0 дауыс
36.7k көрілді
Шәкәрім ұлы тұлға шығарма керек еді?

5 жауап

0 дауыс
( Шәкәрім – философ,ақын )

Шәкәрім Құдайбердіұлы

( 1858 – 1931 )

Мазмұны

Қазақтың бес арысы
Шәкәрім  Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы
Шәкәрім – қазақ әдебиетінің класигі
Шәкәрім – философ
Шәкәрімнің асыл мұрасы

Қазақ әдебиетінің бес арысы – Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Дұлатов, Ж.Аймаутұлы, М.Жұмабаев білім, жалпы ұлттың руханият саласында ерек еңбек еткен.

Олардың қаламынан туған туындыларда әлеуметтік – қоғамдық жағдайлар, қазақ халқының азаттығы мен теңдігі кең орын алған.

Шәкәрім Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында өмірге келген. Әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі күнкеден туған. Ш.Абайдың немере інісі болғандықтан тәлім, тәрбиені мол алған. Ұлттық дәстүр-өнегесін көріп өскен. Әкесі өмірден өткен соң Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде болады. Абайдың ақыл-кеңесін тыңдап, жас кезінен өз бетінше ізденген. Бірнеше тілді (араб, түрік, парсы, орыс) еркін меңгерген.

Шәкәрім 1905-1906 жылдары хажыға сапар жасап оралады. Бұл сапарды ол көптен ойлап жүрген мақсаттарының бірі – Стамбул кітапханалардағы асыл мұраларды оқуға, тарих тереңіне үңілуге пайдаланған. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан-сала құбылыс-көріністерге, дінге көзқарасында кейбір қайшылықтар, жеке үстірттіктер, түсінбеушіліктер кездескенмен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, өмір қуаныш-рахатынан аулақ болуды уағыздаған тақуа, бәрін жоққа шығаратын нигилист, торығатын спектик, көзқараста идеалист, өмір бағытынта реакционер болған емес. Оның көптеген шығармаларының мазмұны айқындағандай, дүниеге көзқарасында Шәкәрім көбіне рационализмге, денизмге бейім. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындаушылық, оның дәлелі – табиғатың, жаратылыстың келісті жарасымдылығы, жүйелі тынысы мен үнемі қозғалысы: өмірде ақиқат, шындық, білім-ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асады да дүние ісіне құдай араласпайды, адамның болмысты танып білу мен адам өзін-өзі жетілдіру мүмкіншіліктерінде шек жоқ. Қазақтың ағартушы – демократтары  да көбіне осы дүниетанымды, көзқарастарды жақтағаны белгілі. Шәкәрім де солардың ізінде болды.

Шәкәрім-пәлсапалық өлең-поэмаларымен елге танымал болды. Ол өленді өнер деп танып, оған биік талап, талғаммен қараған. «Арман», «Жастарға», «Қазақ айнасы», және т.б өлеңдерінде, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-кебек», «Нартай лақ пен Айсулу» поэмаларында, «Бәйшешек бақшасы», «Өзімшілдік» сынды прозалық туындыларында адамның өмірімен, еңбегі, тағдыры, талап, тілектері терең танылады.

Шәкәрім – қазақ әдебиетінің класигі, ұлы гуманист, кеменгер, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі. Ол Абай дәуірінен бастау алатын ХХ ғасырдың басында кең арнаға түсіп, дамыған демократиялық идеяларды, халықтың азаттығын ту ғып ұстап, ғылым мен техника жетістіктерін игеріп еркін дамуын ансаған қоғамдық қозғалыстың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Шәкәрімнің гуманистік, адамгершілік идеяларын-адал еңбекті, әділеттілікті, мейірімділікті жақтауы, зорлық-зомбылықты, қиянатшылдықты әшкерелеуі прогресшіл, жаңашыл қоғамдық күштердің озат ой-санасының жарқын көрінісі болғаны және халықтың түпкі түбегейлі арман-мүделерін терең түсінуден туғаны анық. Шәкәрімнің дүниетанымы, қоғамдық ой-пікірлері, философиялық, эстетиялық көз қарастары Х1Х ғасырдың екінші жартысында негізінен қалыптасты. ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетпен мәдениет қайраткерлері ішінде Шәкәрім ойшыл, ақын-жазушы ретінде жұртшылыққа кеңінен танылған, Абай заманына өзгелерден бір табан жақын тұрған, екі ғасыр арасын жалғастырушы ірі тұлға болды.

