+1 дауыс
171k көрілді
Ғаламшарлар, жұлдыздар,галлактикалар туралы қандай қызықты мәліметтер білесіздер?

13 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Галактика деп бәріне ортақ бір центрден айналатын сансыз мол жұлдыздардың алапат үлкен жүйесін айтады.  Аспандағы жай көзбен көрінетін самсаған 6000 жұлдыз Біздің Галактика деп аталатын бір ғана галактикаға жатады. Кейде «Сүт Жолы» деп те атайтын Біздің галактикада жай көзге көрінбейтін 200 миллиардтай жұлдыз бар. Оған аспан күмбезін белдеулеп жатқан, шашырап төгілген сүтке ұқсас, ақшыл жолақ та кіреді. Бұл жолақты Сүт жолы, ал қазақтар Құс жолы деп атайды.

Күн – Жерден орташа алғанда 150 млн. км  қашықтықта орналасқан.

Ол осы Галактиканың кішігірім жұлдызы.

Жарық Жер бетіне секундна 300000 км жылдамдықпен 8 минутта жетеді.

Жарық бір жылда 9 460 528 405 000км жол жүреді. – осы қашықтық астрономияда бір жарық жылы деп аталады.

Біздің Галактиканың бір шетінен қарсы шетіне жарық 100 мың жылда жетеді.  Әлемнің кеңдігі сондай,  Біздің Галактикамен шамалас миллиардтаған галактикалар бар. Ал біздің галактикаға жақын көршілес екі галактика бар. Олардың бірін- Үлкен Магеллан Бұлты, екіншісін Кіші Магеллан Бұлты деп атайды. Біріншісінен жарық бізге 169 000 жылда, екіншісінен 180 000 жылда жетеді.

Өткен ғасырдың 20-жылдары Э. Хаббл  галактикаларды пішіні бойынша үш топқа бөлген болатын:

1.  Жұлдыздарды спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар;

2.  Эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар;

3.  Белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар.

Біздің Галактика  спиральдық галактикалар қатарына жатады.

Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Бұдан 15 миллиард жыл бұрын Әлем болмаған. Қазіргі ғаламат әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған. Әлемнің бастауында тұрған жарылысты астрономияда «Үлкен Жарылыс» деп атайды.

Расында да, қазіргі жан-жаққа бытырай алшақтап бара жатқан галактикаларды кері қарай қайыра жинақтайтын болсақ , олардың 15 миллиард жылдан кейін бір нүктеде түйісетіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Міне, сондықтан әлемнің негізгі құрылымы – Галактикалардың жасы 12-15 миллиард жыл аралығын құрайды. Галактикалардағы жұлдыздардың жасы да бірдей емес. Олардың центріне жақын орналасқан жұлдыздар кәрі, ал шеткері орналасқан жұлдыздар жас жұлдыздар болып табылады.

Біздің Галактиканың жасы 12 миллиард жылдай. Күн оның спираль бұтағының шеткергі аймағында орналасқан. Күннің пайда болғанына 5 миллиардтай жыл болды. Оның құрамындағы элементтердің ядролық отындарының қоры тағы да 5-10 миллиард жылға жетеді.

Галактикадағы барлық жұлдыздар оның ядросын (центрін) айнала қозғалады. Күн Галактика центрінен 25000 жарық жылындай қашықтықта орналасқан. Ол Галактика центрін секундына 250 километр жылдамдықпен 480 миллион жылда бір рет айналып шығады. Бұл уақыт аралығын бір галактикалық жыл дейміз.

Көптеген жұлдыздарды төңіректеп олардың планеталары айналып жүреді. Күнді айналатын планеталар мен денелер толығырақ зерттелген. Олардың қатарын Күнге жақындарынан бастап санағанда мына сегіз планета құрайды:  1.Меркурий (Кіші Шолпан);

2. Шолпан;

3 Жер;

4.Марс (Қызыл жұлдыз);

5.  Юпитер (Есекқырған);

6. Сатурн;

7. Уран;

8.  Нептун.  Күнді Нептуннан кейін айналатын 9 – планета саналатын – Плутонды кіші планеталар (астероидтар) қатарына қосайық деген келісім астрономдар арасында 2004 жылы қабылданды. Сонымен қатар Күнді төңіректеп, негізінен Марс пен Юпитердің арасында мыңдаған астероидтар («кіші планеталар») қозғалады. Олардың ең үлкені – Церераның диаметрі 1003 км. Астероидтардан кіші Күн төңірегіндегі кезбелерді кометалар (қазақша «құйрақты жұлдыздар»), ал олардан да кішісін метеориттер деп атайды. Кометалар Күнге жақындағанда оның қатқан тоңы мен мұзы еріп, буланады да, шұбатылған түтік  тектес із қалдырады. Күн жалынының шарпуынан туған «күн желі» кометаның шұбатылған «құйрығын» үнемі Күнге қарсы жаққа үргілеп, бұрып отырады.
0 дауыс

