0 дауыс
91.1k көрілді
Олжас Сүлейменов туралы айта кетсеңіз, және оның Аз и Я кітабының негізгі жазылу мақсаты, ойы неде? Бұл кітабының репрессияға ұшырауына сіздің көзқарасыңыз қандай? Осы тақырыпты ғылыми жобада қорғап жатырмын материалдар болса жіберуіңізді өтінемін.

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Егер ғылыми жоба болса, бастысы ол китапта "Игорь жасағы" туралы баяндалады. Автор бурын омир сүрип кеткен Киев Русьінің гүлденип жетилуине, қыпшақтар комек тескен дегенде бар. Олжас Сүлейменов мына бир жазғаны үшин китапты репрессияға ұшыратады. "егер қыпшақтар болмаганда, Казирги орыстардың болып болмауы еки талай. Яғни орыс халқы, украиндер болмауы мумкин еди." деп жазганы үшин. Осы мағлұмат сиздин такрыбынызға тигизетин пайдасы.
Ол кітап екі бөлімнен тұрады, бірінші тарауында жағарыда айтылғандар болса, Екінші тарауында ежелгі Шуммерлердің түркі халықтарымен байланысы, сал-дәстүріндегі ұқсастықтар баяндалады (bаskаs ренжімеңіз, жай толықтырып жатырғаным ғой)

Б.з.б. өмір сүрген Шуммерлерді түркі халықтарымен баланыста болған, яғни түркілер сол замманнан бастап өмір сүрген деген тұжырым жасайды
+1 дауыс
Өткенге сәл шегініс жасайық. 1975 жылы «Жазушы» баспасынан өте сирек кездесетін және ерекше «Аз и Я» деген атпен О.Сүлейменовтің кітабы жарық көрді. Онда автор көне славян және түркі ескерткіштерін зерттеген еді. Бірақ, еңбегінде ол ғылыми баға алуға ұмтылған жоқ. Керісінше, бұл кітаптың ой тағылымынан туындаған, жалпы тілтану ғылымынан алшақ ақ ниетті оқырмандарға арналғанын сан ОС ескерткен болатын. Әйтсе де автор шыққан кітабының өзі түгіл таратылып үлгермей жатып, есімдері әлемге белгілі мәскеулік ғалымдар мен сыншылдардың орынсыз шабуылына душар болды. Олар кітапты «антирусский» деп жариялап үлгерді. «Москва», «Жас гвардия», «Тарих мәселесі», тағы басқа Ресей журналдары бұл кітапты ұлтшылдық қатарына жатқызды. Кейбіреулері мұнда бұрынғы «пантюркизм» идеясы бар дегенді шығарды. Патриот – ұлтшылдардың СОКП ОК-не аталмыш кітапты «дүкен сөрелерінен, кітапханалардан дереу алып тасталсын, жойылсын» деген ұсыныс хаттар жаңбырдай жауды. Осылайша жазықсыз кітап Орталық қаһарына ілікті. 1976 жылы 13 ақпанда кітапты КОКП Орталық комитетінің үш бөлімі: ғылым, мәдениет, үгіт және насихат талқыға салды. Оған орыстың мықты деген тілтану ғалымдары қатысты. Талқылау біржақты, айыптау бағытында өтті. Белгілі академиктер Д.С.Лихачев, Б.А.Рыбаков және басқалары кітапты былай қойып, автордың жеке басына тиісті. Мысалы, И.М.Дьяконов: «Олжас Сүлейменов вторгаяется в неведомую ему область, а это выглядит примерно так, как если бы человек, знакомый лишь с правилами арифметики, решил бы опровергнуть концепции ядреной физики» немесе «не ОС а шумерского языка и слабый в тюркском языкознании, берется за сравнительно- историческую этимологию…», - деп ақынның намысына тиді.
Академик Д.С.Лихачев те атақты әріптестерінен қалыспай: «О.Сүлейменов имеет крайне неточные представления о древнерусских летописях», - деп жиынға қатысқандарын мәлімдеді.
Расын айтқанда, академик-словистердің негізгі ренжулері бұл емес еді. Олардың қынжылу себебі ақынның көне славян жазбасы «Игорь жасағы туралы жыр» туралы айтқан кейбір пікірлері. Олар О.Сүлейменовтың өзіне тән сөйлеу үлгісімен, «умноватой науке» деп кекесін айтқан өзіне, яғни: «Что-то темное и довольно дремучее, с чем надо бороться светлым мячом поэзии, разрушить это цудовище и извлечь таким путем истину», кешіре алмады. Сондай-ақ О.Сүлейменов «Жырға» талдау жасап, кейбір «көлеңкелі тұстарына» жеке пікір білдіргені оларға тағы ұнамады. Ал оның түпнұсқасына күмән келтіргені ғалымдарды одан сайын түршіктірді.
Әсіресе, ғылым корефейлерін ақынның «казенный патриотизм» деп көне ескерткіштің қорғаушыларына кінә таққаны зығырын әбден қайнатты.
Шындығында, «егер математика мен физика осындай «патриоттық» қысымның шылауына түскен болса, адамзат әлі күнге қос доңғалақты арбадан түспеген болар еді» деп айтқан ақынның сөзіне қалай қосылмайсың?!
О.Сүлейменовтың «Жыр» жартылай түрік тілімен жазылған» деген тұжырымдамасын оқығаны құрметті академиктер тіпті қатты сасқан екен. Сөз сөйлегенде олар осы жағдайға айрықша көңіл бөлген.
Мәжілістің соңына қарай Қазақстан атынан академик А.Н.Нүсіпбеков сөз алған. Ол «Аз и Я» кітабының республикалық ғылыми ортамен талқыланбағанын және Қазақ ССР Ғылым академиясымен келісілмей жарияланғандығын алға тартып, «в книге явно преоценивается роль тюрков в истории, роль семитов в истории мировой цивилизации», - деп кітапқа баға берген. Соңынан сөз О.Сүлейменовке тиген. Ол мінбеге шығып сөйлегендерге өзінің ризашылығын білдіріп, олардың пікірі түсінікті және оған пайдалы болғанын айтып, өзінің ғалым емес екенін ескерткен. Сондықтан «Аз и я» кітабынан ғылыми еңбек деп қараудың қажеті жоқ деп бас айтқан.
Сол кездері халық арасында «серый кардинал» аталған еліміздің бас идеологі М.А.Суслов СОКП ОК бөлімдері арқылы «Аз и Я» кітабын теріс жағынан көрсетуге тырысқан мағлұматтар жинастырған. СОКП ОК Бас хатшысы Л.И.Брежневтің баяндамалары мен сөздерін дайындайтын штаттағы жазғыштар осыған байланысты тапсырма да алып үлгерген. Партияның кезекті съезінде мемлекет басшысы тарапынан О.Сүлейменовке қатал сын айту қажеттілігі қарастырылған. Шынымен оны қатал жаза күтіп тұрған еді. Тек ғана осы емес, республиканың өзге басшыларына да айтарлық қауіп төнген. Қазақстан компартиясы ұйымына да идеологиялық мәні бар талқандау қаупі болды. Бір сөзбен айтқанда, «Аз и Я» кітабына қарсы ашық күрес басталды. Бұл жөнінде кейін Д.А.Қонаев өзінің мемуралдық кітабында ашық та айқын жазды. Кезекті бір Мәскеуге барған кезде Д.А.Қонаев баспа мәселесімен М.А.Сусловқа кіріпті. СОКП ОК бюро мүшесін әдеттегідей емес, ол салқын қабылдап, былай депті: «У вас в республике вышла книга О.Сулейменова с явной антирусской и националистическо направленностью. В книге мскажены исторические факты, автор глумится над великим памятником «Слово о полку Игорове». Разберитесь с книгой, автором и как следует накажите виновных! Чтобы неподавно было».
Д.А.Қонаев «Өтті дәурен осылай» атты кітабында: «Ол кезде қаһарлы Суслов пен КГБ-ға қарсы тұру өте қиын еді», - деп жазды.
Сөйтіп, жай ғана талдаудың орнына кітап авторы мен республика басшыларына осындай қысым жасалды. Сол кезде Д.А.Қонаев пен Л.И.Брежневтің арақатынасы жақсы болмағанда соңы немен тынары белгісіз еді. М.А.Сусловпен екі арадағы жағымсыз әңгімелерден кейін Д.А.Қонев Л.И.Брежневтен «Аз и Я» кітабын оқып шығуды өтінеді. Келесі бір кездесуінде Д.Қонаев бұл кітап жөнінде оның пікірін сұрады. Ол: «Никакого национализма тут нет!» - деп жауап берген.
Дегенмен Л.И.Брежновтің айтуымен Қазақстан КП ОК бюросының мәжілісінде «Аз и Я» кітабын қайта талқылау жөнінде шешім қабылдайды. Бұған дейін О.Сүлейменов бюро мүшелеріне өзінің ашық хатын үлестірген болатын. Онда мынадай көңіл жібітетін жолдар бар: «Өткен өмірімде менің ұялатын сәттерім де болды, әрине. Алайда партиялық жолдастарыма осы хат арқылы мынаны арыз қылып айтса деймін, адам және азамат тұрпатымда ар-намысымның таза екендігін мақтаныш санаймын; қандай да қиямет басыма түссе де, ожданым мен қолға алған ісіммен қайтып берген антымды сатып көрмеген пендемін; адам баласына берген сөзімде тұрдым, екі етіп көрмедім. Бөгде, бейкүнә адамның мен үшін жапа шеккеніне мен де шексіз қиналамын, ондай жандар үшін жаным садақа».
Орталық Комитеттің бюросы «Аз и Я» кітабын басып шығарған Геннадий Толмачевқа партияның есеп кітапшасына қатаң сөгіс жариялап жазып, ал Олжас Сүлейменовке ескерту жасады. Мәжіліс соңында Д.А.Қонаев ақынның жаңа өлеңдер мен поэмалар жазуына тілектестік білдірді.
Міне, бір кездері Шығыс халықтарының рухын көтерген «Аз и я» кітабын қазір бүкіл ғылым әлемі мойындап, кейбір көне тарихи сөздеріне берген түсініктемелерін ғылыми айналымға енгізді. Олжас және оның шығармалары туралы да диссертациялар қорғалды. Солай бола тұра облысымыздағы кейбір жоғары оқу орындарының орыс әдебиетінен дәріс беретін оқытушылары шалағайлық танытып, «Игорь полкі туралы жырды» сол бәз-баяғы қалпында оқытып, студенттердің «миын қатырып» жүргенін құлағымыз шалып қалады. Бірақ білімге құштар бүгінгі жастың өзіндік ізденісі «сарғайған лекциялардан» тыс білімін толықтырып жүргені қуантады.
0 дауыс
Сонда,  кітәптің аты АЗ и Я, нені меңзейді  ?
...