0 дауыс
1.2k көрілді
Биік өкшелі аяқ киіммен жүріп үйрену үшін қандай жаттығулар бар?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Алғашқы қадамдар
1.Егер биік өкшелі аяқ  киіммен жүруді жаңадан үйреніп жүрген болсаң, жерде бекем тұратын, басы доғал, 5-7 сантиметрлі төртбұрыш өкшелі туфли таңдаған жөн. Мұндай аяқ киіммен өзіңді біраз сенімді ұстауға болады. Тобық айналасында бауы бар босоножкалар немесе жабық туфлилер де жарақат алудың алдын алады.
2.Бірінші кездері биік өкшені тек үйде ки. Бірнеше сағат жүрген соң жаңа биіктікке үйреніп қана қоймай, туфлиді біраз кеңейтесің. Мұнда ең бастысы – машықтану екенін ұмытпа!
3.Алғашқы қадамдар жасағанда аяғыңды түзу ұста. Баяу қозғалып, әрдайым келбетіңді түзу ұстауға тырыс. Анда-санда тоқтап, пәтер ішінде қозғалып жүр.
4.Егер биік өкшелі аяқ киіммен түнгі клубқа бармақ ойың болса, би жаттығуларын үйде жасап машықтанып ал.
5.Баспалдақпен көтерілгенде таянышқа жақын жүр және баспалдақ сатысына тек туфлидің табанын қой. Түскенде – табанымен де, өкшесімен де жерді бас.
6.Аяғың ауырғанын сезе бастасаң, біраз демал.
7.Үйде машықтанып алған соң жақын маңдағы дүкенге барып көр. Тегіс емес жермен жүру тепе-теңдікті шынықтыруға көмектеседі және жүрісіңді нығайтады.
8.Жүрген кезде салмақты табанға түсір. Осылайша жүрісің барынша кербез және әсем болады.
9.Орташа биіктіктегі туфли киіп үйренген соң, біз өкшелі туфлилерге көшсең болады.
...