1. Егер Сатурн ғаламшарын өте үлкен бір суға салса, ол жүзіп жүрер еді. Себебі, оның тығыздығы судың тығыздығынан аз.
2. Нейтронды жұлдыз материалынан жасалған шәй қасықтың салмағы жер бетінде 112 миллион тоннаны құрайды екен.
3. Егер сіз жарықтың жылдамдығымен ұша алсаңыз (секундына 300 000 шақырым), онда біздің галактиканы айналып шығу үшін сізге 100 000 жыл қажет болар еді.
4. Орион шоқжұлдызының сол жағында орналасқан Бетельгейзе атты жарық жұлдызды Күннің орнына қойса, ол Жерді, Марсты және Юпитерді жұтып кетер еді. Оның диаметрі Күннен 1000 есе үлкен. Ғалымдардың болжамынша, ол 2-3 мың жылдан кейін жарылуы тиіс. Екі айға созылатын қуатты жарылыс кезінде Бетельгейзенің жарықтығы Күндікінен 1 050 есе асып түсіп, Жер бетінен оны ешбір құралсыз-ақ көруге болады екен.
5. Сіз Андромеда галактикасына көз салғанда (бізден ара-қашықтығы – 2,3 миллион жарық жылына тең), оның бізге 2,3 миллион жыл бойы жүріп келген жарығын көресіз. Яғни, сіздің көріп тұрғаныңыз, ол галактиканың 2,3 миллион жыл бұрынғы көрінісі.
6. Жарық Күннен бізге дейін 8 минут жүріп келеді, яғни біздің дәл қазір көріп тұрған Күніміз – осыдан 8 минут бұрынғы Күн. Егер ол 4 минут бұрын жарылып кеткен болса, біз оны білмес едік.
7. Юпитердің салмағы Күн жүйесіндегі барлық ғаламшарлардың салмағын қосқандағыдан көп.
8. Егер Күнді бір нүктенің көлеміндей етіп кішірейтсе, ең жақын жердегі жұлдыз одан 16 шақырым қашықтықта болар еді.
9. Жердің тартылыс күші адамның омыртқасын басып, сығып тұрады, сондықтан ғарышқа ұшқан ғарышкердің бойы шамамен 5,08 см-ге ұзарады.
10. Экваторда сіздің салмағыңыз полюстерге қарағанда 3 пайызға ауыр болады.
11. Жер орбитасында ғарыш саласының дамуына байланысты түрлі қалдық темірлер ұшып жүрген көрінеді. Мамандардың есептеуінше, салмағы бірнеше граммнан 15 тоннаға дейінгі 370 000-нан астам заттар сағатына 9,8 мың шақырым жылдамдықпен Жерді айналып ұшуда. Сонымен бірге, олар кейде бір-бірімен соқтығысып, кішкене бөлшектерге шашырап кетіп жатыр.
12. Күннің салмағы бүкіл Күн жүйесі денелерінің салмағының 99,86 пайызын құрайды. Қалған 0,14 пайызы ғаламшарлар мен астероидтарға тиесілі.
13. Ғарыш кеңістігінде жаңа жұлдыздың жарылуы (тұтануы) кезінде ол өте ғаламат көлемде энергия бөледі екен. Оның алғашқы 10 секунд ішінде бөлген энергиясы Күннің 10 миллиард жыл ішінде бөлген энергиясынан көп болады.
14. Шолпан – Күнді сағат жүрісіне қарама-қарсы бағытта айналатын жалғыз ғаламшар. Бұған бірнеше жорамал бар. Соның бірі, ғалымдардың пікірінше, бұрын Шолпанның бетіне ірі астероидтар соқтығысып, оны кейін қарай айналдырып жіберген.
15. 1957 жылдан бері («Спутник-1» жасанды жер серігі ұшырылғаннан кейін) адамзат баласы жер орбитасына қаншама жасанды жер серіктерін ұшырды. Тек соның біреуі ғана Титаниктің тағдырын қайталады. 1993 жылы Еуропа Ғарыш Агенттігіне тесілі «Олимп» жер серігі астероидпен соқтығысып, жойылды.
16. Жоғарыда айтылған Андромеда галактикасы – бізге ең жақын галактика. Осы екі галактика бір-біріне қарсы өте қатты жылдамдықпен жылжып келеді екен. Андромеданың жылдамдығы – секундына 300 шақырым, біздің Құс жолы галактикамыздың жылдамдығы – секундына 552 шақырым. Ғалымдардың пікірінше, екі галактика 2,5-3 миллиард жылдан кейін бір-бірімен соқтығысуы мүмкін.
17. Адам баласы ашық ғарыш кеңістігінде скафандрсыз 90 секунд қана шыдай алады, егер тек өкпесіндегі барлық ауаны шығарса ғана. Ал егер өкпеде кішкене ғана ауа қалса, ол бірден көпіршіп үлкейе бастайды екен. Егер ол қанға өтіп кетсе, адам бірден өледі. Ал адам ғарыш кеңістігіне шыққанда, өкпесі ауаға толы болса, онда өкпесін жарып жібереді.
18. Жердің салмағы тұрақты емес. Ғалымдардың анықтауынша, жыл сайын Жер өзіне 40 160 тонна салмақ қосып, 96 600 тоннасынан айырылады. Яғни, сонда Жер жылына шамамен 56,5 тоннаға жеңілдеп келеді.

