Назарбаев мектебінде жас мамандар ғана жұмыс істеуі керек пе?

0 дауыс
642 қаралым
Сәлеметсіздер ме! Мен Қостанай қаласының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімімін 16 маусым 2014 жылы Қостанай қаласының НЗМ емтихан тарсырып резервке өткенмін, алайда мені жұмысқа қабылдамады, НЗМ директорымен бетпе бет сөйлескен едім, ол кісі : "Сіз емтихан тапсырмадыңыз" дейді, құжаттарыңыз жоғалып қалыпты дейді, кейін өзі компьютерден мені тауып, сізді резервке қоймапты дейді. Менің білейін дегенім НЕ СЕБЕПТІ мені жұмысқа қабылдамады,? мен жоғарғы санаттағы оқытушымын, қалалық, облыстық олимпиадаларда шәкірттерім жүлделі орын алуда, бірнеше әдістемелік нұсқау және электронды оқулық авторларымын, медальмен марапатталғанмын. Сонда бұл мектепке сабақ беруде тәжірибелі ұстаздар керек емес пе? Өкінішті, уақытымды текке өткізіп, емтихан тапсырғаным, ал мектеп директоры сөйлескенде,"Сіз емтиханды өзіңіз үшін тапсырдыңыз" дейді, сонда жас мамандар ғана аталмыш мектепте жұмыс істеуі керек пе? Рахммет, жауаптарыңызды асыға электронды поштаға жіберулеріңізді сұраймын.

p.s. Кері байланыс арқылы келген сұрақ.
Қоғам

1 жауап

0 дауыс
Жоқ ол жерде жасы үлкен мұғалімдер де жұмыс жассайды екен.Ал,сіздің не себепті өтпей қалғаныңызды өздері біледі.
Белгісіз
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы