–2 дауыс
1.3k көрілді
Қасқыр күйін кім шығарған?  Өте әдемі күй.  Қасқырдын ұлығанын салады. Қобызбен тартқан. Көріңіздер. Өте жақсы күй.
Ехок ханым! Не жазғаныңызды түсіндіріңізші? Чо эт такое?
Жазып жатқанда қате басылып кетіпті.Одан кейін өңдей алмадым.Орынбасар.Сен редакторсың ғой.Өңдей алмайсың ба????????????/////
Сіз менің атымның Орынбасар екенін қайдан білдіңіз? Қандай текст түсініксізғой. Текстті жазыңызшы.
Ойбу мынаны осымен 3 рет өңдедім. Немене болған мынаған?
Редакторларлың қалай өңдейтінін білмеймін.Мен жазып жатқан
кезде вставить басылып кетті

1 жауап

0 дауыс

Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. Бұл аспап халқымыздың тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерімізді күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұрамыз бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А.Затаевич. Осының салдарынан ХХ ғасырдың басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері 19 ғасырдың ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы. Дегенмен жоғалып жойылып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін өмірге қайта оралтып «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралармен ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар зор тұлғалы музыканттарымыз Жаппас Қаламбаевпен (1909-1970) Дәулет Мықтыбаев (1904-1976) тұрды. Біздер осы екі өнер саңлақтарына шексіз қарыздармыз. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып қалдырып кеткеніне шүкір дейміз. Қобызда ойнап ең алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан. (1)

Ұқсас сұрақтар

...