ҰБТ-ға дайындалу барысында жаттаған тесттерімді ұмытпас үшін не істеу керек?

0 дауыс
921 қаралым
Мен ҰБТ-ға дайындалу барысында жаттаған тесттерімнің көпшілігін ұмытып қала беремін. Не істесем болады?
• Санаты: ҰБТ жайлы

4 жауап

0 дауыс
Бар ынтаңмен түсініп оқу қажет.Кешке қайталап таңертең ерте оқысаң есіңе кіреді
Белгісіз
0 дауыс
Менде де сондай жағдайлар кездеседі.ҰБТ дайындықта жазып содан жаттасаң есіңде қалады.Ал тек былай ауызша жаттасаң ұмытып қаласың,күнде дайындалу керек.Таңертең ертемен дайындалсаң есіңде күшті қалып қояды.ҰБТ-да жақындап қалды,саған сәттілік тілеймін!
0 дауыс
Тест жаттама. Информацияны жатта. Теория, ереже, шығару жолы деген сияқты. 1+1=2, 2+1=3,3+1=4... 99+1=100 деп жаттағаннан кез келген санға 1-ді қоссаң, сол саннан 1ге үлкен сан шығатынын түсініп алу оңай ғой. Сол сияқты информацияны түсініп алу керек. Әр пәнге байланысты информацияны көз алдыңа елестетіп, мысалдар көріп, интернеттен іздеп, жазып, соны біреуге түсіндірсең(!) есіңде жақсы сақталады. Сосын күніне арнайы уақытыңды бөл. 24 сағат дайындалуға болмайды. 8 сағат ұйқы-8сағат ЕНТға дайындық- 8 сағат демалысқа, таза ауаға, достарыңа, отбасыңа көңіл бөлуге жұмса. Сәттілік!
0 дауыс
сол тақырыпты түгелімен оқу керек.Тек жылдарды жаттамай.Әншейін оқи салмай керек.Сосын жаттағандарыңын қысқаша қылып дәптреге жазп шық,жарты беттей.Кейін ұбтға жеткенше бір екіі дәптер толу керек.Соны оқып жүр.қай жерде болса да.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
4 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы