздың жайма шуақ күнінде әпкем екеуміз гүл теруге ауыл маңындағы бұралаң жолмен Алатаудың етегіне бет алдық. Екеумізді самал жел желп-желп етіп өзімен ерітіп барады. Айналадағы ағаштардың сыбдыр-сыбдыр еткен дауысынан дөйттеген жерге қалай жеткенімізді аңғармай да қалдық. Тау етегінде өзеннің суы сылдыр-сылдыр етіп ағып жатыр екен. Өзен бойын мекен ететін шықылық-шықылық еткен құстардың дауысы да естіледі. Ал, ауылдың балалары сол өзен жағасында асыр салып ойнап,шолп-шолп етіп суға шомылып жатыр. Кенет өзеннің арғы бетінде маң-маң басып жүрген бір топ түйеге көзім түсті. Бізді көрген түйелер де дүр ете қалды. Осындай табиғаттың ерекше көрінісін тамашалап, гүлімізді одан әрі тере бердік. Кеш қайта,күн күркіреп, жаңбыр жауды. Әпкем екеуміз қолымызға терген гүлімізді алып,үйге қайттық.

0 дауыс

Гүл тере барғанда

Жаздың жайма шуақ күнінде әпкем екеуміз гүл теруге ауыл маңындағы бұралаң жолмен Алатаудың етегіне бет алдық. Екеумізді самал жел желп-желп етіп өзімен ерітіп барады. Айналадағы ағаштардың сыбдыр-сыбдыр еткен дауысынан дөйттеген жерге қалай жеткенімізді аңғармай да қалдық. Тау етегінде өзеннің суы сылдыр-сылдыр етіп ағып жатыр екен. Өзен бойын мекен ететін шықылық-шықылық еткен құстардың дауысы да естіледі. Ал, ауылдың балалары сол өзен жағасында асыр салып ойнап,шолп-шолп етіп суға шомылып жатыр. Кенет өзеннің арғы бетінде маң-маң басып жүрген бір топ түйеге көзім түсті. Бізді көрген түйелер де дүр ете қалды. Осындай табиғаттың ерекше көрінісін тамашалап, гүлімізді одан әрі тере бердік. Кеш қайта,күн күркіреп, шатыр-шұтыр етіп, найзағай жарқылдап жаңбыр жауды. Әпкем екеуміз қолымызға терген гүлімізді алып,үйге қайттық.

0 дауыс

Жаздың басында мен досыммен бірге гүл теруге бардым. Ирелең, бұралаң жолмен жүріп келе жатып, қустардың шықылық-шықылық еткендерін естисің. Сылдыр-сылдыр етіп ағып жатқан таза бұлақтан жолай су іше бардық. Сыбдыр-сыбдыр еткен көк шөп көздің жауын алып тұрады. Самал жел желп-желп етіп өзімен бірге ертіп барады. Өзен жағаларында маң-маң басып жүрген бір топ түйелер де жүр. Табиғаттың әсемдігін тамашалап жүргенде қалайша ең әдемі, сұлу және ең көрікті бір топ гүлдерді жинап үлгергенімізді байқамай да қалдық. Біз қайтарда күн күркіреп, аспан дүр ете қалды да жаңбыр жауа бастады. Өзенге жауын-шашын тамшылары шолп-шолп етіп түсіп жатты. Біз үйге келіп, терген гүлдерімізді бір құмыраға салып қойдық. Ол үйге хош иіс беріп, өте сәнді көрініп тұрды

...