0 дауыс
2.4k көрілді
Бәсентиін батыр жайлы не білесіздер? Оның аты  "бес-он тиын" деген сөзден шыққан ба?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бәсентиін Малайсары – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасының Жеті Момын тармағынан таратылады. Ақмайдан, Бекмайдан, Тоқмайдан, Ақтілес, Күшік (ру), Қарабұжыр, Апай, Бөрі, Сырым аталарына бөлінеді. Бәсентиін руынан Малайсары батыр және оның қарындасы Гауhар батыр, Жасыбай батыр, Сырымбет батыр сияқты тұлғалар шыққан. Бәсентиіндер XIX ғасырдың орта кезінде бес болыс ел болған. Ұраны - “Барлыбай”. Таңбасы - ойық, тілік.
–1 дауыс
Меніңше ол одан шықпаған.Қазақ халқындағы Малайсары батырдың руының аты.
+1 дауыс
Малайсары(шамамен 1700 — 1756) — Орта жүздің батырыәрі биі. Арғын ішіндегі бәсентиін руынан шыққан. Әкесі Тоқтауыл— батыр, балуан, анасы Мөлдір— қалмақ қызы, қарындасы Гауһар ( Қабанбай  батырдың әйелі) — ерлігі аңызға айналған қаһарман қыз. Малайсары Абылай ханның сұлтан кезінен сенімді серігі болған. Шоқан  Уәлихановтың жазуына қарағанда, Абылай хан Малайсарының батырлығын, ақылы мен қайратын жоғары бағалаған. Малайсары Ресейдің қоластына кіруге қарсы болған. Қазақ- қалмақ соғысын тоқтатып, екі хандық арасында бейбіт бітім жасау саясатын ұстанды. Ол жоңғарларға қазақтың елшісі болып барған. Қазіргі Павлодар облысы Май ауданындағы Малайсарының туған жеріне, Жоңғар  Алатауының батыс сілеміндегі тауға Малайсары есімі берілген.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
4 жауап
...