0 дауыс
8.0k көрілді
Қазақстан тарихында ұжымшарлар және кеңшарлар деген сөз бар, соның мағынасы қандай?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұжымшар, ұжымдық шаруашылық — Кеңес өкіметі тұсында құрылған ұжымдық шаруашылық нысандарының бірі. А. ш-н соц. жолмен қайта құру шеңберінде құрылған бұл шаруашылықтың үш нысаны мәлім, олар: а. ш. коммуналары, жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері (мойынсеріктер) және кеңестік а. ш. құрылымында осы нысандардан бірден-бір құрылымға айналған а. ш. артельдері. Еңбек шығынын есептеу және еңбекақы қорын бөлу үшін пайдаланылатын еңбек күннің, бөлінбейтін қор категориясының, жерді пайдаланудың ерекше жүйесінің (мемл. меншік болып табылатын жерді “мәңгі” пайдалану), өзіндік қосалқы шаруашылықтың болуы, машина-трактор ст-лары жүйесінің (МТС, кейін таратылды) қызмет көрсетуі ұжымдық шаруашылықтың ерекше нысаны ретіндегі Ұжымшарға тән сипат болды. Кеңестік саяси экономияда және агр. экон. ғылымда Ұжымшар өндірістік а. ш. кооперативтері ретінде қарастырылды. Әсіресе, жаппай күштеп ұжымдастыру (1929 — 33) барысында ол мұндай кооператив бола алмады, өйткені негізгі кооперативтік қағидаттар, ең алдымен бірігудің еріктілігі, кооператив мүшесінің өзінің үлеспұлдық жарнасына, сондай-ақ жер үлеспұлы, шаруашылық қызметті өзін-өзі басқару негізінде жүзеге асыру қағидаттары сақталмады. Мал өсірумен айналысатын көшпелі қазақ жерінде “аша тұяқ қалдырмай” күштеп ұжымдастыру қазақ халқына ауыр соққы болып тиді, елді күнкөрісінен айырып, ашаршылыққа ұшыратты, қазақтардың жаппай қырылуына, босып кетуіне апарып соқтырды. Ұжымшарлық сектор шын мәнінде нақты шаруашылыққа тек өнімді сату жөніндегі мемл. тапсырманы ғана емес, егіс алқаптары мен мал саны, т.б. жөнінде де жеткізуді көздеген бір орталықтан жоспарлаудың бірыңғай жүйесіне енгізілді. Табысты бөлудің қалдықтық қағидаты Ұжымшар мүшелерінің неғұрлым өнімді еңбекке мүдделі болуына түбірімен нұқсан келтірді. 20 ғ-дың 60-жылдары Ұжымшардың шаруашылық қызметіне тікелей араласу салдарынан кооперативтік қағидаттар мен кооперативтік өзін-өзі басқаруды басып тастаудың, әкімш. жолмен жоспарлы тапсырмалар берудің келеңсіз нәтижелері барған сайын айқындала түскен кезде, шаруашылықты жүргізудің демокр. қағидаттарын нығайту, ұжымшар мүшелерінің өз еңбегіне материалдық мүдделілігін күшейту жөнінде бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Еңбек күн белгілі бір деңгейде кепілдік берілген ақшалай еңбекақымен ауыстырылды, өнімді еркін өткізу арналары бойынша сатып алу кеңейтілді, жоспардан тыс сатып алуға жоғарылау баға белгіленді. Өндірістің құрылымын айқындауда шаруашылық дербестік кеңейтілді, іс жүзінде шаруашылық есеп нығайтылды, еңбекті ұйымдастырудың жаңа нысандары қолданылды. 1969 ж. Ұжымшардың жаңа жарғысы қабылданды, ол Ұжымшар жүйесіне оны демократияландыру және материалдық ынталандыруды күшейту саласында өзгерістер енгізді. Алайда бұл өзгерістер Ұжымшардың жалған кооперативтік негіздерін өзгерткен жоқ. Сонымен қатар Ұжымшарда қоғамдастыру деңгейінің одан әрі жоғарылауы мақұлданды, ұжымшарлық-кооперативтік меншіктің мемл. меншікке жақындап, кейіннен қосылу бағыты жүргізілді. Ұжымшарды жоспарлы мемл. басқару басым болып қала берді. Оның даму көрсеткіштері, ең алдымен, өндіріс көлемі өскеніне қарамастан, шығыны басым шаруашылық тетігін қолдану жалғаса берді, арзан несие мемлекетке қайтарылмады, қыруар сома есептен шығарылып отырды. Сатып алу бағасының көтерілгеніне қарамастан тиімділік төмен күйінде қала берді, тіпті құлдырау үрдісі де байқалды.1991 ж. КСРО тарағаннан кейін Ұжымшарды қайта құру нәтижесінде олардың көбісі ұжымдық шаруашылықтың басқа нысандарына көшті, соның ішінде өндірістік а. ш. кооперативтеріне ауысты. Бұрынғы мәртебесін Ұжымшарлардың тек шағын бөлігі ғана сақтап қалды, а. ш. кәсіпорындарының бұл тобында да ішкі шаруашылық өндірістік және әлеум. қатынастарда елеулі өзгерістер болды. Қазақстанда нарықтық қатынас жағдайында бұрыннан келе жатқан аз ғана Ұжымшарлар жекешелендіріліп, а. ш. серіктестіктеріне айналдырылған. С. Тоқсанбай
0 дауыс
Ұжымшар, ұжымдық шаруашылық — Кеңес өкіметі тұсында құрылған ұжымдық шаруашылық нысандарының бірі.

Кеңшар- совхоз (кеңес шаруашылығы).
көп рахмет.
Белгісіз
...