0 дауыс
7.6k көрілді
Психологиялық тест, ойындар бар ма?
үлкендерге ме,балабақша балаларына ма әлде жай өмірге керекті ме? қайсысы керек
Белгісіз

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамның нақты физиологиялық жасы оның психологиялық жасымен бірдей ме? Мамандардың айтуынша адамның шын жасын оның өмір сүріп келе жатқан жылдарының саны емес, психологиялық жағдайы мен өмірде көрген тәжірибесі анықтайды екен. Ал сіздің психологиялық сағатыңыз қандай жасты көрсетеді?
Төменде көрсетілген25 тұжырымдыоқып, қаншалықты келісетіндігіңізді анықтап, оған мынандай баға беріңіз:
Егер тұжырыммен толықтай келіссеңіз – 4 ұпай;
Егер жартылай тұжырыммен келіссеңіз – 3 ұпай;
Егер тұжырымның бір бөлігімен ғана келіссеңіз – 3 ұпай;
Егер тұжырыммен келіспесеңіз – 1 ұпай.
1.Мен қалжыңдарды жақсы түсінемін, әзілдерді көтере аламын.
2.Менің ішкі түйсігім (интуиция) жақсы дамыған, басқаларды да бірден түсінемін.
3.Менің болашағым көптеген қызықты оқиғаларға толы.
4.Басқалар менімен дос болуды қалайды, мен басқаларға ұнаймын.
5.Маған ұқсамайтын, менің көзқарастарыммен келіспейтін адам да мен үшін қызықты болып, маған ұнай алады.
6.Кішкентай балаларды жақсы көремін.
7.Түрлі қиын тапсырмаларды шешкенді ұнатамын.
8.Қандай да бір істі бастағанда, оны барынша жақсы істеуге тырысамын.
9.Түрлі оқиғалардың себептері мен үшін қызықты.
10.Жұмыстан басқа айналысатын хоббиім көп.
11.Өмірдегі кез келген өзгерістерді жақсылыққа деп болжаймын.
12.Менің жұмысым басқаларға пайда әкелетіндігіне сенімдімін.
13.Армандар мен қияли ойларға салыну мен  үшін үйреншікті іс.
14.Жақсы музыка менің көңілімді көтере алады.
15.Жаңашылдықты жақсы көремін, жаңа ойларды қуана қабылдаймын.
16.Қиындықтар алдында бой алдырмаймын, қайта тырысып, дегеніме жетемін.
17.Менің күлкім әр уақытта шын көңілімнен шығады.
18.Ең үлкен сырларым мен құпияларымды айта алатындай досым бар.
19.Физикалық белсенділік, спорт, жаттығулар өмірімнің таптырмас бөлігі.
20.Жаңа адамдармен танысқанды ұнатамын.
21.Қазір қолымнан келмейтін жаңа бір іспен айналысқым келеді.
22.Мен әр уақытта тартымды, сымбатты болғым келеді, соған уақытымды бөліп, тырысамын.
23.Кішкентай қиындықтар менің көңілімді бұза алмайды.
24.Мен өмір сүріп жатқан кезеңім өзіме ұнайды.
25.Менің сәтім түсетін "жұлдызды" уақытым әлі алда.
Ұпайларды өзара қосып, нәтижені оқыңыз.
75 ұпайдан артық
Биологиялық жасыңызға қарамастан, сіздің бойыңыздағы жігер мен күш, өзіңізге деген сенімділік жетіп жатыр. Сіздің достарыңыз көп, болашаққа сеніп, басқаларға мейіріммен қарайсыз. Психологиялық тұрғыдан сіз өте жассыз. Болашақта да осылай қала берсін.
50 – 75 ұпай арасында
Өмір жолында сіз ерте есейіп, балалық шақтың кейбір қызықтарын жіберіп қойған сияқтысыз. Өмірлік қиындықтар мен уайымдаулар, күнделікті қажеттіліктер сізді қарапайым дүниелерден қуанту қасиетінен арылтады. Алайда ол бойыңызға салмақтылық пен жауапкершілік береді. Сіз психологиялық тұрғыдан қарағанда жас емессіз, алайда сізді «кәрі» деуге де болмайды. Сізге кішкене сергектік пен өмірге деген оң көзқарас жетіспейді.
50 ұпайдан кем
Сізді өмірде көпті көрген, жасына қарамай ерте есейген адам деп айтуға болады. Сіз көп нәрсеге шын баға бере аласыз, бірақ осы себепті де көп қызығушылықтарыңыз артта қалды. Мұндай психологиялық жағдай үлкен кісілерге тән. Егер сіздің нақты жасыңыз әлі ондай болмаса, алдағы өмірді қызықсыз өткізбей, оны өмірге толтыруға тырысыңыз.
Есте болсын, жасыңыз қанша екені емес, өзіңізді қанша жасқа сезінетіндігіңіз маңызды.
0 дауыс
Қолтаңбаға қарап мінезді анықтау

1. Қолтаңбаның үлкендігі

А) кең құлаштылық – ауқымды мәселелерді ғана ойлап, оларды талдағанды жақсы көреді;

Ә) шағын – деректі ұғымдардың аясында ғана ойлайды.

2. Қолтаңбасының ұзақтығы

А) барынша созылыңқы – мәселелерді тереңінен ойлайды. Жақын немесе бейтаныс адамдардың ісіне рұқсатсыз араласқанды жақсы көреді;

Ә) қысқа – мәселенің төркінін бірден анықтайды. Бір іспен ұзақ айналысқанды ұната бермейді.

3. Қолтаңбасының түрі

А) дөңгелек – жұмсақ, мінезі жібектей, аса мейірімді, салмақты;

Ә) әріптерінің бұрыштары үшкір – шыдамсыздық, қатаңдық, тәуелсіздік, қыңырлық.

4. Әріптерінің ара-қашықтығы

А) әріптер бір-бірінен алыс орналасса, ысырапшыл, бірақ қолда барын өзгеден аямайды;

Ә) әріптері бір-біріне тығыз орналасса – үнемшіл, сараң (әсіресе, әріптер кішкене болса).

5. Қолтаңбаны қоюдағы қосымша элементтер

А) дөңгелек – идеялар мен шешілмеген мәселелердің аясында қалып қою;

Ә) ирек сызықтар – қыңырлық пен байқағыштық;

Б) суреттер – шығармашылық қабілет.

6. Қолтаңбаның қағаз бетінде орналасуы

А) сол жаққа еңкейіңкі – өз-өзін өзгелерге таныта білетін және қоғамдағы пікірлермен келісе бермейтін адам;

Ә) оң жаққа еңкейіңкі – барлығына түсіністікпен қарау, мінездің тұрақтылығы;

Б) әріптер тік орналасса – ұстамдылық, ақыл, қайтпас қайсарлық;

В) Қолтаңбаны әр кез әр түрлі бағытта қоятындар – тұрақсыздық пен зымияндық;

Г) жатыңқы орналасқан әріптер – маңызды психологиялық ауытқуларды білдіреді.

7. Қолтаңбаның бағыты

А) жоғары – оптимизм;

Ә) төмен – пессимизм;

Б) біркелкі – тұрақты мінез.

 

8. Соңғы таңбаның ұзақтығы

А) соңғы таңбаның қысқалығы талғамсыздықты көрсетсе, керісінше ұзарта түсетін адамдар байқампаз, жан-жағын үнемі бақылап жүретін жандар.

9. Қолтаңбаның астын сызу

А) төменгі бөлігін – кекшілдік, өзін-өзі жақсы көру, өзгелердің пікіріне тәуелділік;

Ә) жоғарғы бөлігі – мақтаншақтық, атақ-абыройды сүю.

Б) қолтаңбаның өзін сызу – өз-өзіне көңілі толмаушылық.

10. Симметрия

А) симметриялы – адалдық;

Б) симметрияға мән бермеу – тұрақсыздық,

11. Күрделілігі мен қарапайымдылығы

А) қарапайым – бұл адам «менде қиыншылықтар жоқ» ұстанымымен өмір сүреді;

Ә) күрделі – түймедейді түйедей етуге құмар жандар;

Б) ерекше – шығармашылық белсенділігі зор.

12. Түсініктілігі

Қолтаңбасы түсініктірек болған сайын, ол адамның мінезі ашық жарқын келеді.

13. Қаламды  ұстауы

А) тым қатты ұстап жазатындар – ашуланшақ;

Ә) солғын – құпиялылық;

Б) қатты батырып жазу – өзіне деген сенімділік.

 

 

 

 

 

 

Ұйықтау әдісі және адам психологиясы.

 

Адамның ұйқы кезіндегі жатысына қарап та оның өмірдегі ұстанымы, адамдармен қарым-қатынасы, мінезі туралы білуге болады екен.

Ана құрсағындағы туылмаған сәби сияқты жататындар – айналасында өзіне қорған болатын жандардың көп жүргенін қалайтын адамдар. Басқалармен араласуы ақырындау, адамның жақсы-жаман мінезін бірден ажырата қоймайды. Өте сезімтал, жараланғыш, мейірімді болғанымен, сырт көзге бұл қасиеттерін көрсете бермейтін жандар. Өзіне таныс емес ортада тым қарапайым және ұялшақ.
Қырымен қимылсыз жататын жандар – өмірде барлығынан хабардар болуға ұмтылатын адамдар. Салмақты және айналасына пайдасы тиіп жүретін жандар. Өте жақсы дос бола алады, адамдармен тез араласып кетеді және сенгіш.
Қырындап жатып, қолын алға созып ұйықтайтындар – өте сақ адамдар. Ешкімге сене бермейді, көп нәрсеге күдікпен қарайтын адамдар. Мінездері де тік және эмоцияға аса беріле қоймайды.
Тіп-тік, қатып ұйықтайтындар – өте тұйық және сабырлы жандар. Өз алдына мақсат қоя білетін, сол мақсатқа табандап тұрып жететін қасиет бар. Сыртқы көркіне көп назар аударатын оларға көпшіліктің алды болып жүрген ұнайды.
Қолдарын жайып, шалқасынан ұйықтайтындар – жақсы дос, мұқият тыңдаушы. Олар көпшіліктің көзіне түсуді, ықыласына бөленуді жақсы көрмейді. Өздеріне өте сенімді, оптимист жандар. Істерді алдын ала жоспарлағанды жақсы көрмейді.
Етпетінен жатып ұйықтайтындар – мінезі темірдей мықты әрі қатты адамдар. Өздерінің айтқанындай болғанын қалап, соны орындайды. Кейде тік мінезденіп, қатал болады. Өз ісін сүйіспеншілікпен, ұқыпты атқарады. Адамдармен тез тіл табысқыш. Кейде тым өзімшіл. Сынды ауыр қабылдайды.
0 дауыс
Жаи омирге керек
...