0 дауыс
бизге ен жакын галактикалар - Улкен Магеллан булты,киши Магеллан булты
0 дауыс
Жұлдыз жайлы 12 мәлімет Көлемі үлкен жұлдыздардың өмір сүру ұзақтығы қысқа.
Ең ыстық жұлдыз – Тапанша жұлдызы (Пистолетная звезда). Ол Күннен 10 миллиард есе жарық. Олар сутегі (шамамен 3/4) және гелийдан тұрады (шамамен 1/4). Жасы ұзарған сайын гелий көбейіп, сутегі азаяды.

Ең көп көп таралғаны – қызыл карликтер. Олар шамамен 10 триллион жыл өмір сүреді.
Ғарыштың ең үлкен жұлдызы – Күннен 1800 есе үлкен.
Жұлдыздар бізден өте үлкен қашықтықта орналасқан.
Жерге ең жақыны – Проксима Центавра деп аталады.

 Заманауи ұшақ кемесімен оған 70000 жылда ғана жетуге болады.
Қызыл жұлдыздар – ең суық, ал көктері – ыстық.
Нейтрон жұлдызының тығыздығы атом ядросының тығыздығымен бірдей. Біздің Галактикадағы жұлдыздардың саны 100 миллиардтан асады. Бірақ, бізден басқа жүздеген миллиард Галактика бар. Сондықтан, олардың жалпы санын тіпті шамамен айту, өте қиын. Жыл сайын біздің

Галактикада 50 жаңа жұлдыз дүниеге келеді.
Киль – ең ауыр жұлдыз болып саналады, оның массасы 150 Күнмен бірдей.
Өмірінің аяғында жұлдыздар – ақ карликтерге айналады.
0 дауыс
Неге ғарышкерлер басқа галактикаға бармады?؟
0 дауыс
Күн мен Ай аңызда егіз туған ғажайып қыздар екен. Әсіресе , Ай сұлуырақ болғандықтан , Күн қызғанып , оның бетін тырнап алса керек . Ай күннен шалғайда жүргенде , Күнді ерегестіріп , толық Ай түрінде анық көрінсе , Күнге жақындағанда , тағы тырнап алама деп бетін жасырады екен .
0 дауыс
Ертеде ай мен кун дос бопты.
0 дауыс
Көк жерге құлап кетіп ,жер жүзінде аласапыран орнамас үшін Тәңір олардың арасына темір қазық қойды.Тәңір Темір қазыққа жұлдыздарды байлап қойды
0 дауыс
Галактикалар — ғаламды құрайтын, өлшемдері өте үлкен жұлдыздар жүйелері. Ғаламның бізге байқалатын бөлігіндегі галактикалар жиынтығын кейде метагалактика деп атайды. Басқа галактикалардан өзгешелініп, біздің Галактика бас әріппен жазылады. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда сфералық, эллипстік, спираль және бұрыс пішінді галактикалар ажыратылады. Біздің Галактика спираль түріне жатады, құрамына 1011 астам жұлдыздар кіреді, үлкен диаметрі 80 мың жарық жылындай, ал орталығындағы максимал қалыңдығы 16 мың жарық жылына тең, шетіне қарай 3—6 мың жарық жылына дейін азаяды. Галактикалар кеңістікте әркелкі бөлініп, топтар мен шоғырлар құрайды. Біздің Галактика басқа 15 галактикамен бірге галактикалардың жергілікті тобы деп аталатынды құрайды. Бізге ең жақын орналасқан деген галактикалар Магеллан бұлттары мен Андромеда тұмандығы.[1]
0 дауыс
Жұлдызды Аспан – аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы. Түнде жай көзбен аспан сферасының жартысынан, ауа райы жақсы жағдайда, бір мезгілде 2,5 мыңдай жұлдызды (6-жұлдыздық шамаға дейін) көруге болады. Олардың көбісі Құс жолы жолағының маңына орналасқан (кестені қ.).
0 дауыс

Адам жерде шамамен осыдан2-3млн жыд бұрын пайда болды.

0 дауыс
Осы арнадан астрономия жайлы ақпараттарды біле аласыздар. Қазақша контентті тіркеліп, барынша қолдап жіберсеңіздер ☺️
0 дауыс
Галактика барлық жерде бар деп ойлаймын.

Ұқсас сұрақтар

...