Шәкәрімнің қайталанбас өзіндік ақындық тұлғасын танытатын сипат-қасиеттер лирикасына тән нақыл насихатшылдық, фәлсапашылдық, поэмаларындағы дастаншылдық дәстүр, шығыс ақындарының көркемдік үлгі өрнектерін қызықтауы, орыс әдебиетінің сюжеттеріне бой ұруда, шежірешілдегі-бәрі де өз заманың тілек–талаптарына сәйкес қалыптасқан. Шәкәрімнің ақындық әлемі бай, көп қырлы, тақырыбы, жанрлық түрлері жағынан да сан алуан. Ақынның «Еңлік-кебек», «Қалкаман-Мамыр» сияқты дастандарынан халық өмірін терең білетін, сан ғасырлық халық поэзиясының, сөз өнерінің бай дәстүрлерін, бейнелеу тәсілдерін еркін игергенін айқын аңғарсақ, фәлсапалық лирикасына өте күрделі философиялық ойларды әсерлі жеткізудегі ақындық шеберлігін, жаңашылдығын сезініп тәнті боламыз. Шәкәрімнің өлендеріне шығарған әндерінен, үздік композиторлық дарынынан да анық танылады. Бұл жағынаналғанда Шәкәрім қазақ әдебиетінде ғана емес, дүниежүзі әдебиетінде өте сирек құбылыс дей аламыз.
0 дауыс
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын зерттеу мәселелеріне шолу жасай отырып ақынның адам, қоғам, дінтану мәселесі жүйелі түрде жеке зерттелмегенінің куәсі боламыз. Ақын шығармашылығында Адам – Қоғам – Дін мәселелері ең өзекті тақырыптар. Бұл мәселелер оның поэзиясының дүниетанымдық және идеялық күретамырлары болып табылады. Ақын мақсаты адамды жөңдеу, қоғамды түзету және Жаратушыны тану. Осы құндылықтарды поэзиялық сипаттау, талдау, түсіндіру, уағыздау арқылы ақын қазақ халқына дұрыс өмір сүруді үйретуге ұмтылады. Ақын поэзиясының осындай терең тақырыптық, идеялық маңызы оның бүгінгі күн үшін, қазіргі халық үшін қажеттілігін анықтайды. Сол себепті, Шәкәрім шығармашылығындағы Адам – Қоғам – Жар – Жаратушы, және дінтану мәселелерінің поэзиялық бейленелуін, көркемдік шешім табуын дара зерттеу қазақ әдебиеті үшін кезек күттірмейтін қажеттілік деп білеміз. Қазақ әдебиеттануында Шәкәрім мұрасына байланысты бұл мәселелер жеке зерттелген жоқ. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының поэтикалық ерекшеліктерін ашу үшін оның дүниетанымына бойлау, ақыл-ойын қалыптастырған негіздерді саралау, сол арқылы қазақтың өлең өрнегіндегі өзіндік нақышын, даралық стилін сараптау міндет болып табылады. Сөз зергерінің көркемдік жүйесінің қалыптасуындағы дәстүрдің ролін ұлттық фольклор мен жыраулар поэзиясының, сондай-ақ батыс пен шығыс мәдениетінің әсер ықпалын талдау арқылы оның шығармашылық жолының өсу, көркемдік поэтикасының сапалық белгілерінің қалыптасу бағыттарын сараптау. Ең алдымен қаламгердің Абай шығармаларымен тақырыптық және поэтикалық үндестігін сараптау арқылы ұлы ұстазынан үйрене отырып, өзгеше көркемдік әлем қалыптастырған даралық сипатын анықтау. Екі шығармашылық тұлғаның тақырыптық, мазмұндық, идеялық, ұстанымдық және дүниетанымдық сабақтастығынан туындайтын сөз кестелері мен көркемдік амал-тәсілдерінде, өлең өрнектерінде бедерленетін ерекше қолтаңбаларын айқындау. Адам образын бейнелеуде Шәкәрім поэзиясындағы психологизм сипатын, адамның ішкі жан дүние сапаларын тірілту, жандандыру арқылы ерекше мәнде суреттеу тәсілін қалыптастырғандығы, сол арқылы «адамды түзету» идеясын көздегені, ал жеке адамның ішкі сапасының артуы бүкіл қоғамның болмысын айқындайтындығын шығармалары арқылы баян еткендігі талданады. Мәңгілік тақырып махаббатты жырлаудағы ой-сезімнің поэтикалық бітімі мен терең сезімі, психологизм мен трагизмнің өзгешелігін сопылық поэзия сарындарын шебер пайдалана білген қаламгерлік ерекшеліктерін саралау арқылы белгілі тақырыпты толғаудағы өзіндік өрнегін айшықтау. Ақын қозғаған махаббат мәселесінің мәні жеке адамдар арасындағы сезім сипатынан асып, адам мен жаратылыс арасындағы үйлесім табиғатымен бірлікте алынуы арқылы өмірдің түпкі мән-маңызын ұқтыруға бағытталатынын айқындау. Шәкәрім поэзиясындағы қоғам мен әлеуметтің өзекті тақырыптарын саралау арқылы оның поэтикасындағы сыншылдық пен реализм белгілерінің көрінісін тауып, өлең өнерін қоғамды оң бағытқа бұру жолындағы аса маңызды құрал ретінде пайдаланғандығын тұжырымдау. Шәкәрім қалыптастырған осы үрдістің қазақ қоғамындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі маңызын сараптау. Ақынның көркемдік жүйесіндегі елеулі ерекшелік: оның өлең жүйесіне Жар, Жаратушы ұғымдарын енгізіп, жаратылыс сырын жырға қосуымен сол арқылы ғаламдық дәрежеде ой айта білгендігін дәйектеу. Ақын түсінігіндегі рухани бастау Алладан, жаратушыдан негіз алады, Алланы сүйген, жаратушысын танып шын жүрекпен сезінген адам жаңа сапаға жетуге ұмтылады, сол арқылы адам да, қоғам да түзеледі дейтін ой толғамдары қазақ поэзиясының мазмұндық та тақырыптық та көркемдік кестесінде де жаңа бір түзіліс тудырды. Зерттеуде осы мәселені анықтауға назар аударылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеудің қол жеткізген ғылыми жаңалығын былайша сипаттауға болады: Ең алдымен Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиялық шығармаларының поэтикасы кешенді түрде алғаш рет қарастырылады. Ақынның поэзиялық мұрасы оның дүниетанымымен сабақтас алынып, адами тұрғыдағы өсіп-жетілу жолының өлең өрнегіндегі іздері алғаш сараланады. Шәкәрімнің өзіне дейінгі рухани қайнардан үйрену әдісінің ерекшелігі ашылып, олардың ақын болмысындағы көріністері поэзия мысалдары негізінде дәлелденеді. Мысалы, халық ауыз әдебиетінің үлгілері, шығыс пен батыс әдебиетінің ықпалы. Абай мен Шәкәрімнің рухани үндестігі алғаш рет терең әрі жан-жақты сарапталып, ортақ белгілерімен ерекшелік, даралық сипаттары: «түзу адам» қалыптастыру, адамды түзеу, махаббатты жырлау, табиғатпен, жаратылыспен үйлесім, гуманизм мен сыншылдық т.б. мәселелер деңгейінде айқындалады. Ақынның шағын көлемді лирикалық өлеңдері мен кең құлашты эпикалық туындыларындағы тақырып жалғастығы, көркемдік амал- тәсілдердің күрделену жолдары алғаш рет жүйелі түрде зерделенеді. Шәкәрімнің «түзу адам» қалыптастырудағы психологиялық ішкі сапаны дамытудың мән-маңызын жоғары қойғандығы өлеңдеріндегі көркем жүйе арқылы дәлелденеді. Ақыл, жүрек, сезім сипаттарын жеріне жеткізе әсірелей суреттеу арқылы әрқайсысының жеке-жеке және тұтас қызметінің адам өміріндегі маңызын ұқтырудағы поэзиясының көркемдік қуаты алғаш рет сарапталады. Ақындық табиғатындағы бөлекше болмысының айқын белгісі ретінде адам мен тылсымның арақатынасына бойлау, сол арқылы адамзаттың көнеден бүгінге дейінгі мәңгілік тақырыптары: өмір мен өлім, жан мен тән мәселелерін қозғау екендігі анықталады. Осы мақсаттағы «Жар», «Жаратушы» ұғымдарының мәнін ашып көрсететін өлеңдері көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет зерттеу назарына алынады. Осы мәселенің ықпал әсерінен махаббат ұғымының да аясы кеңіп, ол адамзатты, жалпы өмірді сүю ұғымына ұласатындығы дәйектеледі. Ойшыл ақынның күрделі мәселелерді қалың жұртшылыққа ұғынықты, жатық тілде ұқтыра білудегі көркемдік амал тәсілдерді (диолог, монолог, автор сөзі, кейіпкер сөзі, баяндау, т.б.) шебер қолданудағы өрнегі айқындалады. Ақынның тың поэтикалық ізденістерінен туған «жүрек көзі», «көңіл көзі», «ішкі көз», «ақ жүрек», «таза жүрек», «кіршіксіз ақыл», «шын ақыл» секілді эпитеттік қолданыстардың мәні ашылып, олардың қазақ әдебиетінің көркемдік келбетін көркейтудегі рөлі анықталады. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: – Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық поэтикасы өзіндік ерекшелігі бар күрделі көркем жүйе. Ақын туындыларының көркемдік келбетін құрайтын компоненттер оның күрделі дүниетанымымен ғаламдық сипаттағы ой-танымымен тамырлас. Өйткені ұлттық құндылықтарды ғана емес, адамзаттық ақыл-ой жетістіктерін еркін игерген ғұлама ойшыл қазақ өлеңінің көркемдік деңгейін де биікке көтере білген.

Дереккөзі: http://www.******.com/kz/shygarma/2097-shakarim.html?Like
© www.******.com
0 дауыс
шәкәрім лирикасындағы адамгершілік мәселелері шығарма жоспарымен тауып бериниздерші
0 дауыс
Ғылымды іздеп, дүниені көздеп.... Шығарма керек еді
0 дауыс
Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақтың мақтанышы сонымен қатар бетке ұстар талантты ақындардың бірі. Ол ақын, жазушы, философ, тарихшы сонымен қатар композиторлық қасиеті де бар дарынды тұлға. Ол Абай Құнанбайұлының немере інісі. Шәкәрім жеті жасында әкесімен жетім қалып осы Абай ағасының тәрбиесінде болады. Шәкәрімнің талантты ақын болып өсуіне Абайдың ықпалы өте зор.

  Шәкәрім Құдайбердіұлы араб, парсы,орыс тілдерін жетік білді. Сонымен қатар орыс және батыс әдебиетінің тамаша туындыларын қазақ оқырмандарына таныстырды. Ол Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өзін Толстойдың шәкіртімін деп санады.

Шәкәрімнің "Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек" сияқты дастандары, "Әділ-Мәрия" романы және басқа да прозалық туындылары халық көңілінен шыға білді. Сонымен қатар Шәкәрімнің бірнеше өлеңдері орыс тілінде басылып шықты.

  Ақын әрдайым халқымен бірге болды, халқына қол үзген жоқ. Оның "Ей, көп халық, көп халық", "Өкінішті өмір", "Қазақ", "Насихат", "Қош, жұртым" тәрізді өлеңдері халықтың тағдырынан сыр шертеді. Ақын болашақта халқының тәуелсіз өмір суретінің үлкен үмітпен қарады. Ол халықтың бойынан мақтаншақтық пен күншілдік сияқты жаман әдетті көргісі келмеді және ол қасиеттердің жойылуын қалады. Өкінішке орай бұл қасиеттер әлі де болса жойылған емес. Ендігі жерде, біз болашақ ұрпақ осы ақын жазушылардың, ата-бабадарымыздың үмітін ақтап, жақсы өмір сүруге тиіспіз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
...